6 дәрістің тақырыбы Гуманистік көзқарас қалыптастырудың психологиялық- педагогикалық негіздері. Жоспары



Дата01.05.2022
өлшемі33,23 Kb.
#141619
Байланысты:
лек 6


6 дәрістің тақырыбы
Гуманистік көзқарас қалыптастырудың психологиялық-
педагогикалық негіздері.
Жоспары:

  1. Болашақ маманның гуманистік көзқарасын қалыптастыратын білім,біліктілік және дағдылары.

  2. Гуманистік тәрбие


Дәріс мазмұны
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер адам санасындағы күрделі
жаңғыру процесімен астаса жүріп жатыр, мұның өзі іргелі және әмбебап
білімді саралап,оның өрісін кеңейте түсуді және бұл істі білім беру жүйесі
арқылы жүзеге асыруды талап етеді. Қоғамымызда бүгінгі таңда білім берудің өндірісті қамтудан мәдени шығармашылық мұратқа ойысуы жолындағы келелі міндеті туралы дәстүрлі түсінік қайта қаралуда, өйткені ол жеке тұлғаның дамуындағы сыңаржақтылық пен толымсыздықты еңсеруге жәрдемдеседі, әр кісінің азаматтық тұғырын табуына жетелейді, сол арқылы оның ішкі әлеуметін ашуына деген мүмкіндігін кеңейтеді.
ХХІ ғасырда өркениетті дамудың талабы – қоғамды ізгілендіру, яғни
әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жеткізуіне байланысты болып отыр. Ізгілендіру мақсатына жету құралы – зиялылықты қалыптастыруды, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы процесс – гуманитарландыру болып табылады.
Өйткені біз ертеңгі күні өзіміз қалыптастыратын қоғамда өмір сүретін боламыз, сол себепті болашақ мамандарымыз гуманистік көзқараста тәрбиеленген,білімді азаматтар деңгейінде даярланғаны қажет.
Қазақстан Республикасында қабылданған (1994) білім беруді
гуманитарландыру тұжырымдамасында жалпыадамзаттық құндылықтар мен
Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, өтпелі кезеңде
гуманитарлық білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын
ұсыну,оның серпінді дамуы мен қызмет атқаруына жағдай жасау мақсаты
көрсетілген. .
Көптеген оқушылардың әлемнің және отанымыздың мәдениетінің негіздерін
білмеуі, қоғамдық институттардың құрылымы мен қызметі туралы қарапайым түсініктерінің жоқтығы, адамдардың өзара қарым-қатынас жасасудағы этикалық және психологиялық тұрлаулы дағдарысының әлсіздігі немесе болмауы, дүниені түйсіну жөніндегі жалпы ғылыми көзқарасының қалыптаспауы, өмірге және ондағы өз орнына деген тоғышарлық көзқарастың меңдеп кетуі – жастардың гуманистік көзқарастарының дұрыс қалыптасуына, олардың даярлығына жеткілікті көңіл бөлмеу салдары.
Қазақстанда мектепті гуманитарландыру мәселесі қоғам дамуының алғы
шарттарын қалыптастыруға, жастарды нарықтық қатынастар жағдайында жұмыс істеуге әзірлеуге қатысты шешілетіндіктен, кез келген мектеп бітіруші игеруге тиісті негізгі жеке қасиеттер, адамгершілік өлшемдер мен
гуманитарлық бағдарлар жиынтығының мазмұнын анықтау қажет.
Қазақстанда білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында болашақ маманның гуманистік көзқарасын қалыптастыратын білім,біліктілік және дағдылардың мазмұнын анықтау төмендегіше берілгені
– дүниетану мен түйсінудің негізінқұрайтын,дүниені түсіндіру қабілетін
іске асыратын,өмірдің құндылықтары туралы бағдар беретін философиялық
білімдер;
– нарықтық экономиканың әлеуметтік бағытталуы туралы қазіргі түсініктер
негізінде қалыптасатын этикалық біліктіліктер;
– әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым мәнді идеялар мен тұлғаларды
білу;мәдениеттің негізгі кезеңдеріне түсінік беру;
– әлеуметтік-мәдени даму заңдылықтарын түсіне отырып,тарихи жылнамаға
талдау жасай білу;қазіргі өркениет жолдарын пайымдау қабілеті;
тарих субъектілері,оның ішінде осы заманғы әлеуметтік күштер,қазіргі
қоғамның әлеуметтік құралы туралы кең ауқымды түсінік; қоғамдағы
мектептердің құрылымы мен функциялары жайында нақты түсініктің болуы;
әлеуметтік-технологиялық даму мәселелерінде еркін бағыт-бағдар ұстай білу.
Аталған мазмұн жүзеге асырылу үшін елімізде жүргізіліп жатқан білім
беру саласын реформалау саясатында мынадай қағидалар тұжырымдалған:
1.Білім берудің гуманитарлық сипатын бағамдау, яғни барлық оқу пәндерінің
гуманитарлық әлеуетін айқындап,оларды оқыту әдістемелерін тиісінше өзгерту;
2.Қазақстан халықтарының өзіндік этномәдени болмыс-бітімін танып білу, оны дәріс алушы ортаның этникалық мұқтажына сәйкес реформалау,
-яғни ұлттық және жалпы адамзаттық рухани құндылықтардың өзара кірігуін қамтамасыз ету;
3.Әрбір адамның қоғамда имандылық пен зиялылық ахуалының орнығуына жағдай жасау;
4.Өркениетті нарыққа ену гуманитарлық білім беруді нарықтық пайымы биік
кадрларды тыңғылықты даярлауды талап ету,яғни гуманистік көзқарасы жоғары маман дайындау арқылы адамгершілік қасиеттің тозғындауына, мәдениет пен білімге деген нигилистік көзқарасқа қарсы тұра алатын азамат тәрбиелеу керек.
Жеке адамның гуманистік көзқарастарын қалыптастырудың түрлі
кезеңдеріне сай мәні,мақсаты,жүзеге асыру құралдары болады. Сондықтанда
гуманистік көзқарасты қалыптастырудың алғы шарты – талаптар мен
стандарттарды әзірлеу болып табылады.
Бірінші қағидалық тұжырымға сәйкес теорилық ұстанымдар мен зерттеу
жұмыстарын талдау барысында қоғамның және білім беру жүйесін
гуманитарландыру процесі бүкіл адамзаттық құндылықтардың өзгерумен
байланысты екенін тек адам ғана өзінің жеке-даралық ерекшеліктерімен бірге
өзекті-потенциалды, тұтас дүние ретінде жоғары құндылық болып
қарастырылады,ал жеке тұлғаның өзін-өзі таныта алуы өзекті әлеуметтік
проблема болып қарастырылатыны айқындалды. Бұл жаңа көзқарастар
негізіне тұлғалық - бағдарлы білім беру идеясы (Е.В.Бондаревская,
О.С.Газман, Э.Н.Гусинский, В.В.Сериков, Ю.И.Турчанинова, И.С.Якиманская, А.Маслоу, К.Роджерс, В.А.Сухомлинский, Ш.А.Амонашвили, т.б. гуманистік тәрбие мен оқытудың тұлғалық-дамытушылық парадигмасы (В.Сластенин,М.Берулава) жатады .Білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасының негізіне тәрбиенің құндылықты астарына қайта мағына беру
жатқызылады. Гуманистік тұлғалы-бағдарлы тәрбиенің басты құндылықтары болып тұлғаны өсіруші және тәрбиелеуші
орта ретінде адамның өзі алынады. Сол себепті жеке тұлғаның гуманистік
көзқарасын қалыптастыру белгілі бір адамгершілік өлшемдер мен гуманитарлық бағдарларға сүйенуі міндетті.
Білім берудің гуманитарлық сипатын қайта бағамдау қажеттілігінен қазіргі
қоғамдағы философиялық көзқарастар эволюциясына мұқият назар аудармасқа болмайды. Соңғы уақытқа дейін дәстүрлі көзқарастар бойынша жеке тұлғаның даралық ерекшеліктері тек сыртқы факторларға тәуелді делініп,оның түрлі субъектілерімен байланысы шектелініп келді. Тәрбиеленуші немесе оқушы сыртқы ықпал, әсер, стандарттар мен нормативтер көмегімен басқарылатын инженерлік-психологиялық объект санатында қарастырылды.
ХІХ ғасырдың қарсаңында ғылым мен техниканың ересен нәтижесінде,
қоғамдық сана, ғылыми ой мен оның практикалық жүзеге асу барысын сәйкес дәрежеде қабылдай алмады, адамның мәнділігі туралы ой технология мен ғылыми- техникалық прогрестің көзсіз дамуына ілесе алмай сыртта қалып қойды.
Дәстүр бойынша жеке адам тұлғасы алдында үш жақты проблема:өз
инстинктарымен,табиғат күштерімен және қоршаған адамдармен өз қарым-
қатынастарын реттеу тұр десек, онда жаңа қоғам адам мен оның өндірген
өнімдерінің қалыптасқан қарама-қайшылықтарды шешуге мәжбүр болады.
Ғасырлар бойы гуманистік тәрбиенің әлемдік теориясы мен практикасында жалпы түрде қабылданған мақсаты жанжақты және гармониялы дамыған жеке адамды қалыптастыру болып келді. Бұл мақсат идеал ретінде жеке адамның статикалық сипатын береді. Ал оның динамикалық сипаты өзіндік даму және өзін-өзі пайдалана (самореализация) процестерімен байланысты. Сондықтан осы процестер гуманитарлық тәрбиенің ерекшелігін анықтайды:жеке адамның өзімен және қоғаммен гармониялық байланыста өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі пайдалана алуы үшін жағдай (шарт) туғызу қажет болып табылады
Гуманистік дәстүрлерде жеке адамның дамуы рациональды және
эмоциональды өмірдегі өзарабайланысты өзгерістер процесі ретінде
қарастырылады,оның өзімен және әлеуметтік және әлеуметтік ортамен
үйлесімдік деңгейі арқылы сипатталынады.
Гуманистік тәрбиенің мақсатын осылай өрнектеуге сәйкес адамның өз
өміріне, өз құқығына әсерін және өз қабілеттері мен шығармашылық
потенциалын ашуға жауапкершілігін, өзін-өзі дамыту мен пайдалана алуын
таңдау екендігі және оған қоғамның әсері арасындағы қатынасты түсінуді
қайта бағалау мүмкіндігі пайда болады. Қазіргі түсінік бойынша гуманистік
тәрбие мақсаты негізіне планетарлық сана мен бүкіладамзаттық мәдениеттің
элементтерін қалыптастыру мүмкіндігі алынған.
Тәрбиені гуманизациялау арқылы болашақ маманға бүкіладамзаттық
құндылықтарды дарыту арқылы, әрбір оқушының тек білімі, біліктілігі және
дағдысын ғана емес адамгершілік сипатын анықтайтын өзіндік рухани
байлықтарының сапасын арттыру жүзеге асырылады.. Болашақ маманның адами сапасының қалыптасу дәрежесіне байланысты оның маман ретіндегі кәсіби деңгейі айқындалынады. Сондықтан кәсіби білім, іскерлік пен дағды
білімгердің тек тұлғалық ерекшелігінің элементарлы негізі болады, ал
қабілеттері мен құндылық бағдарларының жан-жақты дамуы жоғары және өнімді қалыптасу деңгейі болып табылады, яғни тәрбиелілік мәдениетінің
жоғарылауының, бүкіл адамзаттық құндылықтарды меңгеру арқылы гуманистік көзқарастарының тұрақталуының көрсеткіші бола алады. Оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімдері мен гуманистік көзқарастарын қалыптастырудың ең тиімді, мүмкін болатын құралы – берілетін білімдерге адами және рухани сипат беру болып табылады.
Тәрбиені педагогикалық процесс деп түсіндіретін деңгейде тәрбие –
адамның ішкі дүниесіне әсер ететін барлық педагогикалық ықпалдардың кірігуі (интеграциялануы), яғни адам бүкіл өмірінде өзіне қатысты тәрбиелік
функцияларды атқарушы адамдар арасында болады және олардың ықпалын
тиімділік дәрежесі бойынша қабылдауы-деп тұжырымдауға болады. Тәрбие
жүйесінің әрбір звеносы тәрбиеленуші үшін өзіндік тәрбие ықпалын
тигізеді.Тәрбиені кәсіби қызмет нәтижесі ретінде түсіндіретін үшінші
анықтамада педагог-тәрбиеші қызметі тәрбие субъектісі ретінде алынады және түрлі тәрбие звеноларында нақты әрекеттер жүйесімен қызмет етеді.
Тәрбие ұғымының түрлі анықтамалары мен түсініктерін қазіргі тәрбие
көріністері контексімен салыстыра отырып Б.Т.Лихачев тәрбиені адамның
сапалық қасиеттерімен бағалау арқылы жаңа гуманистік анықтамасын берген жөн деп санайды.
Аталған логика бойынша тәрбие-адамның сапалық деңгейін
мәндендіруші, оның тұрмысының мән-мағынасы мен өмір сүру әдістерінің өзгеру динамикасының педагогикалық өзара әсерлесуі арқылы туындаушы нәтиже деп түсіндіруге болады.
Тәрбиеге гуманистік сипат беру мақсатында біраз ғалымдар оны
әлеуметтендіру жеткілікті, яғни бағытталған әрекет арқылы индивидке саналы түрде қажетті қасиеттер мен белгілерді сіңіруге болады (И.С.Кон)
десе; біразы (П.В.Симонов,П.М.Ершов) жеке тұлғаның қажеттіліктерін
қалыптастыру мен оларды қанағаттандырудың мүмкін болатын әлеуметтік
тәсілдерін анықтау жеткілікті, ал Г.С.Батышев – адамға өзін-өзі танып білу
мен өз қажеттіліктерін анықтау мүмкіндігін беру қажет, сонда ғана тәрбиеде
гуманистік мазмұн бола алады деген.
Дәстүрлі түсініктерде (Я.А.Каменский,В.Зенковский) тәрбие ұстап
отыру механизмі немесе мінез-құлықтық шектеу делініп,этностық,туыстық
қарым-қатынастар жүйесінде өмірдің талабы мен ережелерін, мәңгіліктік
заңдарымен байланыс тәсілі ретінде бағаланады,ал Р.Тагордың еңбектерінде
адамзаттың данышпандығының шексіз ішкі бастауларын сыртқа шығарушы деген тамаша анықтама беріледі.
Жоғарыда келтірілген анықтамалар мен түсініктерге жасалынған
талдау,тәрбиенің атадан ұрпаққа біржақты берілетін тәжірибемен бағалау
тұжырымдары деп қабылданбай, адамдардың бірге өмір сүруінің қарым-
қатынастық және әрекеттік әсерлесуі ретінде түсіндірілуі дұрыс деп
санаймыз.
Тәрбиені осылай түсіну тәрбиеленушіде өз өміріне қажетті мәселелерді
имандылық жолмен таңдау іскерлігін қалыптастырады,яғни өзінің ішкі
табиғатына,жан қуатының бастауларына сүйенуді міндеттейді.Бұл жағдайда
тәрбие мақсаты тәрбиеленушінің басқа адамдардың өмірімен салыстыра
отырып,өз өміріне қатысты пайымдаушылық,шығармашылық имандылық қарым - қатынас қалыптастыруға бағытталған. Орыс педагогы К.Д.Ушинскийдің пікірі бойынша осы мақсатты: Өмірдің барлық кездейсоқтарының соққыларына төтеп бере алуға мүмкіндік беретін білім адамда зиянды, әрі оны бұзақы әрекеттерден құтқарушы және барлық қарым-қатынастардан қайырымды, жағымды нәтижелер ала алатын мүмкіндікке жетелейді-деп өрнектеуге болады.
Осындай түрде келтірілген мақсат педагог-тәрбиеші үшін басқа мазмұнға
сәйкес секілді болуы мүмкін, өйткені ол нақты сипаттамалармен мінез-құлық
нормаларының тиісті жиынтығынан бас тарту немесе басқаша сапалық мазмұнға ұмтылатын өзіндік тәрбиелілік стандарты болып өрнектеледі. Бұл жағдайда сөз талап етілетін қасиеттер мен сипаттамалардың стандартты жиынтығы туралы емес, адамда тәрбие жұмысының педагогикалық ықпалы көмегімен қалыптасатын тұрмыстық басымдылықтар (доминанттар туралы, яғни мағынасы мен мазмұны адамның басты тұрмыстық ұстанымдарын таңдауды қамтамасыз ететін педагогикалық әсер ету туралы болады. Аталған таңдаулардың тізбегі адам сапасының өзектілену динамикасын әрбір жекеленген жағдайларда анықтап бере алады.
Тәрбие мақсатына осындай көзқарас ХХІ ғасырдағы адам тұлғасының
ғарыштық мәселе екендігін негіздейді. Бұл мәселеге қатысты әлдеқайда үлкен еркіндік дәрежесі мен адамдардың түрлі көріністері талап етіледі. Тек қана еркіндік шартына сәйкес адамда өзінің шын бет-бейнесін саналы түрде көрсету қажеттілігі мен мүмкіндігі туындайды. Яғни, Е.Н.Трубецкойдың
пікірінше:"дам қайырымдылықты шын,еркін жасай алмас еді,егер ол
қайырымдылық немесе зұлымдықты таңдауға қабілетті болмаса".
Гуманистік тәрбие беру көзқарасының түрлі сипаттамаларына, олардың
түрлі мазмұндарына қарамастан тәрбиешіні тәрбиеленушінің ішкі сапалық
қасиеттерінің бағыттылығы қызықтыруы керек. Шын мәнінде бұл бағыттылық рухани дамуға жол сілтейді,яғни адамның өзінің тұрмыстық деңгей шеңберінен асу (шығу) арқылы толық қанағаттануға жақындау болып табылады.
Рухани даму, адамзаттық құндылықтарды жеке адамның өмірлік өлшеміне
айналдыру тұлғаның гуманистік көзқарасын қалыптастырады. Орыс философы И.А.Колесникова рухани даму туралы: Жердегі өлшемге сәйкес адамға өлшеп берілген өмірлік рольдердің барлық диапазонынан толық өтпей, жақын адамыңа сүйіспеншілік көрсетпей, туыстық пен жолдастық, шәкірт қатынасын отан және өз халқының тағдырына жауапкершілікті мойындамай, өзіңді адамзат деп аталатын, тұтас әлемнің бір бөлшегі ретінде сезіну мүмкін емес,-деп гуманистік көзқарасты қалыптастырудың рухани критерийлерін көрсетеді.
Аталған рухани критерийлер мағыналы болады, егер адамның құндылықтар
жүйесінде төмендегі ұстанымдар бар болса:
- табиғат,табиғат заңдылықтары және олардағы тіршілік белгілері;
- адам және оның денсаулығы;
- отан,туыс,жанұя,тіл,әлеуметтік тұрмыстың түбірі болып табылатын
дәстүрлер;
- еркін еңбек және оның нәтижелері,олардың мәдени және өркениетті
жетістіктерінің заттануы;
- адамзат атынасы мен адамзаттың өмір сүруін қамтамасыз етуші махаббат пен бейбітшілік;
- Сұлулық пен Үйлесімділік,Шындық пен Қайырымдылықтың критерийі ретінде.
Осы айқындалған мазмұн бойынша гуманистік тәрбие дегеніміз – мән-
мағыналармен,құндылықтармен,адамның қарым-қатынастар жүйесімен,оның еріктік- сезімдік сферасымен және рефлексивті (пайымдау) сферасымен жүргізілетін жұмыс;
Негізгі әрекет критерийін ұят деп, өз тұрмысының сапасын
негіздеуші,өзін басты фактор санайтын - балада, жеткіншекте, жас адамда,
ересектерде түсінуді, сезінуді, бағалауды қалыптастыратын жұмыс болып
табылады.
Гуманистік ойлар мен принциптерді тәлім-тәрбие процесінде жүзеге асыру
атақты педагогтар мен ағартушылар: Я.А.Каменский, Ж.Ж.Руссо, И.Ф.Гербарт, Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, т.б. еңбектері қарастырылған және гуманистік тәрбиенің қажеттілігі мен оның мазмұндық құрылымдарына түсініктер берілген.
Педагогикалық процесте гуманистік принципті басты ұстаным ретінде
ұсынған Кеңестік педагогика болды. А.С.Макаренко, П.П.Блонский,
С.Т.Шацкийдің педагогикалық еңбектері гуманистік принципке негізделіп, жеке адам тәрбиесінің ұжымдық, қоғамдық мәнін ашты. Гуманистік принципті коммунистік қоғамның жалаң ұранына айналудан құтқарған В.А.Сухомлинский болды, ол өзінің басты гуманистік идеясын: Әлем адам ғасырына еніп келеді.
Қазір қайбір уақыттарға, кезеңдерге қарамастан адам жанына (рухына) не бере алатынымызды ойлауға міндеттіміз,-деп тұжырымдап, баланың рухани өмірі деген ұғым енгізді ,яғни адамды өзін-өзі тәрбиелеуге, қиыншылық пен
жалқаулықты жеңуге, парыз бен жолдастары алдындағы жауапкершілікке,
еңбекқорлыққа қабілетін қалыптастыру қажеттігін дәлелдеді. Жеке
тұлғаның имандылық қасиеттері ретінде гуманистік көзқарасты
қалыптастыратын:қайырымдылық, сезімталдық, жанашырлық, кішіпейілдік, анаға және отбасының басқа да мүшелеріне сүйіспеншілік сапаларын адам бойына сіңіру қажеттігін уағыздайды. Гуманистік көзқарас жан-жақты жетілген тұлғада және мынадай мәселелерді біртұтас жүйеде жүзеге асыру арқылы қалыптасады дейді:оқу-тәрбие жұмысын жеке тұлғаның имандылық сапаларын өзін- өзі имандылыққа бейімдеу арқылы дамыту жолына бағыттау; білім беруді ең маңызды құндылыққа айналдыру; рухани және материалдық қажеттіліктер мәдениетін тәрбиелеу; өзін-өзі тәрбиелеу және өзбетінше білім алуға қажеттілікті қалыптастыру; жанұя, отбасының жоғары педагогикалық мәдениеті;моральдық есеюді қамтамасыз ету арқылы В.А.Сухомлинскийдің гуманистік педагогикасы: балаға деген сүйіспеншілік – адамның рухани өмірін әсер ететін күш; баланы оны қоршаған зұлымдықтан қорғау – адамның болашаққа, өзіне деген сенімін күшейту; баланың түсінуі – тәрбиенің мәні;
оқуды оқыту – оқытудың жетекші міндеті туралы негіздерге сай құрылды.
Кеңес дәуірі және қазіргі уақыт педагогикасының басты бағыттарының
бірі болып табылатын ынтымақтастық педагогикасының өкілдері: В.П.Шаталов, С.Н.Лысенкова, Е.П.Ильин, М.П.Щетинин, В.А.Караковский, Ш.Амонашвили және т.б. оқу-тәрбие процесін гуманизациялау, педагогикалық процестің екі жағының (мұғалім және оқушы қызметі) өзара қарым -қатынасын адамдандыру,
яғни адамзат құндылықтарының жетекші рөлін мойындау деп,оны жүзеге асырудың төмендегідей ережесін көрсетеді:
- тәрбиеленушінің педагогикалық өзара қарым -қатынасын қорғау және оған
эмоциональды қолайлы жағдай тудыру;
- тәрбиеленушінің құқығын толық мойындау және оған қажеттілік деңгейінде
құрмет көрсету;
- тәрбиеленушінің жағымды қасиеттері мен сапаларына сүйену;
- табысқа жету жағдайын жасау.
Когнитивті және тұлғалық педагогика парадигмасын Е.А.Ямбург білім беру
мен тәрбиенің жақсы, жаман, дұрыс, дұрыс емес бағамдарын бір-біріне
қарсы қою арқылы емес, олардың бірін-бірі толықтыру мүмкіндігі бойынша
түсіндіреді.
Когнитивті педагогика оқу бағдарламаларын нақты білімдермен
қамтамасыз етуді қолдайды, нақты нәтижелерге бейімделген бағалау
жүйесін,балаларды қабілет деңгейлері бойынша іріктеуге, сол арқылы
тереңдетіп оқытуды, олардың шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасайды.
Тұлғалық педагогика интеллектуальды (когнитивті)қасиеттерді адамның
эмоциянальды және еріктік даму арқылы күшейтуді ұсынады, яғни тұлғаның оқу процесі арқылы табиғи дамуын ұсынады.

2.1. Оқушылардың гуманистік көзқарас қалыптастырудың құрылымдық мазмұны.


Жеке адамның қалыптасуына рухани құндылықтардың озық үлгілері оң әсер
етеді. Оның өне бойы өнегелік, рухани, тарихи, әлеуметтік, педагогикалық,
психологиялық өнегелі құндылықтарға толы.
Қазақстанда барлық рухани құндылықтарды оқушыларды хабардар ететін
факультативтік сабақтар өткізілсе, біз бұдан тек қана ұтар едік.
Дүниежүзілік мәдениеттің көрінісі оқушыларға танытылуы қажет. Бұл біздің
оқушыларымыздың мәдениетіне мінез-құлқына, дүниетанымын оң әсерін тигізерідаусыз.
1. Танымдық мәдениет (танымдық өмірге көзқарас, ой-өріс, жан-
жақты білім, ойлау мәдениеті т.б)
2. Адамгершілік (өнегелік) мәдениеті (мейірімділік,
жауапкершілік, сыйластық, кешірімділік т.б)
3. Ұлттық мәдениет (ұлттық сана, өзін-өзі бағалау, мақтаныш,
патриотизм, намысшылдық)
4. Әлемдік мәдениет (азаматтық, міндеттері мен құқықтары,
жауапкершілік, белсенділік, ұжымшылдық т.б)
5. Салауатты өмір сүру мәдениеті (экономикалық мәдениет, жеке
адам экологиясы, санитарлық-гигиеналық нормалар, дәстүрлі
емес сауықтыру әдістері, белсенді қозғалыс, спорт, дене
шынықтыру).
6. Дүниетаным мәдениеті (ғылыми, діни дүниетаным, дүниені
қабылдау, дүниені ұғыну).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет