қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот органдары қайта құрылды; Қазақстанның
мемлекеттік қорғаныс комитеті ұйымдастырылды; Президенттің одаққа
бағынатын кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР-і үкіметінің қарамағына
беру туралы, республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін
қамтамасыз ету туралы, Қазақстанда алтын запасы мен алмас қорын жасау
туралы жарлықтары шықты. 1991 ж. 2 қазанда қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш
алаңы 40 жыл өмір сүргенде тұңғыш рет онан ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ
Т.О.Әубәкіров ұшты.
1991 ж. 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Республикасы
болып өзгертілді. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары “Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң қабылдады
Достарыңызбен бөлісу: