Пайдаланған әдебиеттер: Негізгі: 1,4,5; Қосымша 2,4,7,8
Тақырып 11. Банктегі тауарлы - материалдық құндылықтар есебі Сабақтың мақсаты: банктердегі тауарлы материалдық құндылықтар есебінің ұйымдастырылуымен таныстыру.
Сұрақтар: 11.1. Тауарлы- материалдық қорлардың есебіне жалпы сипаттама
11.2.Тауарлы- материалдық қорлардың жіктелуі
11.3. Материалдық босалқылар қозғалысының есепке алынуын құжаттау
Түйінді түсініктер: қорлар, қорларды бағалау, қорлардың қозғалысы, қозғалысты құжаттау.
11.1. Тауарлы- материалдық қорлардың есебіне жалпы сипаттама Өндіріс процесіне құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлары еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Тауарлы-материалдық босалқылар келесідей орындауға арналған шикізаттар, материалдар,сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар (детальдар),отын ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар,аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім,тауарлар.
Материалдық құндылықтарды дайындау нәтижесінде кәсіпорындардың, компаниялардың арасында көптеген есеп айырысулар туындайды. Олар екі жақты сипатқа ие болады. Бір кәсіпорын басқасының алдында борышкер (дебитор) рөлін, ал басқасы- несие берушінің рөлін (кредитор)атқарады.
Материалдық құндылықтарды есепке алудың алдында мынандай негізгі міндеттер тұрады: босалқыларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу,сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; көліктік-дайындау шығындары мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау: көлік-дайындау шығындары өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқыларды сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.