5.3. Аккредитив, оның маңызы және есебінің жүргізілу Аккредитив-бұл банктің шартты, ақшалай міндеттемесі. Сатып алушының банкі сатып алушының өтінішіндегі шарттарға байланысты тиелген тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемді жүргізу үшін жабдықтаушы банкіне тапсырма береді.
Акркедитив тек қана қала арқылы және сыртқысауда бойынша есеп айыру кезінде қолданылады.
Акркедитивтің мынадай түрлнрі бар:
-жабылған
-жабылмаған
-қайтарылатын және қайтарылмайтын.
Жабылған аккредитив-төлеуші банкінің (банк эмитент) төлеушінің меншікті қаржыларын немесе ұсынылған несиені жабдықтаушы банкіне беру кезінде ашылған аккредитив.
Жабылмаған аккредитив-жабдықтаушы банкінде ашылады. Ал егер де екі банк арасында корреспонденттік қатынас орнатылса, жабдықтаушы банкіне төлеуші банктің корреспонденттік шотынан акркедитивтің барлық сомасын өшіруге құқық беріледі. Әрбір аккредитивте қандай акркедитив екендігі көрсетілуі тиіс. Егер де акркедитив түрін көрсететін белгі болмаса, онда ол акркедитив қайтарылмайтын болып есептеледі.
Қайтарылатын аккредитив-жабдықтаушының келісімінсіз төлеуші банкімен өзгертілуі немесе жоққа шығарыуы мүмкін. Мысалы:
а) келісімде көрсетілген шарттардың орындалмауы кезінде;
б) төлеуші банкінің аккредитив бойынша төлемге кепіл беруден бас тартуы кезінде.
Қайтарылмайтын акркедитив-бұл төлеуші банкінің, акркедитивтің барлық шарттарын орындау кезінде, төлемді жүзеге асыру үшін берген нақты міндеттемесі. Қайтарылмайтын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз өзгертілмейді және жоққа шығарылмайды.
Аккредитив шартында көрсетілген жағдайда жабдықтаушы аккредитивті қолданудан күні бұрын бас тарта алады. Аккредитив тек қана бір жабтықтаушымен есеп айыруға арналған.
Жабылған аккредитив клиенттің ұсынған мынадай құжаттары негізінде ашылады:
Аккредитив ашуға өтініш;
Келісім, онда есеп айыру аккредитивпен жүргізілетіндігі көрсетіледі.
Жауапты орындаушы клиенттің валюталық шотының сальдосын тексереді, өкілетті тұлғалардың қолдарын салыстырады. Банкте валюталық шоты жоқ болса, клиент мынадай құжаттарды ұсынады:
Қол үлгілері көрсетілген құжат;
Бухгалтерлік балансы және статистикалық есеп берулері.
Импортты операцияларды есепке алу кезінде төмендегі бух. өткізбелер құрылады:
Банкте клиенттің валюталық шоты бар болса:
ДТ-2203 «Клиенттің ағымды валюталық шоты».
КТ-2855 «Құжаттың есеп айырулар бойынша кредиторлар».
Егер клиентке банк филиалы қызмет көрсететін болса, онда бас банкке аударылған валюталық қаржылар былайша бейнеленеді:
ДТ-1351 «Банктің бас бөлімшісімен есеп айырулар».
КТ-2855
Бақылау құн (контрстоимость)-бұл бас банктегі немесе валюталық биржадағы валютаның артығы;
Ұзын валюталық позиция-банктің активтері, міндеттемелерінен артық болған жағдайда;
Қысқа валюталық позиция-банктің міндеттемелері активтерінен артық болған жағдайда.
Жабылмаған негіздегі аккредитивті ашу-несиелендірудің жасырын формасы болып табылады. Аккредитивтің мұндай түрін ұсынған кезде банк филиалы міндетті түрде жабылмаған аккредитивтің ашылу мүмкіндігі бойынша бас банкпен хабарласуы тиіс. Бас банктің келісімі болса, филиал келесі тәртіп бойынша жұмыс істейді:
Әрбір клиентке аккредитивтік қызмет көрсету келісімі негізінде несиелік ісқұжат ашылуы тиіс және ол оның қызмет ету мерзімі аяқталған соң жабылады.
клиенттің несиелік ресурс алу үшін жазған өтінішін;
клиенттің қаржылық жағдаын;
аккредитивтік қызмет көрсетуге құрылған келісімді.
Аккредитивті шетел банкінде ашу кезінде қызмет көрсетуші, орындаушы банкте келесі өткізбені құрады:
ДТ-6005 «Бекітілген табылмаған аккредитивтер бойынша мүмкін талаптар».
КТ-6505 «Шығарылған жабылмаған аккредитивтер бойынша мүмкін міндеттемелер».