КСРО мен ҚазКСР арасындағы қатынас келісім-шарт негізінде жүзеге
асады;
Республика әкімшілік-аумақтық құрылымға, саяси, экономикалық,
әлеуметтік және мәдени-ұлттық құрылыстарға байланысты барлық
мәселелерді дербес шешеді;
Республика өз аумағында Қазақ
КСР заңдарын бұзатын КСРО
заңдарының қолданылуын тоқтатуға құқылы;
Қазақстанның өз шекарасындағы аумағына қол сұғылмайды, бөлінбейді
және оның келісімінсіз өзгертілмейді;
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің келісімінсіз оның аумағында басқа
мемлекеттердің әскери құрамалары, олардың әскери базалары орналаса
алмайды;
Қазақстан өзінің дербес ішкі әскерін, мемлекеттік және қоғамдық
қауіпсіздік органдарын ұстауға құқылы. Қазақ КСР халықаралық
қатынастарда дербес, өзінің мүдделеріне сай сыртқы саясатын жүргізеді
.
Декларацияның жаңа одақтық шарт
жасасу және Қазақ КСР жаңа
Конституциясын қабылдау үшін негіз болып табылатындығы туралы арнайы
бапта көрсетілді. Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық
процестердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан
оқиғалармен тығыз байланысты еді. 1991 ж. ортасынан-ақ Қазақстан басқа
республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа оппозицияда болды.
Қазақстанның бастамасы бойынша Белоруссиямен, Украинамен,
Ресеймен
және басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан
шекараларды,
орнатылып
жатқан
өзара
пайдалы
экономикалық
байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды.
1990 ж. желтоқсанындағы КСРО-ның халық депутаттарының ІV съезі
КСРО-ны сақтап қалу мен оны демократиялық федаративтік мемлекетке
айналдыруды ұсынды
.
Онда «Одақтық келісімнің ортақ тұжырымдамасы
және оған келісу тәртібі туралы» қаулы қабылданды.
Құжатта жаңартылған
Одақтың негізі республикалық декларацияларда қаралған азаматтар мен
халықтардың теңдігі, өзін-өзі анықтау құқығы мен демократиялық даму,
аумақтық тұтастық сияқты қағидалар болатындығы атап өтілді. М.Горбачев
пен оның жақтастары Кеңес Одағын сақтап қалғысы келді.
1991 ж. 23 сәуірде Нова-Огаревада, яғни КСРО Президентінің мәскеулік
резиденциясында М.Горбачевтың 9 одақтас республикалармен жаңа
одақтастық келісім туралы келіссөздер өтті
.
Билік пен басқару органдары
құрылымында өзгерістерді жүргізу, жаңа Конституцияны қабылдау және
сайлау жүйесін өзгерту қарастырылды. Келісімге қол қою күні 20 тамызға
белгіленді.
Бұл жобаны Армения, Грузия, Молдавия және Балтық
республикаларынан басқасы қолдады. Бұл келіссөздер консерваторларды
шешуші әрекеттерге көшуге итермеледі, себебі жаңадан қойылатын келісім іс
жүзінде КОКП-ны жоғарғы билеуші тобын басты биліктен, қызметтері мен
артықшылықтарынан айырар еді. Сонымен қатар, 1991 ж.
тамызына дейін
РСФКР-дың басшылығына радикалдық өзгерістерді талап еткен жаңа
тұлғаның келуі де өз әсерін тигізді. 1991 ж. 12 маусымында РСФКР-дың халық
депутаттарының І-съезінде Ресейдің мемлекеттік егемендігі туралы
Декларация қабылданды
.
Ол заңды түрде республикалық заңдардың одақтас
республикаларға қарағанда басымдығын бекітті. РФ-ның бірінші Президенті
болып Б.Н. Ельцин тағайындалды.
Достарыңызбен бөлісу: