6. Гипоплазия жәнеоныңэтиологиясы


Стоматологиялық клиниканың терапия бөлімін ұйымдастырудың эргономикалық негіздері



бет8/12
Дата26.05.2022
өлшемі0,82 Mb.
#145108
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
кариес 6-10 жасмин

9.Стоматологиялық клиниканың терапия бөлімін ұйымдастырудың эргономикалық негіздері.
Соңғы кездерде стоматологияның өркендеуіне байланысты жұмыс орны күрделі стоматологиялық құрылғылармен жабдықталған. Себебі, көрсетілетін көмек тістің қатты тіндерін өңдеумен байланысты болады. Ереже бойынша бір стоматологиялық құрылғы орнату үшін бөлме 14 шаршы метрден кем болмауы, ал әрбір қосымша қойылған стоматологиялық қүрылғы үшін 7 шаршы метр аудан қосылады. Бөлме едені линолиуммен не кафельмен жабыстырылған, ал қабырғалары 180 см биіктікте майлы бояумен сырланған немесе кафель жабыстырылған болуы шарт. Бөлмеде вентиляция люгы, желдеткіштер және міндетті түрде ауаны зарарсыздандыру ушін кварц шамы болуы керек.
Стоматологиялық құрылғы табиғи жарық көзіне қаратылуы шарт.Бөлмеде дәрігер, мейірбике және кіші мейірбике үшін орын болады. Дәрігердің жұмысы үшін стоматологиялық қүрылғы, отыратын винтті орындық, дәрі-дәрмек үшін үстел, науқасқа орындық және жасанды жарық көзі болуы керек. Медбикенің жұмыс орнынада құрал-саймандар үшін үстел, күшті әсер ететін дәрілер үшін А және Б шкафы, анафилактикалық шокқа қарсы қолданатын дәрі-дәрмектер мен материалдар үшін шкафтар, залалсыздандырылған үстел, жазу үстелі болуы тиіс. Кіші медбике үшін зарарсыздандыратын заттарға арналған шкаф, раковина болуы керек.
10.Ятрогенді және жұқпалы аурулардың алдын алу.
Ятрогенді ауру – медицина қызметкерінің сөзінен, ісінен пайда болатын ауру. Ол медициналық қызметкерлердің теріс түсіндірген сөзінен немесе мінез - құлқынан шығады. Кіші мейіркеш немесе техникалық қызметкерлердің сырқатқа зерттеу нәтижесін қате болжап, айтып берген жағдайда да кездеседі. Сөз науқасты емдеп қана қоймайды, оны жаралауы да мүмкін екендігін мейірбике жанында ұстап, науқас көзінше түсініксіз терминдерді айтпауға тырысу керек. Ятрогенді аурулардың себептеріне: жалпы және медициналық мәдениетінің жетіспейтіндігі, асығысты, науқастың ыңғайсыз диагнозын болжау, зерттеу нәтижесін дұрыс түсіндірмеу жатады. Кез келген ауру жағдайында мейірбике науқастың психикасын бұзбауға тиіс. Мейірбике мен дәрігер осы сырқаттарға ерекше көңіл аударып, түсіндіру жүмысын ж.ргізгенде терең білім мен ақылды қолдану қажет. Науқасқа дәрі-дәрмектерден гөрі, Сіздің түсінушілігіңіз, моральдық қолдауыңыз керек.
6.Науқасты қарап тексергенде 14 тістің мойын бөлігінде тісжегі қуысы бар, дентин-эмаль шекарасынан тереңірек орналасқан. Тістің түсі өзгермеген. Шұқып тексергенде табаны ауырмайды, қабырғаларында ауру сезімі бар. Қағып тексергенде ауру сезімі жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет