. Жалпы, Ауған соғысы КСРО-ның ғана емес, Ауған елінің де тұрмыс-
тіршілігін құлдыратып, айтарлықтай зиянын тигізді
. Ауыл шаруашылығы –
2,8 миллиард доллар, өнеркәсіп – 274 миллион доллар, энергетика – 350
миллион доллар, коммуникация – 6 миллиард доллар, қалалар мен
ауылдардағы өмір сүру қоры 3,4 миллиард доллар, мектептер мен ауруханалар
– 252 миллион долларға зиян шекті. Соғыс салдарынан миллионнан астам
ауғандықтар қаза тапты, елден 6 миллионға тарта адам ел ішіндегі
босқындарға айналды. Елдің тарихи және мәдени байлықтарына да орасан зор
шығын келді. Соғыс салдарынан Ауғанстан жалпы 20 миллиард доллар
шығынға батты.
Қорыта айтқанда, Ауған соғысы саясат биігінде отырғандардың
шешімімен басталды. Мұндай халықаралық саяси шешімді қабылдаған КСРО
жетекшілері Ауған соғысының аяғына дейін өмір сүрмеді. Олар АДР-ға әскер
енгізу мәселесінің қалай шешілгені туралы құпияларды өздерімен бірге ала
кетті. Бұл соғыс КСРО-ның халықаралық позициясын әлсіретіп, әлемдік
аренада оның беделін төмендетті. Бәрібір КСРО-ға бұл соғысты 1989 жылы
тастап шығуға тура келді. Осылайша өткен ғасырдың еншісінде қалған Ауған
соғысы тарихқа енді.