6. Дәрістер кешені Тақырып Банктердегі есептердің әдістері, мақсаттары. Сабақтың мақсаты


Есеп айырысу банкі немесе есеп айырысу агенті



бет21/64
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#96238
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64
Байланысты:
6 Лекция
Бухгалтер-аудитор, Бухгалтер-аудитор, 5081936802007 Қаржылық есеп У1Б 01.04.2020, 5081936802007 Қаржылық есеп У1Б 01.04.2020, 6 Лекция, 6 Лекция, 6 Лекция
Есеп айырысу банкі немесе есеп айырысу агенті – төлем ұйымымен жасалған келісім негізінде эмитент пен эквайрерлер арасындағы өзара есеп айырысуды жүргізетін несиелік ұйым.
Банктік карточканы алу үшін клиент бекітілген нысандағы өтінішті (17-қосымша) ұсынады және банк онымен келісім жасайды (18-қосымша). Банктік карточкалар негізгі екі операцияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді: тауарды (қызметті) төлеу және банкоматтар – арнайы автоматтық құрылғылар немесе ҚАА (ПВН) – қолма-қол ақша қаржыларын алу. Қазірге кезде аталған операциялардың екуін жүзеге асыратын карточкалар («әмбебап карточкалар») кең тараған, алайда тек қолма-қол ақша қаржыларын алуға немесе тек тауар немесе қызметтерді төлеуге негізделген карточкалар да қолданылуда.
Банктік карточкалар екі негізгі типте болады: кредиттік және дебеттік. Халықаралық төлем ұйымдарының кредиттік карточкаларының дебеттіктен айырмашылығы операция жүргізу технологиясына байланысты. Дебеттік карточкалармен операция барлық уақытта авторландыруға жатқызылады, кредиттік карточкалармен операциялар анықталған шарттарда жатқызылмайды. Осындай ерекшеліктеріне байланысты дебеттік карточкаларды эмиттенттер банктік шотта бар қаржы қалдығы көлемінде операцияларды жүзеге асыруға қолданылады, ал несиелік карточкалар бойынша шоттағы бар шоттағы бар қаржы көлемінде операция жүргізуге, сондай-ақ несие ұсынуға болады, әдетте тәжірибеде бұл қарызшыға несиелік желі ашу жолымен жүзеге асырылады.
Банктік карточканы қолданып немесе қызметті төлеу кезінде ұстаушы карточканы сауда ұйымының кассиріне береді. Кассир автоландыру рәсімін өткізуі керек, ол үшін карточка эмитенттері мен бұл орталықта карточка ұстаушының банктік шотының жағдайы туралы деректер базасы жүргізіледі. Авторландырудың негізгі қызметі – карточка ұстаушының төлем қабілетіне көз жеткізу. Автоландыру екі әдіспен жүзеге асырылады: дауыстық және электрондық.
Дауыстық автоландыру кезінде кассир эквайрер – банкінің іс жүргізу орталығына телефон соғып , ондағы қызметкерге келесі деректерді хабарлайды: карточка нөмірін және оның әрекет ету мерзімін, операция сомасын және сауда ұйымының сәйкестендірушісін (нөмірін). Эквайрердің іс жүргізу орталығының қызметкері тиісті төлем жүйесінің байланыс арнасы арқылы (электронды тәсілмен, яғни берілген деректерді компьютерлік жүйеге енгізу арқылы) эмитенттің іс жүргізу орталығымен байланысады. Егер қызмет мақұлданса, онда көрсетілген тізбек бойынша, бірақ кері бағытта аталған автоландырушылық сұрауды сәйкестендіретін «автоландыру коды» хабарланады.
Авторландыру, соның ішінде дауыстық авторландыру белгілі бір уақыт мерзімін алады және сауда ұйымы қызметінде қажетсіз болып табылады. Тиісті телекомуникацияны қолдану себепті авторландыру айтарлықтай қымбат тұратын рәсім есептеледі, ол аз сомадағы операцияда өзін ақтамайды. Сондықтан халықаралық төлем жүйесінің ережесі белгіленген лимиттен аспайтын сомадағы банктік карточкалармен операциялар авторландыруды қолданбай жүргізілуін қарастырады.
Көрсетілген лимит әрекет етуі үшін анықталған сауда ұйымы мен эквайрер банк арасындағы келісім бойынша тиісті шарттар қарастырылуы керек. Халықаралық төлем жүйесінің ережесіне сәйкес «лимитке дейінгі» сома операциялары авторландырылған эмитент болып саналады. Бірақ сауда ұйымы карточканың әрекет ету мерзімі аяқталмағанына және оның нөмірі тоқтатым парағында (стоп-лист) – ұрланған немесе жойылған карточкалардың тізімінде жоқ екендігінде көз жеткізуге тиіс.
Атап өтетін жайт, дебеттік карточкалармен операция сома көлемінде байланыссыз авторландыруға жатады, өйткені шоттағы бар қаржы көлемінде ғана қатаң жүргізілуге тиісті.
Авторландырудың заңдық мәні, банктік карточканы қолданып атқаруға ұсынылған құжаттарды эмитенттер міндеттемесінің ернкін пайдаланылуына негіз болып табылуында. Аталған ереже авторландыру жүзеге асқандығын сол мезетте эмитентке хабарлап, ұзамай оған тиісті есеп айырысу құжаттары ұсынылатындығын хабарлайды. Осындай ретпен авторландыруға құқылық факт статусын беру қалыптасқан қатынастарды көрсетеді.
Авторландыру өткізу кезінде эмитент авторландырылған сома көлемінде ұстаушының ақшалай қаржыларын шектейді. Аталған шектеу өткізілген операциялар сомасын ұстаушыға төлеу бойынша эмитентің талаптарын қамтамасыз етуге негізделген. Егер авторландыру өткізіліп, қандайда бір себептермен тауар толық ұсынылмаса, онда сауда ұйымы авторландыруды толықтай немесе жартылай қайтаруы тиіс.
Алайда егер авторландыру өткізілмесе және операция сомасы сауда ұйымы бекіткен лимиттен аспаса, эмитент банктік карточканы қолданып құрылған құжаттарда көрсетілген міндеттемелердің орындалуына жауапты.
Авторландыру өткізілген соң кассир карточка және импринтер көиегімен слип деп аталатын арнайы түбіртекті құрады. Импринтер орнына электронды терминал қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда тиісті құжат электронды терминал түбіртегі деп аталады.
Әдетте слип ұстаушының эмитент банкке сауда ұйымының операция сомасын төлеу тапсырмасын білдіреді. Сонымен қатар слип және электорнды терминал т үбіртегіндегі сауда ұйымы кассирінің қолы қойылады.
Слип үш данада құрылыды. Бір данасы ұстаушыға, қалған екі данасы – сауда ұйымы мен эквайрерге (оның үрдістік орталығына) беріледі. Электронды терминалды қолдану кезінде қағаз жеткізушіде карточка ұстаушы және сауда ұйымы үшін екі данада электронды терминал құрылады, сонымен қатар өткізілген операция туралы ақпарат электронды түрде электронды терминалдан эквайрердің үрдістік орталығына жіберіледі.
Осы ретте қолма-қол ақша беру нүктелері арқылы қолма-қол ақша ьеру жүргізіледі және рәсімделеді. Бұл кезде слипте (электронды термиенал түбіртегі) жоғарыда аталған деректерлермен басқа , кассир қолы мен егер басқа болса экварейрге операция жүргізілгені үшін төлем сомасы еңгізүлі тиіс.
Банкомат арқылы ақша беру кезінде барлық операция автоматты режімде жүргізіледі. Ұстаушы банкомат клавиатурасында өзінін ДСН-ін (дербес сәйкестендіру нөмірін)- эмитент белгілеген құпия сәйкестендіру кодын тереді. ДСН элекронды терминалды қолданып өткізілетін операцияларда да қолданылады. Егер ДСН дұрыс терілсе, ұстаушы белгілі бір сома көлемін алуға мүмкіндігі бар. Банкомат авторандыру рәсімін жүзеге асыру үшін эквайрердін үрдістік орталығымен байланысты. Авторландурылық сұрауға жағымды жауап алынған жағдайда банкомат ұстаушыға қолма-қол ақша және келесі деректемелерден тұратын түбіртекті ұсынады;

  • банкомат сәйкестендіргіштері;

  • операция өткізу күні;

  • операция валютасы;

  • операция эмитетінің авторландыруын белгілейтін код;

  • банктік карточка деректеемелері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет