Клиенттер шоттарының көмекші есебі карточка ұстаушылардың шоттары бойынша барлық ақпаратты тіркейді. Аталған шоттар бухгалтерлік есеп талаптарына сәйкес бас бухгалтерлік кітапта және соған сәйкес банк балансында бейнеленетін жеке карточкалық шоттарға топтпастырылады.
Сауда нүктелері өткізетін операцияларға көмекші есебінесауда нүктелерінің барлық жеке шоттардың жалпы сомасы бас бухгалтерлік кітаптағы сауда нүктесінің есеп айырысу шотымен сәйкестенуі тиіс.
Үрдістік орталықта тіркелген ақпаратқа сәйкес бухгалтерия үш жұмыс күні ішінде авторландырудың автоматтандырылған режимінде өткізілген карточкалық операцияларды қалпына келтіру сомасын клиенттің банктік шотына қосады.
Карточканы дамыту бойынша бөлім қызметтерді клиент сұрауымен жазба әзірлейді, карточкалық операциялар бойынша өзара есеп айырысуды реттеуге қатысады.
Операцияны бақылау есебі блойынша бастапқы құжат операция мазмұны, сомасы, референс нөмірі, авторландыру коды және клиент қолы бар чек болып табылады. Егер аталған операция бойынша чектің түпнұсқасы болмаса (яғни мынадай деректемелерді бар чек жоқ болса – карточка нөмірі, операция типі, валюта, сома, авторландыру коды және референс нөмірі) «операция көшірмесі» деген жазуы барн чектің операция бойынша кәдімгі чек сияқты күші болады. Бірдей деректемелері бар барлық чектер қаржылық операциялардың құжаты болып табылады. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың қандай нысандары бар?
Аккредетивті қолданудың қандай басымдықтары бар?
Төлем карточкасымен есеп айырысулардың артықшылықтары?
Қандай операциялар банктердің негізгі жұмысын құрайды?