Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.еркін сөз тіркестері,
2.тұрақты сөз тіркестері – фразеологизмдер,
3.мақал-мәтелдер, идиомалық тіркестер.
Әдебиет: Ш. Бектұров “Қазақ тілі” Алматы. “Атамұра”, 2006ж. 172-176- беттер.
Дәріс №6. Лексикография. Этимология
Мақсаты: Лексикография және сөздіктердің түрлері туралы түсінік Түсіндірме сөздіктер Диалектологиялық сөздіктер туралы мағлұмат беру
Жоспар:
Лексикография және сөздіктердің түрлері туралы түсінік
Түсіндірме сөздіктер
Диалектологиялық сөздіктер
Салыстырмалы сөздіктер
Этимологиялық сөздіктер
Синонимдер сөздігі
Фразеологиялық сөздіктер
Аударма сөздіктер
Теминологиялық сөздіктер
Шет тілдер сөздігінің сөздігі
Лексикография сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы дегенді білдіреді. Сөздіктерді жасау үшін, тілдегі сөздер мен фразеологиялық оралымдарды жинау және оларды жүйеге келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сөздік жасау жұмысы лексикографиялық жұмыс деп аталады.
Сөзіктердің тіл – тілде бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәдени қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Ленгвистикалық сөздіктер жасалу мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
1. Сөздіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын, дамуын және оның бірнеше дәуірін қамтып сипаттайтын түзі бар. Мұндай сөздіктер тарихи сөздіктер деп аталады. Керісінше, сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілде жаппай және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, оларға талдау жасап, сипаттама беріді мақсат етеді. Мұндай сөздіктер қазіргі тілдің сөздіктері (современные словари ) деп аталады.
2. Сөздіктердің белгілі бір түрі тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып,сипаттауды мақсат етеді. Мұндай сөздік толық сөздік деп аталады. Сөздіктердің енді бір түрі тілдің сөздік құрамындағы барлық сөздерді емес, оның белгілі бір дәуіріндеге сөздерді немесе лексикасының белгілі бір саласын қамтитын сөздік түрінде жасалады. Мұндай сөздік кіші сөздік немесе толық емес сөздік ( неполный словарь) деп аталады. Сөздіктердің бұл түріне арнаулы сөздіктер де, (мысалы, терменологиялық сөздік, синонимдер сөздігі,фразеологиялық сөздік және т.б.) жатқызуға болады.
Түсіндірме сөздік әдеби тілдегі жалпылама және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, олардың мағыналарын талдап түсіндіруді, әдеби тілдің лексикалық, семантикалық нормаларын көрсетуде мақсат етеді.
Орыс тілінде түсіндірме сөздік жасаудың мол тәжірбиесі бар. Содан орыс тілінің кеңес дәуіріндегі түсіндірме сөздігі жасалып, бірнеше жылдан кейін проф.Д. Н. Ушаковтың редакциясымен басылып шықты. Бұл еңбек орыс әдеби тілінің нормативті түсіндірме сөздігі ретінде жасалады.
Орыс тілінідегі түсіндірме сөздіктің шағын түрі – С.И. Ожегов құрастырған «Словарь русского языка» деп аталатын сөздік. Бұл сөздік әрі нормативті, әрі түсіндірме – тарихи сөздік болып саналады.
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» І томы 1959 ж., ал ІІ томы 1961 ж. жарыққа шықты. Бұл «Сөздік» - қазақ тілінде түсіндірме сөздік жасаудың ең алғашқы тәжірибесі.
Диалектологиялық сөздіктер және оларды құрастыру белгілі ғылыми мақсатта көздейді. Диалектологиялық сөздік әдеби тілдің лексикасынан тыс жатқан, бірақ ұлттық тілдің жергілікті тармақтары болып табылатын немесе говорларға тән сөздер мен сөз тіркестерін қамтиды.
Салыстырмалы сөздік те ғылыми мақсатты көздейді. Онда туыстас тілдердегі ортақ түбірлес сөздер беріледі; ондай сөздердің әр түрлі туыстас тілдердегі ұқсас жақтары да, айырым жақтары да көрсетіледі.
Акад. В.В. Радловтың «Опыт словаря тюрских наречий» деп аталатын 4 томдық сөздігінде де салыстырмалы мол материал берілген. Мысалы:
«Қол 1. рука человека, передняя нога животных, кисть руки; оң қол, сағ қол (Osm) правая рука; сол қолда по левой руке;
2. разветвление; ағач қолу (Osm) ветвь дерева, часть территории.
3. армия, войско, отряд; Ормон-Баттің атанған он сан Ноғаі – біраунуң ақылы он сан қолдаі (Kir.).
4. кусок материи; еккі қол пос два уска бумажной материи ».
Этимологиялық сөздік белгілі бір тілдегі сөздердің шығу төркінін (этимологиясын), олардың бастапқы мағыналары мен дыбысталу түрін айқындап көрсетуді мақсат етеді.
Этимологиялық сөздік жасау – өте-мөте күрделі және қиын жұмыс. Этимологиялық сөздікте бірілетін қыруар сөздердің шығу тегін айқындау тарихи фонетика мен грамматиканың мәселелерін жете білуді қажет етеді.
Синонимдер сөздігіне синонимдік қатарлар беріліп, әрбір синонимдік қатардың құрамындағы мәндес сөздердің мағыналық ерекшеліктері мен қолданылу ерекшеліктері түсіндіріледі. Синонимдік қатардың құрамындағы сөздердің сөздікте орналасу тәртібі, мысалы, қай сөздің бұрын, қай сөздің кейін орналасуы, белгілі бір қағидаға негізделеді. Синонимдес сөздер тобының ішінен мағынасы жағынан сол топтағы сөздердің барлығының бәріне бірдей тән, күллісіне бірдей ортақ жалпы мағынаны білдіретін сөз доминант сөз деп аталады. Мысалы, халық, ел, жұрт, халайық, әлеумет деген синонимдік қатардың құрамындағы доминант сөз - халық. Мысалы, орыс тілінің синонимдер сөздігіне большой деген сөз «үлкен» деген мағынасында громадный, огромный, гигантский, исполинский, коллосальный деген сөздердің синонимдік қатарында берілсе, «ересек» деген мағынасында взрослый,совершеннолетний, зрелый, великовозрастный деген сөздердің синонимдік қатарында берілген.
Фразеологиялық сөздіктер белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтиды, олардың мағыналарын түсіндіреді.
“Орыс тілінің фразеологиялық сөздігі” (редакциясын басқарған А.И.Молотоков) 1967 ж. жарық көрді. Бұл сөздікте фразеологиялық оралымдар оларды құрастырушы сыңарлардың алфавит тәртібі бойынша тізіліп, белгілі бір фразеологиялық оралым қанша сыңары болса, сонша рет қайталанып берілген. Сөздікте фразеологиялық оралымның мағынасы түсіндіріледі де, ол мағынаны ашып айқындайтындай әдебиеттен мысал беріледі.
Аударма сөздіктердің екі түрі бар: оның бірінде белгілі бір шет тілдегі сөздер мен фразеологизмдер ана тіліне аударылып беріледі де, екіншісінде керісінше, ана тіліндегі сөздер мен фразеологизмдер шет тілге аударылады.
Әр түрлі тілдерде жасалған сөздіктердің ішінде ең көп кездесетіні – екі тілді аударма сөздіктер.
1. Аударма сөздіктерде бір тілдегі тұрақты фразеологиялық сөз тіркестерін екінші тілден балама боларлық тұрақты фразеологиялық сөз тіркестерін тауып аудару тәсілі қолданылады.Мысалы: “Орысша – қазақша сөздікте”: броситься в глаза – көзге түсу; влезть в долги – борышқа бату; их водой не разольешь – арасынан қыл өтпейді т.б.
Терминологиялық сөздіктер ғылым мен техниканың т.б. сан алуан салаларына қатысты терминдерді қамтып, оларды білдіретін ұғымдарын түсіндіріп беруді мақсат етеді.
Терминологиялық сөздіктер бір тілдік түсіндірме сөздік түрінде де, екі тілдік аударма сөздік түрінде де жасалады. Бір тілді жасалған терминологиялық сөздіктерде терминнің білдіретін ұғымына талдау жасалып, түсінік беріледі. Осындай сөздіктің бірі – О.С.Ахманованың “Лингвистикалыө терминдер сөздігі” (М., 1966) деп аталатын еңбегі. Сөздікте лингвистика терминдердің білдіретін ғылым ұғымы түсіндірілген.
Шет тілдер сөздерінің сөздігі (Словарь иностранных слов) шығу төркіні басқа тілдік сөздер мен терминдерге қысқаша түсінік беруді мақсат етеді. Шет тілдер сөздерінің сөздігі шығу төркіні басқа тілдік сөздердің бәрін бірдей емес, қоғамдық ғылымдар мен көпшілікке арналған ғылыми-техникалық әдебиетте, көркем әдебиет пен газет-журналдарда өолданылатын шет тілдік сөздер мн терминдерді қамтиды.
Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология.
Этимология (гректің etimologia – ақиқат, шындық туралы ілім деген сөдеріне алынған) – тіл білімінің жеке сөздер мен морфемаларының шығу тарихын зерттейтін саласы. Этимология - этимондар, яғни сөздің ақиқат мәні, мағынасы туралы ілім.
Дәрісті қорытындылау: Сөзіктердің тіл – тілде бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәдени қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Ленгвистикалық сөздіктер жасалу мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Сөздіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын, дамуын және оның бірнеше дәуірін қамтып сипаттайтын түзі бар. Мұндай сөздіктер тарихи сөздіктер деп аталады. Керісінше, сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілде жаппай және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, оларға талдау жасап, сипаттама беріді мақсат етеді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Лексикография және сөздіктердің түрлері туралы түсінік
Түсіндірме сөздіктер
Диалектологиялық сөздіктер
Салыстырмалы сөздіктер
Этимологиялық сөздіктер
Синонимдер сөздігі
Фразеологиялық сөздіктер
Аударма сөздіктер
Теминологиялық сөздіктер
Әдебиет: К.Аханов Тіл білімінің негіздері, Алматы, 2003, 164-165-бет.
3-модуль. Морфология
Дәріс №7. Морфология. Морфемика. Сөзжасам (дервитология
Мақсаты: Грамматика және оның салалары Сөздің морфологиялық құрылымы және мағыналық бөлшектері туралы мағлұмат беру
Жоспар.
Грамматика және оның салалары
Сөздің морфологиялық құрылымы және мағыналық бөлшектері туралы мағлұмат.
Түбір морфема мен негіз.
Аффистик морфема және олардың түрлері.
Сөздердің морфемаларға мүшелену мүмкіндігі.
Сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеруі.
Қазақ тілінде түбір сөздер негізінен екі, үш, бес, алты дыбысты болып келеді. Ғалымдардың айтуына қарағанда, түбір сөздің құрамындағы дыбыстар саны неғұрлым аз болса, сол сөз көне сөз болады. Түбір сөз - сөздердің ешқандай тұлғалық бөлшектерге бөлінбейтін түпкі, негізгі қазығы, ұйтқысы, жаңа сөз жасаудың ұйтқысы, мағыналы бөлшегі. Мысалы: жұмысшылар деген сөзді алсақ, жұмыс түбір сөз, -шы-лар қосымша, ал осы екеуінен жасалған жұмысшылар қосымшалы сөз. Қосымшалардың жеке-дара тұрғанда, түбірге жалғанбай тұрған кезде өзіне тән ешқандай арнаулы мағынасы болмайды. Сондықтан, қосымшалар түбірдің қатысынсыз жеке-дара қолданылмайды. Қосымшалардың мағынасы түбір сөздің ықпалына еріп, өзгеріп, түрленіп отырады. Мысалы: -шы, -ле қосымшаларын жеке-дара алып қарасақ, ешқандай мағынаны білдірмейді. Енді осыларды мал, шеге, жұмыс сөздеріне қоссақ, онда малшы, шегеле, жұмысшы сөздері пайда болып, малшы, жұмысшы сөздері адам ұғымын білдіреді де, шегеле сөзі қимылдық ұғымды білдіреді. Демек, бұл қосымшалар түбірге жалғанғанда жай заттық ұғымдардан, екінші бір ұғымдарға ие болатын сөздерге ауысуға дәнекер болады.
Бірінші топтағы су сөзі заттық ұғымды білдіретін, түбір сөз бұған –шы, -сын, -лық, -ат тәрізді сөз бөлшектерін қосқанда, одан төрт түрлі (сушы, сусын, сулық, суат) заттық ұғымды білдіретін әркелкі жаңа сөздер пайда болды. Содай-ақ, екінші топтағы сөздердің де су сөзі – заттық ұғымды білдіретін түбір сөз, ал бұдан –ла, -ар, -са,-сы жұрнақтары арқылы өрбіген сула, суар, сусы, суса сөздері қимылдық ұғымды ғана білдіріп, су сөзінен мағыналық жағынан алыстап кетпеген сөздер боп қалады. Осы екі топтағы сөздердің бірін - сөз тудыратын, бірін - сөз түрлендіретін жұрнақтар деп атаймыз.
Сөйтіп, өзінің жалғанған сөзінен жаңа мағыналы сөз тудыратын жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ.
Мысалы: су, қой деген сөздерге -шы жұрнағын жалғау арқылы сушы, қойшы сөздері жасалады.
Жалғанған сөзінің алғашқы негізгі мағынасын өзгертпей, оған тек сәл ғана үстеме мағына беретін жұрнақтың түрі сөз түрлендіруші жұрнақ.
Мысалы: су, қызыл сөздеріне –ла, -ырақ жұрнағын жалғау арқылы жасалған сула, қызылырақ сөздерін алсақ, мұнда алғашқы сөздер
Жұрнақ жалғанған сөзіне не үстеме мағына, не бүтіндей жаңа мағына қосатын болса, жалғау жалғанған сөзін екінші бір сөзбен қарым-қатынасқа түсіріп, оларды өзара байланыстырып, жалғастырып және жалғанған сөзіне азын-аулық үстеме мағына беріп тұратын грамматикалық тұлға. Мысалы: Асқардың інісі Мәскеуде оқиды деген сөйлемді қосымшаларсыз Асқар… іні… Мәскеу… оқи… деп айтсақ, ешнәрсе түсіне алмаған болар едік. Мұнда біз жеке-жеке ұғымның атын ғана ұққан болар едік. Осындағы –дың, -сі, -да, -ды жалғаулары ең алдымен, бұл сөйлемді белгілі бір хабарды білдіру мәнінде жұмсауға көметеседі. Екіншіден, бұл қосымшалар осы сөйлемді бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіріп, байланыстырып тұр. Басқаша айтқанда, «жалғау» өзінің тура мағынасына сәйкес, сөз бен сөзді бір-бірімен ұластырушы қызметте жұмсалады. Жалғаулар да жұрнақтар сияқты дербес, жеке мағынада жұмсалмайды, өйткені бұлар да сөзден тыс
Осылармен қоса қазақ тілінде өлі жұрнақтар делініп жүрген – ыз, -із, -з жұрнақтары арқылы берілетін көптік мағына морфологиялық тәсілге жатқызылып жүр. Бұл бірен-саран сөздерде болмаса, көп байқала бермейді. Мысалы: біз, сіз, көз, егіз. Кейбір қос сөздер де көптік жалғауынсыз-ақ көптік мағынаны береді. Мысалы: ән-күй, бала-шаға, тау-тау, т.б.
Көптік жалғауы бірыңғай мүшелі сөйлемнің ішіндегі бірыңғай
мүшелерінің әрқайсысына жалғанып жатпай-ақ ең соңғы мүшеге жалғанады. Мысалы: Зоопарктен қасқыр, арыстан, түлкі, аюларды көрдік.
Тәуелдік жалғау да – сөзді қатынасқа түсіретін қосымшаның бір түрі. Бұл бір заттың біреуге не бір нәрсеге тәуелді, меншікті екендігін көрсету үшін қолданылады.
Тәуелдік жалғауы дегенде, меншіктеуші жақ пен меншіктелуші зат қоса-қабат жүреді. Меншіктеуші жақ жіктеу есімдіктерінің үш жағының (анайы түрі: мен, сен, ол, біз, сендер, олар; сыпайы түрі: сіз, сіздер) бірімен байланысты болып отырады. Осылардың қай-қайсысы болмасын ілік септігінің жалғауында тұрады.
Жіктік жалғауы басқа қосымшалар сияқты сөз бен сөзді байланыстырып, қарым-қатынасқа келтіріп тұрады. Жіктік жалғауы жалғанған сөз үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалып, бастауышпен жақтық, шақтық жағынан қиыса байланысып келеді. Жіктік жалғауы баяндауыш қызметінде келетін барлық сөздерге жалғанады. Мысалы: Мен инженермін. Сен инженерсің. Бүгін сенсің. Біз көппіз. Мен келдім. Сен келдің.
Сөздерге үш жақта, көпше, жекеше жіктік жалғауы жалғануын сөздің жіктелуі дейміз.
Қазақ тіліндегі сөздер төрт топқа бөлініп жіктеледі.
Бірінші топтағы сөздердің жіктелуі отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктер мен есімдер, үстеулер баяндауыш болып, жекеше де, көпше де жіктеледі.
Отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктерінің жіктелуі.
Септік жалғауы да көптік жалғауы сияқты сөз бен сөздің арасын байланыстырып оларды өзара қарым-қатынасқа түсіреді. Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылаулармен де, олардан басқа сөз таптарымен де байланысқа түседі, тіпті өзді-өзі қарым-қатынасқа түседі. Мысалы: Олар мектепке келді. Олар мектепке дейін келді. Оқушылар мектепте оқиды. Септік жалғауларының сөздерді байланыстыратын қасиетіне көңіл аударайық. Жомарт жоспардың үшінші саласына көшті. Деген сөйлемдегі қосымшаларды алып тастасақ: Жомарт жоспар... үшінші саласы... көшті түрінде айтылып, байланыссыз сөздер тізбегі болар еді. Демек, бұл –дың, -на қосымшалары сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып, жалғастырып, септестіріп тұр.
Септік жалғауы дегендегі септік деген термин сеп (жәрдем, көмек, дәнекер) деген ұғымды береді. Осы сөзден туған септеу деген сөз екі түрлі мағынада жұмсалады: бірі-екі нәрсені (жіпті) жалғау, ұластыру; екіншісі-сөздердің септік жалғауларын қабылдап өзгерту жүйесі.
Сөздерді септеу үшін оның жалғаулары арнаулы септіктерге жалғанатынын ескерген жөн. Қазақ тілінде жеті септік бар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері. Әрбір септікте сөз белгілі сұрақтарға жауап береді. Әрбір септікте тұрған сөздердің соңғы буындарының соңғы дыбыстарының ыңғайына қарай арнаулы қосымшалар бар. Сөздің қай септікте тұрғанын сұрағына қарай ажыратамыз. Септіктің сұрақтары кім? не? деген негізгі сұрақтан өрбиді.
Атау септігі. Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер? Олар жекеше де, көпше де және тәуелді түрде қолданыла береді. Жалғаулары жоқ. Атау септігіндегі сөздер арқылы басқа септіктерді ажыратамыз. Олар сөйлемде бастауыш, баяндауыш, анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Еңбектен еңбек туады. Ол - мұғалім. Мен қол сағат сатып алдым. Демек, атау септігіндегі сөздер заттар мен сын-құбылыс, сандарды атайды.
Ілік септігі. Сұрақтары: кімнің? ненің? кімдердің? нелердің? Жалғаулары: -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің.
Барыс септік. Сұрақтары: кімге? неге? қайда? кімдерге? нелерге? Жалғаулары: -ға, -ге, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е. Олар ашық та жасырын да ке
Табыс септігі. Сұрақтары: кімді? нені? Жалғаулары: -ды, -ді, -ты, -ті, -ны, -ні, -н. Олар ашық та жасырын да келе береді. Ол етістікпен байланысып, амалмен, іспен қатынаста болады. Сөйлемде - толықтауыш. Табыс жалғаулы сөз нақты белгіні, нәрсені көрсеткенде немесе тәуелдік жалғаулы сөздермен келгенде ашық түрде келіп, тура толықтауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: Сіз мына кітапты алыңыз. Жолдасымды көрдім.
Жатыс септігі. Сұрақтары: кімде? неде? қайда? Жалғаулары: -да, -де, -та, -те, -нда, -нде. Ол мекендік, көлемдік, мезгілдік мағынада жұмсалады. Мысалы: Үшеуі жолда келе жатып бір уыс сұлы тауып алыпты(мекен). Байлық еңбекте, жерде(көлем). Сабақ қыркүйекте басталады.
Шығыс септігі. Сұрақтары: кімнен? неден? қайдан? Жалғаулары: -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен. Мағынасы: іс-әрекеттің орнын, себебін, мезгілін, мөлшерін, т.б. Мысалы: Бұлақ таудан ағады. Көз көруден тыйылмас, көңіл сенуден тыйылмас. Шегірткеден қорыққан егін екпес. Абай осы отырғаннан таң атқанша тапжылған жоқ. Ойыншық қағаздан, темірден, ағаштан жасалған.
Көмектес септігі. Сұрақтары: кіммен?немен? қалай? Жалғаулары: -мен, менен, -бен, -бенен, -пен, -пенен. Жалғауларының жуан түрі болмайды. Мағынасы мен қызметі алуан түрлі.
Дәрісті қорытындылау: Сөздерді септеу үшін оның жалғаулары арнаулы септіктерге жалғанатынын ескерген жөн. Қазақ тілінде жеті септік бар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері. Әрбір септікте сөз белгілі сұрақтарға жауап береді. Әрбір септікте тұрған сөздердің соңғы буындарының соңғы дыбыстарының ыңғайына қарай арнаулы қосымшалар бар.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Грамматика және оның салалары.
Сөздің морфологиялық құрылымы және мағыналық бөлшектері туралы мағлұмат.
Түбір морфема мен негіз.
Аффистик морфема және олардың түрлері.
Сөздердің морфемаларға мүшелену мүмкіндігі.
Сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеруі.
Әдебиет: Бектұров Ш.К. Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана:”Фолиант” баспасы, 2003, 75-88 - беттер.
Дәріс №8. Зат есім. Сын есім. Сан есім. Есімдік
Мақсаты: Зат есім. Сын есім. Сан есім. Есімдік туралы мағлүмат беру
Жоспар:
1.Морфология.
2.Сөз таптары, оларды топтастыру принциптері.
3.Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
4. Сын есім лексика-грамматикалық сипаты
Заттың (нәрсенің) атын білдіретін атау сөздер зат есім деп аталады.
Зат есімдер кім? не? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: ата, бала, оқушы сөздері кім? деген сұрауға жауап берсе, ағаш, дәптер сөздері не? деген сұраққа жауап береді.
Қазақ тілінде кім? сұрауы тек адамға қойылады, ал не? сұрауы қалған жанды да жансыз да зат есімдерге қойылады.
Сын есім
Заттың сынын, сипатын, түрін, көлемін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз.
Сын есімдер қандай? қай? кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап береді.
Сын есімдер қазақ тілінде көбінесе анықтауыш болып келеді.
Қатыстық сын есімдер туынды сын есім болып табылады. Қатыстық сын есімдер зат есімдерге төмендегі жұрнақтар жалғану арқылы жасалады.
Жеке тұрып, дербес, толық, мағынаға ие бола алмайтын және сөйлемде өз алдына сөйлем мүшесі болу қасиеті де жоқ біраз сөздер бар. Ондай сөздер алдындағы есімдердің біріне
көмекшілік қызмет атқарады. Мысалы: сырт, іш, асты, үсті, ара, қасы, жаны, маңы, түбі, алды деген сөздердің жеке тұрғанда мағыналары айқын болмай, көмескіленіп, солғындап қана көрінеді. Ал осыларды негізгі есімге тіркесек, тіркескен сөзіне көмекшілік мағына үстеп, оның мекенін, айналасын дәлелдеп көрсетіп тұрады.
Көмекші сөздер қосарланып та келеді. Мысалы: жан-жағы, үсті-басы, басы-қасы, т.б.
Көлемдік қатынасты білдіретін көмекші есімдер көбінесе барыс, жатыс, шығыс септіктерінде жұмсалады. Тау басында тұрмыз. Тау басынан түсіп келеміз. Тау басына шықтық
Көмекші есімдер негізгі есімдермен тіркесіп, көбіне күрделі пысықтауыш қызметін атқарады.
Мысалы: Отан алдында борыштымыз. Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты. (мақал). Қарағайдың түбіне күн сәулесі түспейді. (С.Мұқанов).
Зат есімді талдаудың үлгісін ұсынамыз: Абайдың жайшылықтағы оқуынан
Әдебиет: Қазақ тілі(жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған). Редактор-
құрастырушы: В.Ю. Франк. Алматы, 1999, 74-75-беттер. Бектұров Ш.К. Қазақ тілінің
қолданбалы грамматикасы. Астана:”Фолиант”, 2003, 111-112-беттер.
Сын есімнің шырайлары
Шырай түрлері
|
Жұрнақтар және олардың мағынасы
|
Мысалдар
|
1. Жай шырай
|
|
әдемі, жақсы, ақ, қара
|
2. Салыстырмалы шырай
|
а) (-рақ,-рек,-ырақ,-ірек) бір заттың сынын екінші бір сынмен салыстыру арқылы бір-бірінен болмашы айырмашылығын білдіреді.
|
Біздің үй сіздікінен кіші+рек Ол менен жас+ырақ
|
б) (-лау,-леу,-дау,-деу,тау, -теу) орыс тілінің - оват, - еват жұрнақтарына сәйкес келеді.
|
Сенің көйлегің әдемі+леу семіз+деу
жұмсақ+тау
биік+теу сары+лау
|
в) (-қыл,-ғыл,-ғылт,-ғыш,-ғылтым,-қылтым,-шыл,-шіл,-шылтым,-шілтім,-ілдір,-қай) зат түстерінің (сынның) кішірейтіліп, шамамен айтылғандығын білдіреді.
|
қу+қыл боз+ғыл
сұр+ғылт, сұр+ғылтым
аш+қылтым ақ+шыл
көк+шіл, көк+шілтім
көк+ілдір қоңыр+қай
|
3. Күшейтпелі шырай
|
Бірінші буынның қосарланған түріне «п» әрпінің қосылуы арқылы
|
сап-сары
қап-қара жап-жасыл
|
4. Асырмалы шырай
|
Сын есімге ең, өте, тым, аса, нағыз, тіпті сөздерінің қоса айтылуы арқылы ең, өте, тым, аса, нағыз, тіпті
|
ең тәуір адам өте жақсы
тым биік тіпті жақын
|
Сан есім
Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөздер сан есім деп аталады. Сан есімдер неше? нешеу? нешінші? қанша? деген сұрақтарға жауап береді
Түрлері
|
Мысалдар
|
I.Тұлғасына қарай
|
1. Негізгі
|
екі,төрт, алпыс, отыз.
|
2.Туынды
|
бірінші, екеу, бірер, елудей .
|
II.Құрамына қарай
|
1.Дара
|
бір, екі, бес, жүз, мың
|
2.Күрделі
|
Он бес, бес жүз , бір мың алпыс
|
III.Мағынасына қарай
|
1.Есептік
|
Үш, төрт,жүз , мың.
|
2. Реттік
|
бірінші, жүзінші, мыңыншы.
|
3. Жинақтық
|
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау , жетеу .
|
4. Топтау
|
Он-оннан, бес-бестен, екі-екіден.
|
5. Болжалдық
|
алпыстай, мыңдап, жүздеген.
|
6. Бөлшектік
|
2/5 бестен екі 25/10 екі бүтін оннан бес
|
Есімдік
Есім сөздерді ( зат есім, сын есім, сан есім) ауыстырып, солардың орнына жүретін сөздер есімдіктер деп аталады.
Түрлері
|
Мысалдар
|
I.Тұлғасына қарай
|
1. Негізгі
|
мен, сен, не, кім
|
2.Туынды
|
біреу, мынау, қандай
|
II.Құрамына қарай
|
1.Дара
|
ол, анау, сонау, қанша
|
2.Күрделі
|
бірнеше, ешкім , кейбіреу
|
III.Мағынасына қарай
|
1.Жіктеу
|
мен, сен, сіз, ол, біз, біздер, сендер, сіздер, олар
|
2. Сілтеу
|
бұл, осы, мына, мынау, сол, ана, анау.
|
3. Сұрау
|
кім? не? неше? қай? қандай? қалай?
|
4. Өздік
|
өз
|
5. Белгісіздік
|
біреу, кей, кейбір, бірдеңе, әр, әрбір
|
6. Болымсыздық
|
ешкім, ешбір, ештеме, дәнеме, ешқашан
|
7. Жалпылау
|
бәрі, барлық, бүкіл, барша, күллі, түгел
|
Дәрісті қорытындылау: Жеке тұрып, дербес, толық, мағынаға ие бола алмайтын және сөйлемде өз алдына сөйлем мүшесі болу қасиеті де жоқ біраз сөздер бар. Ондай сөздер алдындағы есімдердің біріне
көмекшілік қызмет атқарады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Морфология.
2.Сөз таптары, оларды топтастыру принциптері.
3.Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
Әдебиет: Қазақ тілі(жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған). Редактор-құрастырушы:В.Ю. Франк. Алматы, 1999, 110-бет.
Дәріс №9. Етістік. Есімше. Көсемше
Мақсаты: Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. Етіс категогиясы. Шақ категориясы. Есімше. Көсемше туралы мағлұмат беру
Жоспар:
1.Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты
2. Етіс категогиясы
3. Шақ категориясы
4. Есімше. Көсемше
Заттың қимылын, ісін, күй-жайын білдіретін сөз табы етістік деп аталады. Етістік сөйлемде көбінесе баяндауыш қызметін атқарады. Не істеді? Не қылды? Не істелінді? Қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.
Етістік істің белгілі бір уақытта (шақта) болатынын білдіреді. Мысалы: мен бардым, мен барғанмын, мен барып едім (өткен шақ), мен барамын, мен барармын, мен бармақпын (келер шақ), мен оқып отырмын, ол көріп тұр (осы шақ).
Қимыл іс-әрекет белгілі бір уақыт кеңістігінің аралығында болады. Мұны етістіктің шағы деп атайды. Қимыл іс-әрекеттің орындалатынына, орындалуға тиістілігіне, орындалғандығына қарай етістік үш шаққа бөлінеді.
1. Осы шақ. 2. Келер шақ.3. Өткен шақ.
Етістіктің осы шағы қимыл мен іс-әрекеттің дағдылы түрде болып тұратынын және қазіргі кезде орындалып жатқандығын білдіреді. Мысалы: Мен отырмын, мен жазып отырмын, мен жазамын, мен отырамын.
Осы шақтың екі түрі бар. Нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ.
1. Нақ осы шақ қимыл іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақытта өтіп жатқандығын білдіреді.
Ол жалаң да, күрделі де болып келеді.
а) жалаң осы жақ жатыр, отыр, тұр, жүр етістіктеріне жіктік жалғауының I, II жағында келуі арқылы жасалады.
ә) Күрделі осы шақ негізгі етістіктің көсемше түріне жатыр, отыр, тұр, жүр деген төрт етістіктің біреуінің тіркесуі арқылы жасалады. Соңғы жатыр, отыр, тұр, жүр көмекші етістіктері жіктеледі де, көсемшелер өзгеріссіз қалады. Мысалы: оқып отыр - оқып отырмын; бара жатыр - бара жатырсың.
2. Ауыспалы осы шақ істің, процестің, құбылыстың, жаратылыста үзілмей дағдылы түрде болып тұратындығын білдіреді. Мысалы: құс ұшады, мал төлдейді, су ағады, от жанады. Қалған жағдайда келер шақта жұмсалады. Мысалы: келеді, барады, сөйлейді.
Ауыспалы осы шақ -а-, -е-, -й жұрнақты көсемшелерге жігтік жалғауы қосылу арқылы жасалады. Мысалы: жаз-а-мын, үз-е-мін, сөйле-й-мін.
Келер шақ істің сөйлеп тұрған уақыттан кейін істелетіндігін көрсетеді. Мысалы: Пойыз уақытында келер. Ол оқуға бармақ. Мен ертең 7-де тұрамын.
Осындағы келер, бармақ, тұрамын етістіктері істің болашақта орындалатындығын білдіріп тұр. Келер шақ:
Болжалды келер шақ. 2. Мақсатты келер шақ. 3. Ауыспалы келер шақ болып үшке бөлінеді.
Болашақта істің істелуі белгісіз болса, болжалды келер шақ деп аталады. Болжалды келер шақтың жұрнақтары: –ар, -ер, -р. Бұлар жіктеледі. Мысалы: Мен кел-ер-мін, қайт-ар-сың, ол отыр-ар.
2. Істің істелетінін мақсат ете көрсететін етістіктерді мақсатты келер шақ дейді. Мысалы: келмек, айтпақпын, жазбақпын, сөйлеспекпін, үйренбексіз т.б.
Мақсатты келер шақтың жұрнақтары: –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пак, -пек. Бұлар жіктеледі. Мен келмекпін, сен келмексің, ол келмек.
3. Ауыспалы келер шақтың жасалуы келер шақтың жасалуымен бірдей, бірақ мағынасы ыңғайға қарай ажыратылады. Мысалы: Мен ертең сағат 7-де тұрамын, сендерге біз екі күннен кейін келеміз. Мұнда тұрамын, келеміз сөздері келер шақтық мағынада жұмсалып тұр, ал құс ұшады, ол орысша сөйлейді дегендегі ұшады, сөйлейді дегендер осы шақ мәнінде жұмсалып тұр.
Өткен шақ қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден бұрын болғанын білдіреді. Мысалы: Тұрар Мәскеуден келді. Ол Мәскеуден кеше келіпті. Осы екі сөздер екі мағына береді. Біріншіден, айтушы Тұрарды өзі көріп іле хабарлап тұр, екіншіден айтушы біреуден естіп, хабарлап отыр.
Сондықтан өз көзімен көріп, жедел хабарлап тұрғандықтан, мұндай өткен шақты жедел өткен шақ дейміз де, біреуден естіп барып, содан кейін хабарлауды немесе бұрын көргенін бөгеліп барып хабарлауды бұрынғы өткен шақ дейміз. Мына сөйлемдерді салыстырып көрейік:
Мен киноға баратынмын. Сен киноға қашан баратын едің?
Бірінші сөйлемде іс, оқиға өткен шақтық мағынада болса, екіншіде келер шақтық мағынаны білдіріп тұр.
Осындай, бір істің бірнеше рет қайталанып, дағдыға айналуын көрсететін түрі
ауыспалы өткен шақ делінеді. Сөйтіп өткен шақ: 1. Жедел өткен шақ. 2. Бұрынғы өткен шақ. 3. Ауыспалы өткен шақ болып бөлінеді:
1. Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне –ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы мен I, II жақ жіктік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бар-ды-м, бар-ды-ң т.б.
2. Бұрынғы өткен шақтың үш түрлі тұлғасы бар.
а) Бұрынғы өткен шақ есімше тұлғасының –ған, -ген, -қан, -кен түріне жіктік жалғауының көрсеткіштері қосылу арқылы жасалады. Мысалы: ал-ған-мын, жап-қан-сың, кел-ген-біз, білген жоқпын, берген емеспіз т.б.
Қазақ тілінде ең жиі қолданылатын мағына мен тұлғаға бай категория – етістіктің рай категориясы. Мысалы:
1. Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар (Ы.А.)
2. Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім (Абай).
3. Біз наурыз мерекесіне дайындалып жатырмыз.
Асты сызылған етістіктердің негізгі түбірлері (оқы, жақ, ескер, тексер, дайындал, жат). Бұлар бұйрық райдың екінші жағында тұр және түрлі косымшалармен осы шақ, келер шақ, өткен шақ тұлғаларында келген.
Осындай етістіктің жаққа, шаққа т.б. түрленуін етістіктің райы дейміз. Етістіктің төрт түрлі райы бар:
1. Ашық рай. Осы шақ, келер шақ, өткен шақ мағыналарының сөйлемде анық көрінуі ашық рай деп аталады. Мысалы: жазамын, жазасың, жазып отырмын, келерсің, боларсыз, келіп жүрмек т.б.
2. Бұйрық рай. Істің бұйыру мағынасын білдіретін етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады. Мысалы: (Сен) оқы, кел, тұр, бар, айт. (Сендер) оқыңдар, келіңдер, тұрыңдар. (Сіздер) оқыңыздар, келіңіздер, тұрыңыздар. (Ол, Олар) оқысын, келсін, тұрсын т.б.
Осындағы етістіктің II жақ жекеше түрі етістіктің негізгі түбіріне сәйкес келеді. Мысалы: жаз-дыр, кел-тір, тұр-ғыз, бар-ғыз, айт-тыр т.б.
II жақта бұйрық райдың анайы, сыпайы түрі және әрқайсысының жекеше, көпше түрі бар.
3. Шартты рай. Іс-әрекеттің істелу, болу мүмкіндігінің шартын білдіретін етістіктің түрі шартты рай деп аталады. Мысалы: Ол келсе, киноға барар едік. Киноға барудың іске асуына, оның келуі шарт болып тұр.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей (Абай). Мұнда қарынның тоюының шарты – еңбек ету.
Шартты рай – етістіктің түбіріне және етіс түбіріне -са, -се жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Бұл жұрнақтардан кейін I, II жақтың жіктік жалғауының жекеше,
көпше түрлері жалғанады. III жақта жіктік жалғауы болмайды: сөйлесе, сөйле-се-м, айт-саң.
Бұлардан шартты райдың болымсыз түрлері де жасалады. Мысалы: біл-ме-се-м, біл-ме-се-к т.б. Мұнда да болымсыз етістіктің жұрнақтары етістіктің түбіріне жалғанады.
4. Қалау рай. Іс-әрекетті орындаушы адамның талабын, ынтасын білдіріп, қалау мағынасында айтылатын етістіктің түрін қалау рай деп атайды.
а) Қалау рай етістік пен етістің түбіріне –қы, -кі, -ғы,-гі жұрнағы жалғанып, одан кейін тәулдік жалғауы қосылу арқылы және бұдан кейін кел етістігі тіркесіп келу арқылы жасалады. Мысалы: білгім келеді, айтқым келеді, санағым келеді, сөйлескім келді, кеткіміз келді.
Қалау райдың болымсыз түрі кел етістігіне -ме болымсыз жұрнағының қосылуы арқылы жасалады.
Жазғым кел-ме-ді. Сөйлескіміз кел-ме-й-ді,
Алғымыз кел-ме-ді. Алғым кел-ме-с еді,
Алғым кел-ме-ген екен т.б.
Қалау рай шартты райдың етістікке игі деген сөзбен жіктелген көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: сөйлесе игі еді, барса игі етті, таныса игі еді, ұмытпаса игі еді.
Достарыңызбен бөлісу: |