6. Дәрістер кешені Тақырып Банктердегі есептердің әдістері, мақсаттары. Сабақтың мақсаты


Дипозиттерді тарту және қайтару есебі



бет38/64
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#96238
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64
Байланысты:
6 Лекция

10.2. Дипозиттерді тарту және қайтару есебі
Салымшы депозиттік шотты ашпас бұрын, банк пен салымшы депозитті ашуға катысты екі серіктес кұқықтары мен міндеттерін белгілейді. Банк пен салымшы арасындағы келісім - салымшы жарна енгізіп, банк өз кезегінде оған шот ашып, енгізілген сома туралы белгі қойылатын арнайы кітапшаны жүргізуіне негізделеді. Бұл кітапша клиентке жазба жасалған соң беріледі. Сонымен қатар клиент ақша сомасын жаңадан ашатьш шотқа аударады немесе банкпен өз атына түсетін сома немесе сома болашақта ашылатын депозиттік шотқа жазылуы жөнінде келіседі. Клиент пен банк арасында шартты қатынас туындайды ол бойынша, клиент банкке уақытша пайдалануға ақшасын жолдайды, ал банк өз кезегінде пайыз косуға және клиентке ол ақшаны мерзімі жеткенде немесе хабарлау алған соң қайтаруға міндеттенеді. Занды түрде мұндай шартты қатынас қарызды білдіреді, ол бойынша клиент - кредитор, ал банк - дебитор болып табылады. Келісім жинак шотына депозит салынған соң күшіне енеді.
Депозиттер тарту банк үшін маңызды міндет, сондай-ақ депозиттік операциялардың дұрыс бухгалтерлік есебін ұйымдастыру маңызды. Салым операцияларының бухгалтерлік есебін ұйымдасты-рудағы міндет әр салым бойынша акша каржыларыньщ дәл есебін қамтамасыз ету және банк мекемесінің кызметін басқару үшін қажетті ақпаратты алу. Бұл міндетті орындауға депозиттік операциялардың тиісті синтетикалық және аналитикалық есебін ұйымдастыру арқылы қол жеткізіледі. Аналитикалық есептің мәні нақты салымшы депозиттері, ал синтетикалық есептің мәні -депозиттердің анықталған түріне жататын депозиттер. Депозиттік салымдардың есебі үшін қолданылатын шоттар:
2211 - Клиенттердің талап ету бойынша салымдары;
2215 - Клиенттердің қысқа мерзімді салымдары;
2217 - Клиенттердің ұзақ мерзімді салымдары;
2219 - Клиенттердің шартты салымдары;
2221 — Клиенттердің арнайы салымдары;
2222 - Арнайы максаттағы еншілес ұйымдардың кепілдік-
салымдары;
2223 - Кяиенттердің кепілдік - салымдары.
Барлық көрсетілген шоттар пассивті: кредиттік сальдо банктің клиент алдындағы берешегін білдіреді: айналым дебет бойынша бұрын қабылданған депозит сомасында берешекті өтеу және пайыздарды қосу; кредит бойынша айналым бұрын қабылданған салымдар бойынша пайыздарды есептеу және жаңадан қабылданған салымдар.
Депозиттерді кіріс құжаттары негізінде, қолма-қол ақша негі-зінде тарту кезінде келесі шоттар корреспонденциясы құрылады:
Дт 1001 «Кассадағы накты ақша»
Кт 2211-2229 «Тартылған салымдар»
Депозитор - занды тұлғалардан депозит қабылдау кезінде:
Дт 2203 «Клиенттердің есеп айыру шоты»
Кт 2211-2229 «Тартылған салымдар»
Басқа банктер қызмет көрсететін клиенттерден депозиттер тарту кезінде, тиісті ақша қаржылары корреспонденттік шоттар арқылы түседі. Бұл кезде келесі жазба жасалады:
Дт 1051-1052 «Корреспонденттік шоттар»
Кт 2211-2229 «Тартылған салымдар»
Депозиттер бойынша тартылған қаржыларды қайтару кезінде кері бухгалтерлік жазба жасалады:
Дт 2211-2229 «Тартылған салымдар»
Кт 1001 «Кассадағы нақты ақша»
2203 «Клиенттердің ағымды шоттары» 1051-1052 «Корреспонденттік шоттар»
Банк тартылған депозиттерді қайтармаған жағдайда мерзімі өткен депозиттер қатарына жаткызады және оған келесі өткізбе жасалады:
Дт 2211-2229 «Тартылған салымдар»
Кт 2224-2226 «Клиенттердің салымдары бойынша мерзімі өткен қарыз»
Мерзімі өткен салымдар сомасын қайтарған кезде келесі шоттар корреспонденциясы жасалады:
Дт 2224-2226 «Клиенттердің салымдары бойынша мерзімі өткен қарыз»
Кт 1001 «Кассадағы нақты ақша»
2203 «Клиенттердің ағымды шоттары» 1051-1052 «Корреспонденттік шоттар»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет