Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін болжауға және оны нақты жағдайларда жобалауға мүмкіндік береді.
Біртұтас педагогикалық процестің заңдылықтары - «мұғалім-оқушы» жүйесінің объективті түрде бар, тұрақты, қайталанатын, қажетті және маңызды байланыстары (жүйенің өзінде жеке ішкі жүйелер, құрамдас бөліктер арасындағы және сыртқы жағынан жоғары дәрежелі басқа жүйелермен байланыстар).
Педагогикалық процесс келесі заңдылықтарға бағынады (4-сызба):
- Тұтас педагогикалық процесс білім беру мекемесінің білім беру бағдарламасы қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерімен анықталады. Осы заңдылықтан білім беру ұйымдарындағы педагогикалық процесті ұйымдастыру кезінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қажеттіліктерін толығымен ескеру қажет екендігі шығады. Педагогикалық процесс сол заңдылықпен санаспаса, онда ол өмірден артта қалып, онымен қайшылыққа түседі;
- педагогикалық процестің мақсаттылығы қоғамның мақсаттарын айқындайды. Педагогикалық процесс әрқашан мақсатты процесс. Мақсатты нақты түсінбей нәтижелі педагогикалық іс-әрекет құру мүмкін емес;
- педагогикалық процесс мұғалімдер мен оқушылардың, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттестігімен байланысты екіжақты сипатқа ие;
- «мұғалім-оқушы» жүйесінің жұмысы оны ұйымдастырудың ұжым мен жекелеген оқушылардың жас ерекшеліктеріне және даму деңгейлеріне байланысты. Оқушылардың әр жасының өзіне тән арнайы ерекшеліктері болады, олардың әр қайсысын біле отырып, мұғалім оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, формалары мен әдістерін осы белгілерге толық сәйкес келетіндей етіп таңдайды;
- тұтас педагогикалық процестің құрамдас бөліктері тең емес, олардың бағыныштылығы (иерархиясы) және өзара ықпалы бар. Мақсаттар мен міндеттер педагогикалық процестің барлық кейінгі элементтерін, мұғалімдердің, тәрбиешілер мен оқушылардың іс-әрекетінің мазмұнын, формалары мен әдістерін табиғи түрде анықтайды;
Достарыңызбен бөлісу: |