абыройы асқақтап тұрған дала қолбасшысы А.Масудпен келіссөз жасасқанда
осы - Б.Керімбаев. Душмандардың Б.Керімбаевтың басы үшін қомақты
сыйақы тағайындауыда қазақ жігітінің
осал офицер болмағандығын
дәлелдейді.
Тұтастай алғанда, КСРО-дан 620 мың, оның ішінде Қазақстаннан 22 мың
адам АДР территориясында әскери қызметтен өтті.
86 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алса, 103
әскери қызметші
Ленин орденімен, 1972 әскери қызметші Қызыл Ту орденімен мараптталды.
Батыр атағын алғандардың 29-ы осы соғыста құрбан болды. Батырлар
арасында бір ғана қазақ бар.
Ауған соғысында 200153 адам мемлекеттік
марапаттауларға ие болса,
оның 10955-і осы соғыста шейіт кетті. Сондай-ақ марапатталғандардың 2265-
і қазақ, 635-і қырғыз, 6050-і өзбек, 855-і түркмен, 2710-ы тәжік, 102547-сі
орыс, ал қалғандары басқа ұлт өкілдері болды.
Кеңес Одағы тұсында қазақ жауынгерлеріне Батыр атағын алу тұрмақ,
жай ордендерді алу мен немесе оған қол
жеткізу Кремль көсемдерінің
шешімінсіз мүмкін болмады. Әміршіл-әкімшіл жүйенің бұл әрекеті талай
қазақ жауынгерлеріміздің омырауын бос қалдырды.
Марапатқа ұсынылған
қазақ жауынгерлері Кремль сүзгісінен өте алмады, ал көпшілігі ұсынылмады.
Марапатқа ұсыну 1986 ж. Желтоқсан оқиғасынан кейін мүлдем төмендеді. Тек
тәуелсіздік алғаннан кейін Ауған соғысы ардагерлері егемен еліміздің «Даңқ»,
«Құрмет», «Айбын» ордендері мен «Ерлігі үшін» медальдарымен
Достарыңызбен бөлісу: