6-модуль кеңесік қазақсанды қайа қҰру әрекеттері 1-Бөлім. Қазақстандағы қайта құру саясатының бағыттары мен кезеңдері


-БӨЛІМ. Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы



Pdf көрінісі
бет15/27
Дата08.02.2022
өлшемі440,26 Kb.
#120874
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Байланысты:
6 семинар жоспары

3-БӨЛІМ. Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы 
 
1.
Ауған соғысының басталу себептері.
1978 ж. Ауғанстанда сәуір 
айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Ауған соғысы 
тек өз ішінде ғана емес, оған сырт елдердің қатысуыменде ұзаққа созылды. 
1979 ж. кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға 
жуық соғыс жүргізді. Осы соғысқа 22 мың қазақстандық қатысты. Бұл соғыс 


туралы Ауған соғысының ақиқаты кітабында толық талданып айтылады

1973 
ж. 17 шілдеде генерал Мұхаммед Дауд офицер-коммунистерді шебер 
пайдалана отырып король Захир Шахты биліктен шеттетті, монархияны 
таратып, өзін республиканың президенті деп жариялады. М.Дауд қызметке 
кіріскеннен кейін Ауғанстан Халықтық Демократиялық Партиясының 
(АХДП) көшбасшыларымен санасатынына сендіргенмен, олардың ұсынған 
жолдарына бой ұсынбай, өзінің маңайынан түгел тазартты. Оған төңкеріс 
жасауға көмектескен офицерлер далада қалды. 
1977-78 жж. елдегі прогрессивті күштерге қарсы репрессиялық 
шараларды жүзеге асыра бастаған М.Дауд 
АХДП 
басшылары 
Н.М. 
Тараки мен Б.Кармальді тұтқындады. 1978 ж. 26 сәуір күні елдегі бүкіл әскери 
бөлімдерде коммунистерді басып-жаншудың құрметіне мереке өткізілді. Бірақ 
коммунист әскери офицерлер 27-28 сәуірде елде төңкеріс жасап, билікті басып 
алды . 
27 сәуір күні «Коммандос» тобы М.Даудтың сарайына басып кіріп, атыс 
кезінде М.Дауд және оның барлық отбасы мүшелері оққа ұшты. Сағат кешкі 
17.30-да тұтқында отырған АХДП басшылары қамаудан босатылды. 
28 сәуір күні Кандагар, Желалабад, Герат, Газни горнизондары, Шинданд, 
Мазари-Шариф және т.б. жерлердегі билік АХДП жағына көшті. 
30 сәуірде АХДП бірінші мәжілісінде Н.М. Тараки Орталық комитеттің 
Бас хатшысы және үкімет басшысы (Министрлер кеңесі төрағасы) болып 
бекітілді, ал Бабрак Кармаль оның орынбасарлығына сайланды. Ең жоғарғы 
мемлекеттік орган саналған революциялық кеңес, 30 сәуір күні елді Ауғанстан 
Демократиялық Республикасы (АДР) деп жариялады. 
Алайда жаңа өкімет бастаған бағыт бұрмалаушылыққа ұрынып, 
революцияға бүйрегі бұратын одақтастарды үркітіп алды. Әсіресе АХДП-ның 
шаруаларға қатысты теріс саясаты кері әсер етіп, оны ауыр зардаптарға 
ұрындырды. 
Биліктің 
шаруаларды 
өз 
жағына 
тарта 
алмауы 
контрреволюцияның ықпалын күшейтіп, олардың едеуір бөлігі Пәкістан мен 
Иранға кетіп, онда олар бүлікшілердің негізгі көзіне айналды. Жыл соңында 
ауған армиясында ұйымдасқан тәртіп бұзушылықтер етек алып, офицерлер 
құрамының арасында ұлтаралық қайшылық шиеленісіп кетті. 1979 ж. мамыр 
айының аяғында 22 провинция соғыс жағдайына көшті. Осы жылдың 
қарашасынан жаңа өкіметке нақты қауіп төне бастады. 
Сәуірдегі әскери төңкерістен кейін АХДП екі топқа (Н.М. Тараки 
басшылығындағы «Халық» және Б.Кармаль басшылығындағы «Парчам»)
айырылды. Парчамдықтардың жетекші құрамы елден аластатылып, Б.Кармаль 
Чехославакияға елші етіп жіберілді. 1979 ж. 27 наурызда АДР премьер 
министрі және сыртқы істер министрі қызметін иеленген Х.Амин мен 
Н.Тараки арасында да тартыстар пайда болды. Н.Таркидің оған деген сенімі 
сейіліп, күннен-күнге адамдар жаңа өкіметке деген сенімін жоғалтты. Бұл 
жағдай Н.Тараки мен Х.Амин арасында билік үшін күрестің басталуына 
әкелді. 
1979 ж. 15 наурызында Гератта 20 мыңдай адамнан тұратын 
тұрғындардың өкіметке қарсы бүлігінен кейін, Н.Таракидің бастауымен 


ауғандық жетекшілер бірінші рет кеңестік әскерлерді жіберу туралы 
өтініштерін білдірді. Бұл өтінішті ол 18 наурызда А.Н.Косыгинмен телефон 
арқылы болған әңгімесінде айтты. Телефонмен болған әңгімеден кейін 
«ауғандық үштік» аталған КСРО МҚК-нің төрағасы Ю.В. Андропов, Сыртқы 
істер министрі А.А. Громыко және Қорғаныс министрі Д.Ф. Устинов 
ақылдасып, АДР басшысы Н.Таракиді жасырын түрде жедел Мәскеуге 
шақырды. Мәскеуде және Кабулда бұл істі ат төбеліндей адамдар ғана білді. 
Н.Тараки 20 наурызда Мәскеуге келді. Сол күні Л.И. Брежневпен АДР 
басшысына кездесу ұйымдастырылып, бұл мәселе әлі талқыланатынын 
жеткізді. 
Бірақ кеңестік басшылар 1979 ж. мамыр айының басында Орта азиялық 
республикалардың түкпілікті ұлтынан жасақталған арнайы батальон құру 
туралы шешім қабылдады. Бұл жұмыс 2 мамырда КСРО Қарулы күштері (ҚК) 
Бас штабының барлау басқармасының аға офицері В.В. Колесникке жүктелді. 
Келесі күні В.Колесник Ташкентке ұшып келіп батальон жасақтау жұмысына 
кірісті. Айырықша мақсаттағы батальон үшін әскер «мұсылман» ұлты 
өкілдерінен, таңдалынып алынды. Шығыс тілін білу және қайратты болу – 
басты талап болды. Батальон 500 адамы бар бес ротадан тұрды. Командир 
болып өзбек ұлтының өкілі майор Халбаев Х. Т. Тағайындалды. Батальон 
Ташкент маңында Шыршықтағы әскери қалашыққа жайғасты. Олардың 
кейбіреулері Кабулға ертерек апарылып тасталынды. 
10 қазанда Х.Амин бірінші басшы Н.Таракидің көзін жойды. Бұл 
жағдайды Мәскеу ауыр қабылдады. Осы бір келеңсіз жағдайларда кеңестік 
басшыларХ.Аминді қызметінен шеттетіп, оның орнынабұл уақытта 
Чехословакиядан жасырын түрде келіп, Мәскеуде жер аударылушы құқында 
өмір сүріп жатқан, «Парчам» фракциясының жетекшісі Б.Кармальды 
орнықтыруды жөн деп тапты. Бұл ұсынысқа келіскен ол тез арада КСРО МҚК-
нің бақылауына алынды. 
10-12 қарашада «мұсылмандық» батальон Ташкент және Шыршық 
әуежайынан ұшырылып Ауғанстандағы Баграм авиабазасына түсірілді. 
Мұсылмандық батальондағы барлық офицерлер мен солдаттарға ауғандық 
әскери киімдер кигізілді және жергілікті әскери қызметшілерден олардың 
айырмашылығы аз ғана болды. Билік басына Х.Аминнің келуін ауыр 
қабылдаған Мәскеу 1979 ж. желтоқсан айының басында Ауғанстанға әскер 
енгізуді қажет деп тапты. 
Соңғы саяси шешім 1979 ж. 12 желтоқсанда түс ауа шағын ғана кеңес 
басшыларының тобымен шешілді. Бұл топта: Брежнев, Суслов, Андропов, 
Устинов және Громыко болды. Осылайша жағдай КОКП ОК саяси бюросының 
толық мүшелерінсіз-ақ шешілді. 
24 желтоқсан күні КСРО қорғаныс министрі Д.Ф. Устинов пен Бас штаб 
бастығы Н.В. Огарков қол қойған бірінші жазбаша құжат пайда болды. Бұл 
құжатта: «Ауғанстан үкіметінің соңғы өтініші дұрыс деп танылды. АДР-ға 
интернационалдық көмек көрсету мақсатында Кеңес әскерлерінің кейбір 
бөлімдерін кіргізу шешімі қабылданды» – деп, қысқаша түсініктеме берілді. 


25 желтоқсан күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 15.00-де КСРО 
Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға кеңес әскерлерін 
кіргізу басталды. Осылайша белгіленген уақытта 40-армия сапындағы кеңес 
әскері Ауғанстанмен арадағы мемлекеттік шекараны әуеде де, жерде де кесіп 
өтті
.
Кеңес әскерлерінің ең алғашқы соғыс қимылы 1979 ж.27 желтоқсанда 
Х.Аминнің көзін жоятын жауынгерлік операциядан басталды. Х.Аминнің 
резиденциясы орналасқан Тәжі-Бек сарайын алу операциясы кешкі 19 сағат 30 
минутта «Дауыл-333» белгісі бойынша басталды. Сарайды басып алу 
операциясына МҚК-нің полковнигі Г.И. Бояринов жетекшілік етті. Оған: 50 
адамнан тұратын МҚК-нің офицерлер тобы, капитан В.А. Востротин бастаған 
9-рота десантшылары, 345-жеке жаяу десантшылар полкының бір взводы және 
бұрыннан дайындықта жүрген майор Х.Т.Халбаевтың айрықша мақсаттағы 
мұсылмандық батальоны қарады. Бұлардың бәрі ауғандық әскери формада 
киінді. Жауынгерлік қимыл қараңғы кезде басталғандықтан кеңестік 
жауынгерлердің қолына ақ шүберек байланды, ал бас киімдеріне ақ лента 
жапсырылды. Мұның бәрі Х.Аминнің қарауылдарымен шатасып қалмау үшін 
жасалған белгі еді. Сарайды басып алу соғысы 30-40 минутқа созылып, арнайы 
топ Х.Амин орналасқан бөлмеге де басып кірді. Атыс барысы кезінде асыға 
күткен кеңес әскерлері Х.Аминнің көзін жойды. Шабуыл кезінде кеңестік 
жауынгерлерден 11 адам шейіт болып, 38 адам әртүрлі жарақат алды. Осы күні 
Кеңес Одағы басшылары атынан Ю.В. Андропов байланысқа шығып 
Б.Кармальді билік тағына отыруымен құттықтады. Ауғанстан халқына 
Б.Кармальдің үнтаспаға жазылған үндеуін Кабул радиостанциясы жариялады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет