- педагогикалық процесс ұзақ уақытты үдеріс; - педагогикалық процесс көп факторлы. Түпкілікті нәтижеге қоршаған орта ғана емес, сонымен қатар тұтас педагогикалық процес ішіндегі басқа факторлар да әсер етеді.
Біртұтас педагогикалық процестің барлық заңдары мен заңдылықтарын тәжірибеге жүйелі түрде енгізу ғана оның оңтайлы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
4-сызбаТұтас педагогикалық процестің заңдылықтары
Біртұтас педагогикалық процестің принциптері. Білім беру принциптері педагогикалық процестің мазмұнын, формалары мен әдістерін анықтайтын және оның табыстылығын қамтамасыз ететін тәрбие мен оқытуға қойылатын бастапқы, негізгі талаптар.
Принциптер мұғалім (тәрбиеші) мен оқушының (тәрбиеленушінің) іс-әрекетінің ішкі маңызды аспектілерін көрсетеді және әр түрлі формада, әртүрлі мазмұнда және ұйымдастыруда оқытудың тиімділігін анықтайды. Олар өзінің нақты тарихи түрінде қабылданған оқытудың нормативтік негіздерін білдіреді (М.А. Данилов).
Педагогика оқулықтарындағы ПҮ-тің төмендегідей принциптерін атауға болады:
Педагогикалық процесті ізгілендіру принципін өсіп келе жатқан тұлғаны әлеуметтік қорғау принципі ретінде қарастыруға болады. Ізгілендіру принципін іске асыру ережелері мыналар:
• ақылға қонымды талаптармен ұштастыра отырып, тәрбиеленушінің құқықтарын толық тану және оны құрметтеу;
• тәрбиеленушінің жағымды қасиеттеріне сүйену;
• табыс жағдайын жасау;
• педагогикалық өзара әрекеттесудегі оқушының қауіпсіздігі мен эмоционалдық жайлылығын ескеру.
ПҮ-ті гуманизациялау принципі еркін адамды тәрбиелеуге, оның эмансипациясына, азаттығына бағытталған.
Демократияландыру принципін алғашқыда ерте буржуазиялық педагогикада ұсынылған. Демократияландыру принципін жүзеге асыру ережелері мыналар:
• педагогикалық процестің жеке-бағдарлы сипаты;
• оқушылардың өзіндік ерекшеліктері;
• мұғалімдер мен оқушылардың қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, оларды қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғауға көмектесу;
• оқушылардың өмірлік іс-әрекетін ұйымдастыру процесіне өзін-өзі басқаруды енгізу;
• мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекеттесуінде сыйластық, әдептілік және шыдамдылық (толеранттылық) таныту;
• білім беру ұйымдарында оқушылардың өмірлік іс-әрекетін ұйымдастыруға ата-аналар мен қоғамды кеңінен тарту.