6-модуль кеңесік қазақсанды қайа қҰру әрекеттері 1-Бөлім. Қазақстандағы қайта құру саясатының бағыттары мен кезеңдері


-Бөлім. КСРО-ның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы



Pdf көрінісі
бет23/27
Дата08.02.2022
өлшемі440,26 Kb.
#120874
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
6 семинар жоспары
2 5343541208645896007, 2 5343541208645896007, Сауалнама Сымбат, алкан
4-Бөлім. КСРО-ның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы 
1.
 
КСРО-ның ыдырау себептері.
КСРО-дағы қайта құру үрдісінің 
тығырыққа тіреле бастауы, әлуметтік-экономикалық қиыншылықтар және т.б. 
түрлі себептер социалистік жүйенің ұзаққа бара алмайтындығын аңғартты. 
Батыс елдерінің кейбір саясаттанушылары мен білгірлері де КСРО-ның көп 
ұзамай күйрейтіндігі туралы болжамдар айта бастады. Олардың бұл 
сәуегейліктері көп күттірмей расқа айналды.
КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі – экономикалық дамуда 
артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасы технологиялық жағынан 
артта қалды, тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсуі төмендеді. Сонымен 
қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен әскери бәсекеге түсіп және 


капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін 
қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950-1990 жж. арасындағы 40 жылда 
әскери шығын 20 триллион долларға жетті. Мұндай зор шығындар 
экономиканы орасан зор зардаптарға ұшыратты.
Бұрынғы кеңестік экономикалық құрылым тым күйкі тартып, негізінен 
шикізат өндірушілік пен әскери-өнеркәсіп кешеніне қызмет етуге бағытталды. 
Кеңестер Одағында әскери-өнеркәсіп кешеніне тоғыз министрлік қызмет етті. 
Олардың қажеттілігі кедергісіз қанағаттандырылды. Бұлар ұлттық жалпы 
өнімнің едәуір бөлігін шығарды. Ол статистикалық есепте халық 
шаруашылығы өніміне қосылғанымен, шын мәнінде, халық шаруашылығы 
мойнына асылған масылдық еді. 
Экономикалық дағдарыс республиканың өнеркәсіп өндірісінің көптеген 
салаларын қамтыды. Оларға қажетті жабдықтар жетіспеді. Әсіресе, халық 
тұтынатын тауарларды өндіру нашар жағдайда болды. Қажетті 
материалдардың жеткіліксіздігінен күрделі құрылыстың қарқыны баяулап, 
жоспарлар орындалмады. КСРО экономикасы терең дағдарысқа ұшырады. 
1991 ж. өндірістің төмендеуі – 11-%-ға, бюджет тапшылығы – 20-30-%-ға, ал 
сыртқы қарыз 103,9 млрд долларға жетті. Елдің дағдарыстық жағдайы оның 
бақылаусыздығы қаупін тудырды. КСРО-дағы экономиканы қайта құру 
саясатының сәтсіздігі, елдің тоқырауы күн тәртібіндегі басты мәселеге 
айналды, бүкіл елде реформаларды жүргізу қажеттілігі туындады. 
КСРО экономикасының артта қалуы Қазақстанға да өз әсерін тигізбей 
қойған жоқ. Қазақстан Одақ құрамында ірі индустриялық-аграрлы республика 
болды. Қазақстан жалпы қоғамдық өнім шығаруда РСФСР мен Украинадан 
соңғы үшінші, өнеркәсіп өнімін өндіруде Белоруссиядан кейінгі төртінші 
орынға шықты. Қазақстан үлесіне мемлекетке өткізілетін астықтың 20 
пайызы, әрбір төртінші тонна қой еті, әрбір бесінші тонна жүн, тапсырылатын 
қаракөл елтірісінің үштен бір бөлігі тиді. Бірақ, бұл мүмкіндіктер 
шындығында соңғы кезге дейін жете пайдаланылмады. Оның әр түрлі 
себептері болды. 
Біріншіден, республика халық шаруашылығының құрылымы бір жақты 
дамып, оның аса маңызды салалары кейін қалып қойды. Ауыр өнеркәсіптен 
энергетика, түсті және қара металлургия, мұнай-газ және химия өнеркәсібі 
басым дамыды. Оның есесіне жаңадан өңдеп шығару өнеркәсібінің салалары, 
әсіресе, машина жасау және халыққа қажетті тауарларды шығару салалары 
артта қалды. Қазақстанда қазіргі кезеңдегі талапқа сай құрал-жабдық жасау, 


радиотехника, автомобиль, жеңіл және тамақ өнеркәсібі үшін қажетті 
машиналарды жасау салалары жетіспеді
.
Екіншіден, республикаға халық тұтынатын тауарлардың 60 пайызға 
жуығы сырттан әкелінді, ал іште өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерінің, 
соның ішінде астықтың, мақтаның, терінің тең жартысы, жүннің 70 пайызы 
басқа жерлерде өңделді. Мұндай жағдай тек ауыл шаруашылығында ғана емес, 
сол секілді өнеркәсіпте де орын алды. Мәселен, Торғайда алюминий жасау 
үшін қажетті шикізат боксит өндіріліп, ал глинозем алюминий шығару үшін 
Сібір кәсіпорындарына жіберілді. Атырау, Маңғыстау облыстарында 
балықтың аса қымбат түрлері ұсталып, қара уылдырық алынса, оны дайындап 
өңдеу, консервілеу Астрахань қаласында іске асырылды. Одақтың әмірімен 
Қазақстан шет елдерге бір миллиард сомға дейін алтын қорына тең бағалы 
өнімдер шығарып келсе де, одан республика қазынасына бір тиын да түспеді. 
Үшіншіден, Республикадан сыртқа тауарлар барынша арзан бағамен 
шығарылып, ал шеттен тек қымбат, дайын тауарлар әкелінді. Сөйтіп, тек 1988 
ж. өзінде республикадан сыртқа шығарылған тауар 6,7 миллиард сом болса, 
сырттан алынған тауар – 13,8 миллиард сомға жетті, нәтижесінде аса бай 
Қазақстан өне бойы басқа республикаларға қарыздар, экономикалық жағынан 
тәуелді болып келді. 
Төртіншіден, Қазақстанның экономикасының дамуы көп жылдар бойы 
тек қарабайыр жолмен, яғни өнімнің көлемін, жалпы санын арттыру арқылы 
ғана іске асырылды.Өндірістік күштің өсуі, оны тиімді пайдалану дәрежесінен 
артта қалды. Көптеген кәсіпорындардың, соның ішінде жаңадан салынып, іске 
қосылғандардың экономикалық күші жете пайдаланылмады. 
Бесіншіден, аграрлық секторда дақылдардың түсімі, малдан алынатын 
өнім әр шаруашылықта әр түрлі дережеде-тін. 1987 ж. республикадағы 
совхоздардың үштен бірі, колхоздардың бестен бірі экономикалық жағынан 
тиімсіз шаруашылықтар болды. Суармалы егістің түсімі де басқа жерлермен 
салыстырғанда төмен еді
.
Жоғарыда айтылған кемшіліктер мен қайшылықтардың салдарынан 1970-
жж. бастап 80-жж. аяғына дейін Қазақстандағы жан басына шаққандағы 
ұлттық табыстың көлемі Одақпен салыстырғанда 12 пайызға төмендеді. 
Осыған қарамастан, соңғы кезге дейін Қазақстандағы жағдайды мадақтап, 
әсірелеп көрсету, даңғазалық орын алды. Оған жылдық есеп бергендегі қосып 
жазу, өндірілген өнімді және жалпы бағалық көрсеткіштерді негізсіз көбейтіп 
көрсетудің елеулі әсері тиді.


Осындай күрделі жағдайда Республика экономикасын нарықтық қарым-
қатынас аясына шығару мақсатымен 1991 ж. ақпан айында Жоғарғы 
экономикалық кеңес құрылды.
 
Қазақстанда мемлекеттік меншікпен қатар 
жеке меншіктің жаңа формалары – акционерлік қоғамдар, жалдық және 
кооперативтік 
кәсіпорындар, 
фермерлік 
шаруашылықтар, 
біріккен 
кәсіпорындар, түрлі қауымдастықтар мен бірлестіктер қалыптаса бастады. 
1991 жылдың ортасында республикада 35 біріккен кәсіпорындар, 16 сыртқы 
экономикалық қауымдастықтар, халықаралық коммерциялық банк жұмыс 
істеді. Дегенмен, әртүрлі себептерге байланысты бірінші кезекте Кеңес Одағы 
республикаларының бір-бірімен біте қайнасып, бірігіп-кірігіп кеткен 
шаруашылық қарым-қатынасының бұзылуына байланысты Қазақстанда 
экономикалық қиындықтар күшейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет