6-модуль кеңесік қазақсанды қайа қҰру әрекеттері 1-Бөлім. Қазақстандағы қайта құру саясатының бағыттары мен кезеңдері



Pdf көрінісі
бет26/27
Дата08.02.2022
өлшемі440,26 Kb.
#120874
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
6 семинар жоспары
2 5343541208645896007, 2 5343541208645896007, Сауалнама Сымбат, алкан
4.
 
ТМД-ның құрылу тарихы. 
1991 ж. 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР 
және Украина республикаларының басшылары Минск қаласында (Беловеж 
нуы) кездесіп, мәлімдеме қабылдады
.
Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, 
сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік процесс және 
тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, 
орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық және 
саяси дағдарысқа алып келді, халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті
қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар 
мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген 
мемлекеттердің жаңа одағын – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) 
құруға жол ашты. Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін 
алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық 


қарудың таралуына жол бермейді және оған бірыңғай бақылау орнатуды 
қамтамасыз етеді, - деп атап көрсетілді. 
Алайда, бұл шешім әуелгі кезде басқа республикалар тарапынан қарсы 
көзқарастар туғызды. Өйткені, заң бойынша Одаққа кірген Қазақстан, Орта 
Азия, Закавказье республикаларының келісімінсіз бұл үш республика 
егемендік туралы күрделі мәселені жеке дара шешуге тиіс емес еді. Міне, 
осыған байланысты 1991 ж. 12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия 
республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті
.
Онда 
ТМД-ға тек барлық республикалардың тең құқықтық негізінде құрылушылық 
жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы ерекше атап көрсетілді.
1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан 
кездесу болды
.
Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер 
Достастығы құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда 
қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік 
мәселелердің барлығы мақұлданды. Жаңадан құрылған Достастық мемлекет 
басшылары және үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар 
құрды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси және әлеуметтік-
экономикалық мәселелерді шешу көзделді. Достық Одаққа кірген мемлекет 
басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымы алдында бұл тәуелсіз мемлекеттердің 
барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы өтініш 
жасады. Сонымен қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды және 
оған әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге 
қол қойылды. ТМД осы кезге дейін Кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық 
дәрежедегі жасаған келісімдердің орындалуын өз мойындарына алады деп 
көрсетті. Сөйтіп, 1991 ж. желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан 
тәуелсіз елдер басшыларының келісімі КСРО-ның өмір сүруін тоқтатумен 
аяқталды. 
Міне, осындай күрделі жағдайда республикадағы жоғары атқарушы және 
билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ КСР-ның Президентіне 
жеткілікті өкілеттік беру қажеттігі пісіп жетілді. Мұндай өкілеттіктер 
республика парламенті 1991 ж. 20 қарашада қабылдаған Қазақ КСР-ның 
“Қазақ КСР-нда мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру 
және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен 
қосымшалар енгізу туралы” Заңы бойынша берілді.
1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика 
Президентін бүкілхалықтық сайлау өтті. Халықтың демократиялық жолмен 
өз еркін білдіруі арқасында Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды 
.Республикада көптеген өзгерістер жасалды: прокуратура, мемлекеттік 


қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот органдары қайта құрылды; Қазақстанның 
мемлекеттік қорғаныс комитеті ұйымдастырылды; Президенттің одаққа 
бағынатын кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР-і үкіметінің қарамағына 
беру туралы, республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін 
қамтамасыз ету туралы, Қазақстанда алтын запасы мен алмас қорын жасау 
туралы жарлықтары шықты. 1991 ж. 2 қазанда қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш 
алаңы 40 жыл өмір сүргенде тұңғыш рет онан ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ 
Т.О.Әубәкіров ұшты.
1991 ж. 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Республикасы 
болып өзгертілді. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы 
Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары “Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң қабылдады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет