10.3. Пайыздардыесептеу есебі Қарыздық пайыз - ақша қаражаттарын қарыздық құн үшін қарыз алушыға, сондай-ак, ақша қаржыларын ақша, несие және қаржы нарьщтарында орналастырушы делдал-кредиторға (банкке) уақытша пайдалануға беруін білдіреді.
Банктік пайыз өлшемі уақытша бос ақша қаржыларын орналас-тыру және кіріс алу тәуекелдігімен байланысты, ақша және несие ресурстарына деген сұраныс пен ұсыныстар пайда болатын сандық шектеуге ие. Бос ақша қаржыларының иесі пайыздың жоғары деңгейін және аз тәуекелділікті тандай отырып, орналастырудың оңтайлы нұсқаларын іздейді.
Ақша каржыларын тарту кезінде банктер салыстырмалы қаржы тарту сипатына байланысты жеке кредиторларға қолданылмайтын сараланған пайыздык мөлшерлермен белгілейді. Банктік пайыз мөлшері депозиттік келісімшартта белгіленеді.
Банк тартылған ақша қаражаттарына пайыздарды берешек қал-дығына есептеп, есептеу әдісіне сәйкес банк шығындарына жат-қызады. Есептеу әдісіне, ағымды айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей, ағымды айда қосылған пайыздар, тартылған ақша қаржылары бойынша оның шыгандарына жатқызылады. Пайыз-дарды есептеу келесі тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:
- жай пайыздар формуласымен,
- күрделі пайыздар формуласымен.
Банктердің қосылған пайыздар сомасына ұлғайған негізгі борыштың өскен сомасын тартылған қаржылар бойынша білдіреді. Өскен сома, банктік пайыздардың капиталданғандығын білдіреді, яғни депозиттің жалпы сомасын ұлғайтады. Банктердің тартылған қаржылары бойынша мына формулалар қолданылады.
- Жай пайыз формуласы:
5 = Р х (1 + I х I / К) (3)
Мұнда:
I - жылдық пайыздық мөлшерлеме;
I - тартылған ақша қаржылары бойынша пайыз қосылатын күн
саны;
К - күнтізбелік жылдағы күн саны; Р - тартылған ақша каржыларының бастапқы сомасы; 8 - кайтарылуға жататын ақша қаржыларының бастапқы
сомасы және оған қосылған пайыздарға тең. • Күрделі пайыз формуласы:
3 = Р х (1 + I х ] / К) х п (4)
Мұнда:
I - жылдық пайыздық мөлшерлеме;
I - банк қосылған пайыздарды капиталдандыруды жүргізетін кезендегі күнтізбелік күн саны;
К - күнтізбелік жылдағы күн саны;
п - ақша қаржыларын тартудың жалпы мерзімі ағымында қосылған пайыздарды капиталдандыру бойынша операция-лар саны;
Р - тартылған ақша каржыларының бастапқы сомасы;
8 - қайтарылуға жататын акша каржыларыньтң сомасы, тартыл-ган ақша қаржыларының бастапкы сомасы және оған қосылған пайыздарға тең.
Банктік депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме екі көлем-нен қалыптасады: инфляция деңгейін жабатын пайыз және оған қосымша салымшы қаржысын қолданғаны үшін төлем ретіндегі пайыз. Екіншісінің көлемі депозит мерзімі мен көлеміне байла-нысты және жеңіл анықталатын болады. Біріншісімен жағдай өзгеше: инфляция деңгейін дәл жабатын пайызды анықтау күрделі, көптеген факторлардың байланысын талап етеді. Осы аталған міндетті шешу банктерге объективті пайыз мөлшерлемесін нарыққа сәйкес қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алайда коммерциялық банктер қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейіне бағдар жасай отырып, пайыздық мөлшерлемені еркін белгілей алады. Банкаралық нарықпен салыстырғанда, банктер салымшылардың ақша қаржыларын неғұрлым төмен пайыздық мөлшерлемемен тарта отырып, банктер ресурстардың сыйымды және қымбат емес нарығын қалыптастырады, оның рөлі болашақта үнемі өсіп, банктер міндеттемелерінің қоржынында занды және жеке тұлғалардың жинақтары, есеп айырысу және ағымды шоттар басым салмаққа ие болмақ.Банк барлык тартылған салымдарды активтер, шартты міндет-темелер мен 2002 жылдың 1 карашасындағы қаулымен бекіту мен оларға қарсы провизия (резерв) құру тәртібіне сәйкес жіктеледі.
Бақылау сұрақтары: Депозиттердің негізгі түрлері.
Депозиттік салымдарды сақтандыру жүйесі
Міндетті резерв сомасын анықтау мен есептеу тәртібі
Депозиттердің өсімін, болашақтағы сомасын есептеу ережелері қандай?