6 м 011700 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


СӨЖ тапсырмалары және СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар



бет5/6
Дата23.08.2017
өлшемі1,16 Mb.
#25052
1   2   3   4   5   6

СӨЖ тапсырмалары және СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар

СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар
Пәнді оқытудағы басты әдістер теориялық дәрістер, практикалық сабақтар коммуникативті-функционалдық, когнитивті. Практикалық сабақтың негізгі құралы болып табылатын ғылыми мәтіндер аудиторияға бейімделіп беріледі. Семинарлық сабақтарда лексикалық минимум мен соған сәйкес грамматикалық материалдарды меңгерту, тіл білімі салаларынан тақырып бойынша студенттердің рефераттар жазып, қорғаулары талап етіледі. "Қазіргі қазақ тілі" пәні бойынша студенттер кәсіби мамандығын басқа тілдермен салыстыра оқытуда оқушылардың грамматикалық білімдерін жетілдіре қалыптастыруға қол жеткізеді. Тілдің табиғаты, қоғамдық мәні, оның құрылымдық және жүйелік сипаттары, тіл білімін зерттеудің әдістері мен методологиясы туралы ғылыми түсінік алу студенттердің тіл білімі ғылымы туралы өзіндік ойы мен біліктіктіліктерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді
СӨЖ тапсырмалары



Тақырыбы

Мақсаты мен мазмұны

Әдебиеттер тізімі

балл

Орындалу мерзімі

Бақылау түрі

1

Дыбыстау мүшелері және оның қызметі

Дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі жөніндегі студенттердің білімін жетілдіру

1-7, 9, 11, 12, 14, 16

1- 4

1-апта

Сатылай комплексті талдау

2

А.Байтұрсыновтың «Жазу мәселесі» мақаласы

Студенттердің қосымша материалдармен жұмыс жасау қабілеттерін арттыру

1-7, 9, 12, 14, 16

1-4

2-апта

Конспект жазу

3

Орфоэпиялық норма туралы түсінік

Орфографиялық норманы жетілдіру

2-8, 12, 13, 16, 18

1-4

3-апта

Жаттығу, деңгейлік тапсырмалар орындау

4

Махмут Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» сөздігі

Сөздікпен жұмыс жасауға машықтандыру

2-8, 12, 13, 16, 18

1-4

4-апта

Реферат

5

Мақал-мәтелдердің айтылу мақсатына қарай түрлері

Мақал-мәтелдердің түрлерін анықтау

2-8, 12, 13, 16, 18


1-4

5-апта

Мақал-мәтел түрлеріне мысалдар келтіріп, топтап көрсету

6

Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің түрлері

Тұрақты тіркестердің талай замандар бойында жасалып, сөйлеу мәдениетінде өзіндік бар екендігін ұғыну

2-8, 12, 13, 16, 18


1-4

6-апта

Тұрақты тіркестер қатыстырып, сөйлемдер құрастыру.

7

Синоним. Синонимдік қатар

Синоним сөздердің қолданылуына мән беру

1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18

1-4

7-апта

Синонимдер сөздігімен жұмыс жасау, карточка жасау

8

Зат есімнің тәуелденуі

Тәуелдік жалғаудың басқа қосымшалар мен омоним түрлері, оларды ажырату жолдары

1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18

1-4

8-апта

Конспект

9

Сын есім шырайлары

Сын есім шырайлары, түрлері, жасалу жолдары туралы мағлұмат беру

1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18

1-4

9-апта

Көркем әдебиеттерден мысал теру

10

Есімдіктің септелуі

Есімдіктің түрленуінің қай сөз табының орнына қолануымен байланыстылығы

1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18

1-4

10-апта

Карточка толтыру

11

Етістіктің рай категориясы

Етістіктің рай категориясы туралы білім жетілдіру

1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18

1-4

11-апта

Конспект

12

Тіліміздегі одағай сөздердің қызметі

Одағайлардың сөйлемдегі қызметі, одағаймен байланысты тіл дамыту жұмыстары

1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18

1-4

12-апта

Қөркем әдебиеттерден мысал теру

13

Сөз тіркесі және оның зерттелуі

Сөз тіркестерінің түрлері. Есімді және етістікті сөз тіркестерінің ерекшеліктері

1-5, 10, 12, 13, 15, 16, 17, 18

1-4

13-апта

Конспект

14

Сөйлем мүшелері

Сөйлем мүшесі болудың шарттары

1-5, 10, 12, 13, 15, 16, 17, 18

1-4

14-апта

Көркем әдебиеттерден мысал келтіру, талдау жасау

15

Құрмалас сөйлемнің түрлері

Салалас және сабақтас құрмалас сөйлемнің негізгі белгілері

1-5, 10, 12, 13, 15, 16, 17, 18

1-4

15-апта

Синтаксистік толық талдау жүргізу



Бақылау түрлері

тест тапсырмалары


  1. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

A) Оқта-текте, ләм-мим. 
 B) Жас, жастық, жастан. 
 C) Қоқан-лоқы көрсету, қорқыту. 
 D) Жанын жалдау, көлік жалдау. 
 E) Сағыну, сағынбау. 

  1. Себеп-салдар үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

 A) Етпетінен жығылды. 
 B) Дереу жетті. 
 C) Тез келді. 
 D) Амалсыздан көнді. 
 E) Жорта сөйледі. 

  1. Демеулікті табыңыз.

 A) қарай, тарта, жайында. 
 B) пен, да, әйтпесе. 
 C) бірақ, өйткені, егер. 
 D) сайын, үшін, бері. 
 E) ше, ау, ды. 

  1. Тыныштықты сақтаймыз - тіркесінің байланысу тәсілін көрсетіңіз.

 A) Шылау. 
 B) Дауыс ырғағы. 
 C) Орын тәртібі. 
 D) Жалғау. 
 E) Септеулік шылау. 

  1. Ойдың иесі бар сөйлемді табыңыз.

 A) Бұл іспен шатастыруға болмайды. 
 B) Нариман саумал қымызды тамсана ішті. 
 C) Сараның қалаға баруына тура келді. 
 D) Бұдан еш нәтиже шығаруға болмайды. 
 E) Орындалған арман. 

  1. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған еліктеуіш сөзді сөйлемді табыңыз.

 A) Баяғы жартас бір жартас, қаңқ етер, түкті байқамас. 
 B) Дала жым-жырт. 
 C) Асығып тез аттандық. 
 D) Ырғалып қарқ етті, ірімшік жерге салп етті. 
 E) Қазандағы ет бүлк-бүлк қайнады. 

  1. Толымсыз сөйлемді көрсетіңіз.

 A) Радио арқылы сөйлеспек. 
 B) Жұмыс аумағы бүгін үш есе ұлғайды. 
 C) Сіз Қатпа деген адам туралы ештеңе естімедіңіз бе? 
 D) Әр халықтың өзінше жаңа жылы болады. 
 E) Құлаш мойын қара нар таңертеңнен кешке дейін тыныстамады. 

  1. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

 A) Ақыл айтсаң, тыңдар құлаққа айт. 
 B) Әні өте әдемі еді. 
 C) Әйгерім әнін үзгенше, Абай қозғалмады. 
 D) Қоңырау соғылып еді, оқушылар да орындарынан тұрды. 
 E) Ауа райы салқындағанмен, ел жайлаудан түсе қоймады. 

  1. Қыстырма сөзді табыңыз.

 A) О, күн-ау, төге түсші сәулеңді сен. 
 B) Пай-пай, бала-ай, даусың қандай! 
 C) Арысыңды арыстан жеді. 
 D) Түнеугүні, әлі есімде, үңгірге бардық. 
 E) Тынышталшы, балақай. 

  1. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

 A) Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы шықты.
 B) «Еңбек адамды биікке жетелер», - деді Ақнұр. 
 C) «Жақсы сөз жараны да жазар» дегендей, балаға әке тәрбиесі керек. 
 D) «Қорғансыздың күні» әңгімесін оқиық. 
 E) «Қазақ солдаты» романы талданды.

  1. Үтірдің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.
    Ұлжан енесіне бағана, Абай ұйықтап жатқанда, бар жайды айтқан.

 A) Қыстырма сөз. 
 B) Айқындауыш. 
 C) Бірыңғай мүше. 
 D) Оқшау сөз. 
 E) Құрмалас. 

  1. Қабаттаса қолданылған тыныс белгілердің қалып қойғаны бар ма, көрсетіңіз.
    «Өзім алып шықсам қайтеді» деп ойлады ұста.

 A) Сұрақ белгісі, үтір. 
 B) Сұрақ белгісі, сызықша. 
 C) Леп белгісі, үтір. 
 D) Сызықша, көп нүкте. 
 E) Үтір, сызықша. 

  1. Кейінді ықпалды көрсетіңіз.

 A) Бұлтты күні. 
 B) Құрманбек. 
 C) Қызыл күрең. 
 D) Базаралы. 
 E) Тобылғы. 

  1. Күшейткіш үстеумен тіркесіп тұрған сөзді көрсетіңіз.

 A) Әбден шаршау. 
 B) Бірталай күн. 
 C) Жорта амандасу. 
 D) Ертеден қалыптасқан. 
 E) Соншама күлу. 

  1. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

 A) Қарағым-ау, әнің әдемі екен. 
 B) Пайда ойлама, ар ойла. 
 C) Даналық халық сөзінде екен. 
 D) Е, жақсы болып қалды. 
 E) Түу, бұл кісі неткен білімді!

  1. “Өңеші қызарды” деген фразеологиялық тіркестің мағынасын анықтаңыз.

 A) Қызғанды. 
 B) Ұялды. 
 C) Дауласты. 
 D) Ашуын басты. 
 E) Сыр бермеді. 

  1. Қимыл-сын пысықтауыштардың сұрағының дұрыс емесін белгілеңіз.

 A) Қашан? 
 B) Қайтіп? 
 C) Қалайша? 
 D) Қанша рет? 
 E) Қалай?

  1. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

 A) Жігіттің иығында аузы торлаған қоржын. 
 B) Шілтерлі кестені торлап тоқыпты. 
 C) Торлама қауынның ғажап исі аңқиды. 
 D) Жігітті ой торлап, ұйқысы шайдай ашылды. 
 E) Торлама кестең әдемі-ақ. 

  1. Ілгерінді ықпалды көрсетіңіз.

 A) Түнгі. 
 B) Сөзшең. 
 C) Бұзса. 
 D) Достық. 
 E) Сенбеді. 

  1. Есім сөзден етістік жасайтын жұрнақты көрсетіңіз.

 A) -т. 
 B) -ған, -ген. 
 C) -ын, -ін. 
 D) -қыз, -кіз. 
 E) -да, -де. 

  1. Жақша ішіндегі көрсетілгендердің бірге жазылатынын табыңыз.

 A) (Ала) орамал. 
 B) (Ала) жаздай. 
 C) (Ала) бота. 
 D) (Ала) көйлек. 
 E) (Ала) көңіл. 

  1. Туынды үстеуді табыңыз.

 A) Ерте, бұрын. 
 B) Әрмен, бермен. 
 C) Бұлбұлша, жаздай. 
 D) Қасақана, жорта. 
 E) Бағана, соңыра. 

  1. Сөз тіркесінің байланысу тәсілін белгілеңіз.
    Жұқа кітап.

 A) Дауыс ырғағы. 
 B) Шылау. 
 C) Жалғау. 
 D) Септік жалғау. 
 E) Орын тәртібі.

  1. Зат есімнің толықтауыш қызметіндегі нұсқасын табыңыз.

 A) Кешегі жұмысты бітір. 
 B) Гүл- жердің көркі. 
 C) Сара келді. 
 D) Батыр жеңді. 
 E) Жазықсыз жазалама. 

  1. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

 A) Ескерткендеріңіз дұрыс болды. 
 B) Болашақ жастардікі. 
 C) Етіс - етістіктің бір түрі. 
 D) ’’Ештеңе’’ - есімдік. 
 E) Адамдық ар-намысымызға дақ түсіруге болмайды. 

  1. Сабақтаса құрмаласқан сөйлемді табыңыз.

 A) Асан әкесінің көп жылдардан бері колхоздың жылқысын бағатынын айтты. 
 B) Жанат орнын ұсынып үлгергенше, Манат шығып кетті. 
 C) Үлгілі үйдің ұл-қызы ұялтпайды. 
 D) Бес минут өткен жоқ, әскери адам енді. 
 E) Мұз қатқанына екі ай болды. 

  1. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қыстырма сөзді көрсетіңіз.

 A) Бірақ, мұның сорына министр бүгін, келушілерді ұзақ қабылдады. 
 B) Бірақ, мұның сорына – министр, бүгін келушілерді ұзақ қабылдады. 
 C) Бірақ, мұның сорына, министр бүгін келушілерді ұзақ қабылдады. 
 D) Бірақ мұның сорына министр, бүгін, келушілерді ұзақ қабылдады. 
 E) Бірақ, мұның сорына министр, бүгін келушілерді ұзақ қабылдады. 

  1. Үтірдің қойылмайтын жерін анықтаңыз.

 A) Бірыңғай мүшелердің арасында. 
 B) Қыстырма сөзден кейін. 
 C) Одағай сөзден кейін. 
 D) Бастауыш пен баяндауыштың арасында. 
 E) Қаратпа сөздің екі жағынан. 

  1. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылатын жерді табыңыз.

 A) Сондағы оқитыным Некрасовтың өлеңдері. 
 B) Үңгір іші қараңғылана түсті. 
 C) Ұстазың үйде ұйықтап жатыр. 
 D) Даланы өрлей жүрген ақын Абай әнге салды. 
 E) Көңіл кірлесе, сол жаман. 

  1. Қай жердегі тыныс белгісі дұрыс, табыңыз.

 A) Есіктің киізін олай итерем; былай итерем; ашылмайды. 
 B) Есіктің киізін олай итерем, былай итерем,- ашылмайды.
 C) Есіктің киізін олай итерем- былай итерем, ашылмайды. 
 D) Есіктің киізін олай итерем, былай итерем, ашылмайды. 
 E) Есіктің киізін олай итерем: былай итерем, ашылмайды.

  1. Бірыңғай көмекші есімді қатарды анықтаңыз.

 A) Маңы, жеңіл. 
 B) Төбесі, бұрғы. 
 C) Жаны, арасы. 
 D) Ортасы, жүрісі. 
 E) Тұсы, тарағы. 

  1. Үстеу қызметін анықтаңыз.
    Елдің бәрі осында.

 A) Толықтауыш. 
 B) Пысықтауыш. 
 C) Анықтауыш. 
 D) Бастауыш. 
 E) Баяндауыш. 

  1. Есім сөзден болып тұрған баяндауышты сөйлемді табыңыз.

 A) Ердің сыншысы - ел. 
 B) Ол кеше кешкісін келіп еді. 
 C) Елге баруға мүмкіншілік жоқ. 
 D) Ауыл әлі ояна қойған жоқ еді. 
 E) Дала тіршілігі енді басталды.

  1. Мекен пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

 A) Тауда жаңа ғана жаңбыр жауып өтті. 
 B) Әкем сөзімді үндемей отырып тыңдады. 
 C) Тапсырманы тез орында. 
 D) Асқардың өміріне қызықты. 
 E) Әсетке бола ағасы келіпті. 

  1. Жақты сөйлемді табыңыз.

 A) Қанша ойлану керек. 
 B) Раушанмен танысқаныма шексіз қуаныштымын. 
 C) Сонша шырқап не керек? 
 D) Түн іші. 
 E) Мұныңызға нануға болады. 

  1. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

 A) Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан тірек табарсың. 
 B) Біраз жүргеннен кейін, әкесінің қолынан бір шие түсіп кетеді. 
 C) Достық сын жақындатпаса, алыстатпайды. 
 D) Аяғын баса алмаған соң, еңбектеп есікке келді. 
 E) Ол өте науқастанып қалғандықтан, бара алмады. 

  1. Қыстырма сөзді сөйлемді табыңыз.

 A) Мә, мынаны қарай тұр. 
 B) Ал, Абай аға, осы билік байлау ғой. 
 C) Жақсы, сынап берейін. 
 D) Апырау, сіздің ауыл алыс па? 
 E) Қысқасы, мүмкін, осы дұрыс та болар. 

  1. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.

 A) Аияиын. 
 B) Аяйын. 
 C) Айайын. 
 D) Айяйын. 
 E) Аяйн. 

  1. Сабақты етістікті табыңыз.

 A) Келді. 
 B) Мақтанба. 
 C) Шықты. 
 D) Барма. 
 E) Бердім. 

  1. Жалпылауыш сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

 A) Қар суы да, жаңбыр суы да- соның ырысы. 
 B) Саят өте еңбекқор еді. 
 C) Пайда, мақтан - бәрі тұл. 
 D) Жүрісіміз кейде бүлкіл, кейде бөкен желіс. 
 E) Ол да, ол тұрған село да жас еді. 

  1. Айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысқан сөйлем атауын табыңыз.

 A) Желілес сөйлем. 
 B) Толымсыз сөйлем. 
 C) Атаулы сөйлем. 
 D) Жақсыз сөйлем. 
 E) Толымды сөйлем. 

  1. Не, немесе, я, яки жалғаулықтарымен келетін салаластың түрін табыңыз.

 A) Талғаулы. 
 B) Ыңғайлас. 
 C) Себеп-салдар. 
 D) Кезектес. 
 E) Қарсылықты. 

  1. Қаратпа сөзді табыңыз.

 A) Еңбек адам баласын даңққа бөлейді, абырой әпереді. 
 B) Қысқасы, оқиға бітті, шешілді. 
 C) Бір топ адам егінге беттеді. 
 D) Дәурен кітапханаға кетті. 
 E) Жатпалық, жастар, жатпалық 

  1. Төл сөзді сөйлемді табыңыз.

 A) ’’Осы күні сол ара - жайнаған қызыл гүл’’,- дейді. 
 B) Балалардың соңғы ермегі- ’’Ақсүйек’’, ’’Соқыр теке’’. 
 C) Сауатты болу дегеніміз- дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу. 
 D) Сен дегенде сөз бар ма? 
 E) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ. 

  1. Тыныс белгісі дұрыс қойылмаған сөйлемді көрсетіңіз.

 A) Ол тіпті көшелі кісі боп қапты. 
 B) Тек не бұйырсаң да, тезінен бұйырғайсың. 
 C) Дегенмен, мен жаңылмаппын. 
 D) Ал ол өзінің келешегіне күлімсірей қарайды. 
 E) Ырғызбай ішінде әсіресе осы Қарашоқыға қызығушылар көп болатын 

  1. Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз.

 A) Көрмес түйені де көрмес. 
 B) Көрмес - түйені де - көрмес. 
 C) Көрмес - түйені де көрмес. 
 D) Көрмес түйені де - көрмес. 
 E) Көрмес түйені - де көрмес. 

  1. Жазылуы мен айтылуында сәйкестік бар сөзді табыңыз.

 A) Көрімбеді. 
 B) Түңгі. 
 C) Қанат. 
 D) Құлұқсыздық. 
 E) Әргім. 

  1. Есім сөзден етістік жасайтын жұрнақты көрсетіңіз.

 A) -да, -де. 
 B) -ған, -ген. 
 C) -ын, -ін. 
 D) -қыз, -кіз. 
 E) -т. 

  1. Айқындауыш мүшесі бар сөйлемді табыңыз.

 A) Уілдеген желді түндер. 
 B) Айдалада бес-алты тас үй. 
 C) Ол Мейраш ұстаны қатты сыйлайды. 
 D) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. 
 E) Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді. 

  1. Бағыныңқының баяндауышының тұлғасын ажыратыңыз.
    Сұрғылт тұман дым бүркіп,
    Барқыт бешпент сулайды (Абай).

 A) Көсемше. 
 B) Есімше. 
 C) Ортақ етіс. 
 D) Етістікке септік жалғауы. 
 E) Шартты рай. 

  1. Қыстырма сөзді сөйлемді табыңыз.

 A) Қысқасы, мүмкін, осы дұрыс та болар. 
 B) Жақсы, сынап берейін. 
 C) Мә, мынаны қарай тұр. 
 D) Апырау, сіздің ауыл алыс па? 
 E) Ал, Абай аға, осы билік байлау ғой. 

  1. Жай сөйлемді табыңыз.

 A) Үйге үлкендер де, кішілер де көңілді кірді. 
 B) Жаз шыққанда демалысқа шығайын деп едім, бірақ болмады. 
 C) Ауыл қыстауға көшкенде, ол қалаға кетіп еді. 
 D) Оны танығанмен, Сәуле сыр бермеді. 
 E) Жерге көк шығысымен, төлдерді жайылымға жіберді. 

  1. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.

 A) Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы. 
 B) Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі; күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы. 
 C) Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы. 
 D) Шешім - шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы. 
 E) Шешім - шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі - күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы. 

  1. Жақты сөйлем 2, 3-жақта тұрады, бірақ мағынасы 1,2,3 жақтың бәріне ортақ болғандағы атауы.

 A) Атаулы сөйлем 
 B) Жалпылама жақты сөйлем 
 C) Жақсыз сөйлем 
 D) Толымсыз сөйлем 
 E) Толымды сөйлем 

  1. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

 A) Ауа райы бұлыңғыр болғандықтан, бөлме іші қараңғы тартып тұрды. 
 B) Құмды жазық даланың шетіне ілінген жолаушылар ұзақ тұрып қалды, өйткені әбден шаршаған еді. 
 C) Ауа райы түзелді, орақ басталды. 
 D) Маған олар я жетер, я жетпес. 
 E) Оны бірде мұз айдынында көрдік, бірде колхоздың еңбек даласында көрдік. 

  1. Сын-қимыл үстеулі тіркесті табыңыз.

 A) Қасақана үндемеді. 
 B) Әрі-бері жүрді. 
 C) Недәуір ұзын. 
 D) Амалсыздан көнді. 
 E) Бостан-бос жүрді. 

  1. Қай қосымша дұрыс жалғанған, дұрысын көрсетіңіз.

 A) Педагогтар. 
 B) Машинистке. 
 C) Ведомостьқа. 
 D) Тарихтің. 
 E) Фактіні. 

  1. Жалпылауыш сөзі бар сөйлемді табыңыз.

 A) Ұлттық ойындар мыналар: “Алтыбақан”, “Тоғызқұмалақ”, “Ақсүйек”. 
 B) Біз бастаңғы жасап жатырмыз. 
 C) Күші жағынан арыстандай кісі. 
 D) Тіл –адам баласын қазіргі өркениетке жеткізген ұлы күш. 
 E) Жаңа жеккен ат басымен алысады. 

  1. Сөз тіркесінің байланысу тәсілін белгілеңіз.
    Жұқа кітап.

 A) Шылау. 
 B) Дауыс ырғағы. 
 C) Жалғау. 
 D) Септік жалғау. 
 E) Орын тәртібі. 

  1. Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды.
    Алғашқы үтір неге байланысты қойылған, дұрысын табыңыз.

 A) Қимыл - сын бағыныңқылы сабақтас. 
 B) Түсіндірмелі салалас. 
 C) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас. 
 D) Шартты бағыныңқылы сабақтас. 
 E) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет