6. Дәрістер кешені Тақырып Банктердегі есептердің әдістері, мақсаттары. Сабақтың мақсаты



бет49/64
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#96238
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64
Байланысты:
6 Лекция

12.3. Банк шығыстарының жіктемесі.
Ақша айналысы саласында атқаратын қызметі және негізгі шаруашылық қызметімен байланысты банк қаржат жұмсайды.Олар екі бөлікке бөлінеді:операциялық және әр түрлі шығындар және басқару апаратының шығындары.
Операциялық және әр түрлі шығындар құрамында ең үлкен үлес салмағы банкаралық несие бойынша, мерзімді және талап етуге дейігі салымдар бойынша есептелінген және төленген пайыздар алады.
Басқару аппаратына кететін шығындар барлық қызметткерлердің, соның ішінде басқару аппаратының жұмысшыларын қоса алғанда, еңбекақысын және әлеуметтік қамтамасыз ету шығындарын қамтиды. Банк шығыстары есептеу әдісі бойынша теңгемен есептеледі және мыналардан тұрады:

  • -алынған несиелер, дпепозиттер, бағалы қағаздар мен форвардтық, лизингтік операциялар бойынша сыйақы төлеумен және комиссиялық төлемдермен байланысты, соның ішінде:

  • клиенттердің есеп айырысу, ағымдағы және басқа да шоттары бойынша;

  • кәсіпорындардың, ұйымдардың, кооперативтердің депозиттері және салымдары бойынша, азаматтардың және әскери қызметкерлердің салымдары бойынша;

  • шетел корреспонденттерінің, фирмалардың, басқа да ұйымдар мен шетел азаматтарының шетел валютасындағы шоттары бойыншап;

  • азаматтардың, ұйымдардың, ортақ меншіктегі кәсіпорындардың ағымдағы шоттары және салымдары бойынша;

  • басқа банктерден уақытша пайдалануға алынған несиелік ресурстары үшін;

-шетел валютасын және бағалы қағаздарды қайта бағалаудан;
-басқа тұлғалар көрсеткен әр түрлі қызмет көрсетулерден;
-банктің есеп айырысу-кассалық операциялары қызмет көрсетуі бойынша басқа да қызметтеріне төлемдер;
-банктің есеп айырысу-кассалық операциялары қызмет көрсетуі бойынша қызметтеріне комиссиялық ақы;
-клиент операциялары бойынша нақты пошталық және телеграфтық шығындар;
-шетел валютасын, бағалы қағаздарды сату-сатып алу жоғалтулары;
-банк активтерін сату кезіндегі жоғалтулар;
-банк активтерін сатудан шеккен шы,ындары;
-басқа тұлғалардың шығындарының орнын жабу шығындары;
-есепті кезеңде анықталған өткен кезең шығындары (кеткен қатені табу нәтижесінде), соның ішінде :

  • өткен жылдары клиеттерден артығымен алынған сыйақы мен комиссилық ақылар;

  • өткен жылдар операциялары бойынша алдын ала есептелінген сыйақы мен комиссиялық ақылар;

-банк қызметтін қамтамасыз етумен байланысты әр түрлі шығындардан, мыналарды қоса:

  • әр түрлі қосымша төлемдерді қоса алғандағы банк қызметкерлерінің еңбекақысы;

  • жыл сайынғы және қосымша демалысты(пайдаланылмаған демалыс айына өтемақы) заңға сәйкес төлеу;

  • банк жұмысшыларына оның қайта құылуы, жұмысшылар санын қысқаруына байланысты босатылатын қызметкерлеріне төленетін төлемдері;

  • қызметкерлерге заңға сәйкес берілетін оқу мақсатында босату төлемдері;

  • кадрларды даярлау;

  • белгіленген нормалар шегіндегі іссапар шығындарының орнын жабу;

  • банк штабына тіркелмеген жұмысшылардың келісілген азаматтық-құқықтық сипаттағы мәмілелері бойынша орындаған жұмыстары үшін (егер жұмысшыменесеп айырысуды тікелей банк өзі жүзеге асырса);

  • мәжбүрлі бос жүген уақытына ақы төлеу;

  • негізгі қорлар бойынша амортизациялық аударымдар, материалдық емес активтердің тозуы,негізгі қорлардың жалға берілген бөлек обьектілері бойынша амортизациялық аударымдар(негізгі қорлардың материалдық емес активтерді жоспарлы қолдану мерзіміне байланысты), егер мәміле шарттарына сәйкес амортизациялық аударымдарды жалға беруші жүзеге асыратын болса, онда негізгі қорлардың жеке обьектілерінің жалына есептелген сома жалға берушіге тиесілі;

  • қызмет ғимараттарының , құрал-жабдықтың барлық жөндеу түріне кеткен шығындарды қосқандағы банк құрал-саймандарының істен шығуы;

  • жылуға, жарыққа, өрттен қорғау және күзетті қамтамасыз ету төлемдері;

  • активтердің жіктелуінежәне банктің баланстық емес міндеттемелеріне сәйкес мәжбүрлі шығындар құру;

-бланкілерді дайындау, сатып алу және аударып жіберу шығындары, соның ішінде магниттік ленталардың қатаң есептілік бланкілері, есептеу техникаларына шығысталатын материалдар, қағаздар қораптау материалдары;
-құжаттарды және құндылықтарды тасымалдау және сақтау үшін қолданылатын сөмкелерді,қаптарды сатып алу, жөндеу және жаңарту шығындары;
-ақша қаражаттарын,құндылықтарды, банк құжаттарын тасмалдау және сақтаумен, сонымен қатар басқа да банктің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындары;
-жұмысшылар жинауды ұйымдастыру бойынша көтерме шығындары;
-кепілдік жөндеу жұмыстарын жүргізу және банктің жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін қолданылатын негізгі қорларға қызмет көрсетулер, байланас қызметтеріне және есептеу орталықтарының қызметтеріне ақы төлеу;
-жарнамаға кететін;
-өндірістік қызмет пен кеңсе пошталық-телеграфтық, операциялық, іссапар шығындары;
-кеңес беру, ақпараттық және аудиторлық қызметтерге ақы төлеу;
-банк қызметімен байланысты өкілеттілік шығындары:

  • шетел банктерін, ұйымдарын қоса алғандағы басқа банктер мен ұйымдардың ресми қабылдауды жүргізу шығындары;

  • банк штабында тіркелмеген аудармашылар қызметіне ақы төлеу;

  • мәдени, ойын-сауық іс шараларға бару және жұмыс бабына байланысты болған,

-қызмет автокөлігін ұстау шығындары және қызмет бабына байланысты іссапарларға өз көлігін пайдаланғаны үшін өтемақылық төлемдер;
-акцияларды, облигацияларды және басқа да бағалы қағаздарды шығарумен және орналастырумен байланысты шығындар(бағалы қағаздардың бланкілерін сатып алу, баспаханалық шығындар,бағалы қағаздарды орналастырғаны үшін басқа банктерге комиссиялық сыйақы төлеу, т.б.);
-салықтардан, алымдардан және қолданыстағы заңға сәйкес бекітілген басқа да міндетті төлемдер;
-тауар, қор, валюта биржалар қызметінің құнынан, брокерлік, дилерлік, маркетингтік қызметтерді,кеден баждарын қоса есептегенде;
-мүлікті, несиелерді және басқа да сақтандыру төлемдерін сақтандыру, егер сақтандыру төлемдері сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін міндетті түрде қайтарылуға жатпаса;
-айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы және басқа да төленуі тиісті экономикалық санкциялар;
-күтілмеген жағдайлардан туындаған басқа да күтілмеген шығындар;
Алайда акционерлердің салымдары мен өндіріп алулары шығыс және табыс болып танылмайды.
Банктің таза пайдасы табыстар мен шығыстар арасындағы айырма ретінде анықталады және акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша үлестірілуге жатады.
Банк шығындарының маңызды үлесін есеп айырысу, ағымдағы, корреспонденттік шоттар және кәсіпорындар мен азаматтардың мерзімдік салымдары бойынша есептелген пайыздар құрайды.
Салық салу мақсаты үшін нормаға келтірілген шығыстардың (өкілдік, банк қызметімен байланысты іссапар шығындары, жарнама шығындары, оқыту мекемелерімен келісім бойынша қызметкерлерді оқыту шығындары) асып кеткен бөлігі банк жұмсауында қалған табысқа жатқызылады немесе арнайы қорлар арқылы жабылады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Банктің негізгі қызметінен түскен кірістерге не жатады?

  2. Банктің инвестициялық қызметінен түскен кірістерге не жатады?

  3. Банктің қаржылық қызметтен түскен кірістеріне не жатады?

  4. Банктің пайда мен залал туралы есебі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет