6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы



бет1/5
Дата27.12.2016
өлшемі0,7 Mb.
#6094
  1   2   3   4   5
6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §1.Алғашқы адамдардың пайда болуы

Сабақтың мақсаты:


  • Адам баласының пайда болуы туралы, оларда қандай еңбек құралдары болғаны, олар қалай аталған және тас дәуірінің үшке бөлінгендігі туралы түсінік беру

  • Оқушылардың білімдерін дамыту

  • Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі:Баяндау

Көрнекілік: суреттер, карта

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. 6-сыныптың Ежелгі Қазақстан тарихы пәні нені оқытады?

  2. Ерекшелігі?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Адам баласының шығуы.

  2. Алғашқы адамдардың кәсібі

  3. Алғашқы адамдардың Қазақстандағы іздері

  • Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайды. «Епті адам» Африкада Кения жеріндегі Олдувай шатқалында табылған. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген.

  • Еңбек құралдарын, тас өңдеу техникасын , бұйымдардың жетілдірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін үш кезеңге бөледі. Палеолит-ежелгі тас ғасыры, мезолит-орта тас ғасыры және неолит-жаңа тас ғасыры. Бұл үш кезеңнің әрқайсысының өзінен бұрынғыдан неғұрлым жетілдіріле жасалған еңбек құралдарымен ерекшеленеді.

Сабақты бекіту:

  1. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?

  2. «Саналы адам» қашан қалыптасты?

  3. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар кімдердің замандастары еді?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §1. Алғашқы адамның жаратылысы туралы өз ойларын қағаз бетіне түсіру.



6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §2. Алғашқы адамдар өмірі. Еңбек құралдарының жетілуі

Сабақтың мақсаты:


  • Алғашқы адамдардың еңбек құралдарды жетілдіруі, мұз басып, отты пайдалануы туралы айта отырып, белсенді білімді, Отанын сүйетін патриот тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: Баяндау

Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Адамзат балсаының пайда болуы туралы әңгімеле

  2. «Палеолит», «Мезолит», «Неолит» дәуірлеріне түсініктеме бер

  3. Алғашқы адамдар қалай аталған?

ІІІ.Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Еңбек құралдары

  • Орта тас ғасыры мезолитте-шамамен б.з.б. 12-5 мың жыл бұрын олар пайдалануға ыңғайлы қалыпқа түсе бастады.

  1. Отты пайдалану

  • Бұдан 100 мыңнан 13 мың жылға дейін жердің бетін мұз басып жатты.

  1. Жердің сууы

Суреттермен жұмыс:

  • Үшкір тас құралдар

  • Тастан жасалған еңбек құралдары: шапқы, қырғыш, кескіштер

  • Алғашқы адамдар баспанасы

ІҮ.Сабақты бекіту:

  • Адамдар дәнүккішті қай кезеңде ойлап тапты?

  • Мұздық қашан ери бастады?

Ү.Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:

§2. Оқулықта берілген суреттерге қарап адамның алғышқы еңбек құралдары туралы әңгімелеп келу
6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §3. Тас дәуірі

Сабақтың мақсаты:


  • Қазақстан аумағындағы тас дәуірі туралы, ол кездегі еңбек құралдары, тас дәуірінде өмір сүрген адамдарды қалай атады, осы туралы баяндау

  • Рулық қауымның шығуы туралы айта отырып, оқушылардың белсенділігін арттыру, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: суреттер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Адамның еңбек құралдары қалай өзгерді?

  • Адамдар отты неге пайдаланған, оның қандай пайдасы болды деп ойлайсыңдар?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қазақстан аумағындағы тас дәуірі

Адамзат қоғамындағы ең ұзақ палеолит дәуірі ерте және кейінгі тас ғасыры болып екі кезеңге бөлінді. Ерте тас ғасыры б.з.б. 2 миллион 500 мың жылдан 40-35 мың жылға дейінгі уақытты қамтыды. Кейінгі тас ғасырының хронологиялық ауқымы-б.з.б. 40-12 мың жыл аралығы. Кейде адамдар ерте және кейінгі кейінгі тас ғасырының аралығңында ортаңғы тас ғасыры болғандығын айтады. Оның мерзімі шамамен б.з.б. 100-40 мың жыл аралығы деп есептелінеді.

  1. «Саналы адам».

Жүздеген ұрпақтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде бұдан 40-30 мың жыл бұрын «епті адам» «саналы адамға» айналды. Адамның жетілуінде еңбек шешуші рөл атқарды. Адам еңбек арқылы жетіліп, оның қолы, сөзі миы дамыды. /Атеистер ілімі бойынша/

«Саналы адам» сүйегі алғаш рет Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылған. Сондықтан саналы адамды кроманьондық деп атайды.



  1. Рулық қауымның шығуы

Адамдар тобы бірте-бірте туысқандардың ұжымына-рулық қауымға айналды. Бұл шамамен «саналы адамның»шығуына сәйкес келеді.

Бірнеше ру бірігіп, шаруашылық мәселелерін бірлесіп шешті. Мұндай рулық бірлесулерді басқаратын көсемдер сайланды.

Сабақты бекіту:


  • Палеолит заманының ескерткіштері Қазақстанның қай жерінен табылған?

  • Палеолит дәуірінің Қазақстандағы тұрақтары туралы не білесің?

  • «Адамды адам еткен еңбек» дегенмен келісесің бе? Неге?

  • Ру дегеніміз не?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §3. Шығармашылық тапсырма: Жердің беті күрт суып,қыс ұзаққа созылды. Жылы ауа райына үйренген бірқатар жануарлар қырылды. Тірі қалғандары жылы жаққа ауып кетті. Алғашқы адамдар суықтан қалай аман қалды? Олар суықтан қалай қорғанды?


6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §4. Орта тас ғасыры

Сабақтың мақсаты:


  • Орта тас ғасырылын ерекшеліктері, қоғамдағы өзгерістер, егіншілік пен мал шаруашылығының қалыптасуы туралы айта сызба түрінде түсіндіре отытып, оқушылардың білімдерін жетілдіру, белсенділігін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: сызба, суреттер.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Тас дәуірінің хронологиясын ата

  • Ру дегеніміз не?

  • Екі жағынан өңделген қарапайым тас құрал қалай аталады?

  • Тасты өңдеу әдісі қай кезеңде жетіле түсті?

Жаңа сабақтың жоспары:

  • Орта тас ғасырының ерекшелігі

Палеолиттің аяғы мен мезолиттің басында үлкен табиғи-климаттық өзгерістер орын алды. Жер бетін басып қалған мұз еріді, қазірге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрі қалыптаса бастады.

  • Орта тас ғасыры (мезолит) б.з.б. 12-5 мыңыншы жылдықтар аралығын қамтиды.

  • Микролит-ұзындығы 1-2 сантиметрдей ұсақ жаңқа тастардан жасалған құрал

Б.з.б. 8 мыңжылдықта Қазақстан жерінде қолайлы климат орнады. Күннің жылынуы ендігі жерде бұрынғыдай үй салуды аса қажет етпеді. Ғалымдар мезолит дәуірінің ерекшеліктері ретінде жануарларды қолға үйрету мен дәнді дақылдарды өсіруді айтады.

2. Орта тас ғасырындағы қоғамдық өзгерістер

3. Егіншілік пен мал шаруашылығының қалыптасуы.


  • Бұдан 10 мың жыл бұрын егіншілік пайда болды

Сабақты бекіту:

  • Мезолит дәуірінде қандай өзгерістер орын алды?

  • Рулық қауымның өмірі туралы әңгімеле.

  • Мезолиттің еңбек құралына сипаттама бер.

  • Терімшілік пен егіншіліктің айырмашылығы неде?

  • Мал өсірудің аңшылықтан қандай айырмашылығы бар?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §4. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру


6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §5. Жаңа тас ғасыры

Сабақтың мақсаты:


  • Жаңа тас ғасыры, яғни неолит дәуірі туралы , оның ең үлкен жаңалығы туралы айта отырып, белсенді, білімді, бәсекеге барынша қабілетті патриот тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: суреттер, сызба, т.б.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Садақ пен жебе қай кезеңде жасалынды?

  • Ұзындығы 1-2 сантиметр ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар қалай аталады?

  • Малды қолға үйрету мен егіншілік қай кезеңде қалыптаса бастады?

  • Егіншілік қашан пайда болды?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Неолит тұрақтары

  • Жаңа тас ғасыры (неолит) б.з.б. 5-3 мың жылдықтар аралығын қамтыды

  • Қазақ жерінде кездесетін неолит тұрақтарының ең көнесі б.з.б. 5 мыңжылдыққа тән

  1. Неолит ескерткіштері

  • Солтүстік Қаз-дағы Пеньки селосы маңындағы тұрақта тас шапқылар

  • Балқаштың солтүстігінен

  • Орталық қазастанда Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарынан

  • Жезқазған өңірінен Шығыс Қазақстан аумағынан көптеген ескерткіштер табылды.

  1. Өндіргіш шаруашылыққа көшу.

Қазақстан аумағынан неолиттің 500-ден аса тұрақтары табылған

Көзе-саздан жасалған қыш ыдыс

Неолит дәуірінің тағы бір үлкен жаңалығы-адамдардың қыш құмыра (керамика) жасауды үйренуі еді. Бұл дәуірді сондықтан кейде «қыш құмыралар заманы» деп те атайды.

Сабақты бекіту:



  1. Картаны пайдаланып, неолитті тұрақтарды көрсет.

  2. Неолит дәуіріндегі адамдар өміріндегі өзгерістерді ата. Адамдар қандай жаңалықтар ашты?

  3. Оқулықты пайдаланып, Сексеуіл тұрақтарыа сипаттама бер.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §5. Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің кезеңдері кестесін дәптерлеріне көшіріп, жаттап келу.



6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §6. Мыс-тас ғасыры (энеолит)

Сабақтың мақсаты:


  • Еңбек құралдарының жетілуі, адамдардың мысты игере бастауы, оның тас дәуірінен ерекшелігі, хронологиясы туралы айта отырып,оқушыларды ізденімпаздыққа, шыдамдылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Неолит тұрақтарын ата

  • Неолитескерткіштерін ата

  • Неолиттің хронологиясы

  • Көзе дегеніміз не?

Жаңа сабақтың жоспары:

Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы мыс-тас ғасырынан (энеолит) басталады. Бұл кезең шамамен алғанда б.з.б. 3000-2800 жылдары өткен. Мыс-тас дәуірінде жасалған құралдар өндіріске енгізілді.



  1. Еңбек құралдарының жетілдірілуі

  2. Мыс-тас ғасырының ерекшелігі

Энеолит сөзі-мыс-тас ғасыры дегенді білдіреді. Бірақ металл тасты қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жоқ. Тас сол кезде де ең негізгі құрал ретінде пайдаланылды. Мыс-тас ғасыры қоғамында екі ірі өзеріс орын алды: еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру үстемдігі қалыптасты.

  1. Мыс-тас ғасырының ерекшеліктері

Сабақты бекіту:

Тас дәуірінің кезеңдері

Кезеңнің хронологиялық ауқымы

Жаңалықтар мен өнертабыстар

Әр кезеңде өмір сүрген адамдар

Қоғамдық құрылымы

Ерте тас ғасыры













Кейінгі тас ғасыры













Мезолит













Неолит













Энеолит













Бағалау:

Үйге тапсырма: §6. Тест тапсырмаларын орындау



6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §7. Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі

Сабақтың мақсаты:


  • Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі, білім, діни көзқарастар т.б. туралы айту.

  • Өнердің шығуы турады баяндай отырып, мәдениеттілікке, имандылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралса

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: сызба, суреттер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Еңбек құралдарының жетілдірілуі

  2. Мыс-тас ғасырының ерекшелігі

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Білімнің дамуы

  2. Діни көзқарастың қалыптасуы

  • Тотемизм-адамдардың шығу тегін жануарлар, өсімдіктер немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыру.

  • Адамдардың түсінігі бойынша , жер мен судың, орман мен таудың иелері болған. Сондықтан оларға құрбандық әкеліп тұруға тырысқан. Табиғаттан тыс күштер әлемді билеп тұрады, олар үрлесе, дауыл тұрады, қаласа, аңдар басқа жаққа ауып кетеді деп сенген. Адамдар оларды аруақтар (рухтар), ао орасан зор күш иесін құдайлар деп атаған.

  1. Өнердің шығуы.

Сабақты бекіту:

  • Адамдар өздерінің білімдерін қалай жетілдірген?

  • Діни көзқарастың қалыптасуы неге байлынысты болды?

  • Өнер қалай пайда болған, Өнердің қай түрі жақсы дамыған?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §7. Өзін-өзі тексеру сұрақтары

Алғашқы қауымдық адамдар тарихынан не білдік?


  • Тас дәуірі қандай кезеңдерге бөлінеді?

  • Палеолит- ежелгі тас ғасыры, мезолит-орта тас ғасыры, неолит-жаңа тас ғасыры.

  • Тастан жасалған негізгі құралдарды ата. /Қашау, қырғыш, балта, найзының ұшы, пышақ, садақпен жебе./

  • Алғашқы қауым адамдарының ұжымы дегеніміз не?

Алғашқы адамдар-адамдар тобыры. «Саналы адам»-рулық қауымдар. 13 мың жыл бұрын-рулар мен тайпалар қалыптасты. 6-7 мың жыл бұрын рулық қауымдар ыдырады-ақсүйектер пайда болды.

  • Дін қалай шықты?

Алғашқы қауымдағы адам табиғатқа тәуелді еді, табиғат құбылыстарының себептерін біле алмады. Бұл аруақтар (рухтар) мен сиқырға сенуді туғызды, әдет-ғұрып шықты.

  • Неолит кезеңінде адамдар қандай жаңалықтар ойлап тапты?

Саз балшықтан қыш ыдыстар дайындалды, шыбықтан себет тоқылды, жіп иіру, тоқымашылық қалыптасты, қайық жасалды, үйлер салынды.

Уақыт

Еңбек құралдыры

Кәсіптері

Адамдар мен олардың ұжымдары

Дін

Палеолит дәуірі

  1. Ерте

  2. Кейінгі













Орта тас ғасыры (мезолит)













Жаңа тас ғасыры (неолит)















6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §8. Қола дәуірінің негізгі сипаты

Сабақтың мақсаты:


  • Жалпы адамзат баласының даму тарихында ерекше орын алатын қола дәуірінің ерекшелігі, бұл дәуірде жасалынған еңбек құралдар, андроновтық тайпалар туралы егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, білімді, білікті азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:суреттер,сызба.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Тас дәуірі қандай кезеңдерге бөлінеді?

  • Палеолит ?

  • Тастан жасалған негізгі құралдарды ата.

  • Алғашқы қауым адамдарының ұжымы дегеніміз не?

  • Дін қалай шықты?

  • Неолит кезеңінде адамдар қандай жаңалықтар ойлап тапты?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Өндіріске металл-құрал саймандардың енуі.

  2. Қоладан жасалған еңбек құралдарына көшу

  3. Андрон мәдениеті туралы мәлімет

  4. Андрондықтардың шаруашылығы мен кәсібі.

  5. Андрон баспаналары

  • Қола дәуірі б.з.б. 2800 жыл –б.з.б. 900 жыл аралығын қамтиды.

  • Андрон тектес қола мәдениеті Орал (Жайық) өзенінен бастап, Енесей өзеніне дейінгі, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған.

  • «Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған».

  • Андрон мәдениетінің ерекшелігі

  1. Металл өңдеу игерілді.

  2. Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастады

  3. Жер өңдеудің қарапайым түрі, теселі егіншілік дамыды.

Сабақты бекіту:

  • Мыс өңдеу мен қоланың пайда болуы еңбек өнімділігіне қалай әсер етті?

  • Картадан Андрон мәдениеті таралған жерлерді тап. Олардың бүгінгі күнде қай мемлекеттердің аумағына жататынын анықта.

  • Андрондықтардың баспаналарына сипаттама бер.

  • Қола дәуіріндегі адамдар салған суреттер қай жерлерден табылған?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §8. Өзін-өзі тексеру сұрақтары



6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §9. Шаруашылық пен қоғамдық өмірдегі өзгерістер

Сабақтың мақсаты:


  • Қола дәуірі кезіндегі климаттың өзгеруі, шаруашылық, қоғамдық құрылыс туралы баяндау.

  • Беғазы-Дәндібай мәдениеті, зергерлік өнер, сонымен қоса Ә.Х.Марғұланның зерттеулерін айта отырып, білімділікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: суреттер, қола дәуірі кезіндегі Қазақстанның картасы.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Мыс өңдеу мен қоланың пайда болуы еңбек өнімділігіне қалай әсер етті?

  • Андрондықтардың баспаналарына сипаттама бер.

  • Қола дәуіріндегі адамдар салған суреттер қай жерлерден табылған?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Климаттың өзгеруі

  • Орталық Қазақстан қола дәуірінің ең соңғы кезеңі Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады. Оның хронологиялық ауқымы б.з.б. 12-8 ғасырларды қамтиды.

  1. Беғазы-Дәндібай мәдениеті

  • Б-Д мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі-обалар. Андрондықтардың ерекшелігі: Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтармен бекітілген.

  • Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды. Сол жылы қазақтың біртуар энциклопедист ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция құрды.

  1. Шаруашылығы

  2. Қоғамдық құрылысы

  1. Қола дәуірі кезінде діни наным-сенім қалыптасып, жоғары дінбасылары-абыздар пайда болды. Олар рудың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады.

Сабақты бекіту:

  1. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?

  2. Оқулықтың мәтінін пайдаланып, көшпелі мал шаруашылығының шығу себебі туралы әңгімеле

  3. Б-Д мәдениетін Андрон мәдениетімен салыстыр.

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 9. Шаруашылық пен қоғамдық өмірдегі өзгерістер.

«Ру мен тайпа кеңесі» қосымша материал

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §10. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы.

Сабақтың мақсаты:


  • Көшпелілер өмірі, шаруашылығы,малының түрлері, отырықшылық пен көшпеліліктің айырмашылығы тақырыптарында түсіндіре отырып, шаруашылыққа бейім, еңбекқұмар, отансүйгіш азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: сызба, суреттер,т.б.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?

  2. Көшпелі мал шаруашылығының шығу себебі туралы әңгімеле

  3. Беғазы-Дәндібай мәдениетін Андрон мәдениетімен салыстыр

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Көшпелі мал шаруашылығы

  • Табиғатта құрғақшылық бет алып, жауын-шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады.

  • Ат әбзелдерін жетілдіру жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді.

  • Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті.

  1. Малдың түрлері

  • Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы-терімшілер сияқты еміс, көшпелілердің өздері өнім өндірді. Малшылар жылқы, түйе, қой мен сиыр ұстады.

  1. Көшпеліліктің бөлінуі

  • Көшпелілер ат әбзелдерін үнемі жетілдіріп отырды. Олар үзеңгіні, ауыздықты, ерді ойлап тапты. Қыштан, шыныдан, металдан жасалған көлемді заттар анағұрлым жұмсақ әрі жеңіл металдармен: былғары, киіз, ағашпен алмастырылды.

  • Табын түрлерінің әр қилылығы өсімдікке байланысты. Мысалы, еліміздің шөлді аудандарында шөптің 288 түрі өседі. Сиыр мен жылқы олардың-109, түйе, 148, қой-167 түрін жейді. Ал 180 түрлі сортаң шөптің қой 132, сиыр 24 түрін ғана жейді

Сабақты бекіту:

  1. Көшпелі мал шаруашылығы қашан пайда болды?

  2. Көшпелі мал шаруашылығы қалай дамығанын айтып бер

  3. Көшпелі мал шаруашылығының отырықшылықтан айырмашылығы қандай?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §10. Ежелгі Қазақстан тұрғындары неліктен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты? /эссе жазып келу/



6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §11. Көшпелі бақташылық шаруашылықтың негізгі түрі

Сабақтың мақсаты:


  • Көшпелілердің тіршілігін отырықшы егіншілердің өмірімен салыстыра отырып, олардың дәстүрлі мерекелері, өмір салты, баспаналары туралы егжей тегжейлі баяндау.

  • Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: суреттер.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Көшпелі мал шаруашылығы қашан пайда болды?

  2. Көшпелі мал шаруашылығы қалай дамығанын айтып бер

  3. Көшпелі мал шаруашылығының отырықшылықтан айырмашылығы қандай?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші-қон

  • Көктеу, жайлау, күзеу, қыстау

  • Көшпелі мал шаруашылығының бірнеше түрі болды. Батыс және Орталық Қазақстанда таза көшпелі тұрмыс қалыптасты. Шығыс Қазақстанда, Алтай мен Тянь-Шань тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды. Қазақстанның оңтүстігінде Сырдария, Шу, Келес өзендерінің аңғарында отырықшы шаруашылық дамыды.

  1. Көшпелілердің баспанасы

  • Киіз үй өте қарапайым әрі тұруға қолайлы. Оны аз уақытта , шамамен, бір сағат ішінде тігуге және жығуға болады. Жүк арту үшін бір түйе немесе екі ат жеткілікті болған.

Сабақты бекіту:

  1. Көшпелілердің тіршілігін отырықшы егіншілердің өмірімен салыстыр /венн диаграммасы/

  2. «Көшпелі өмір салты» тақырыбына әңгіме құрастыр.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §11. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.



6-сынып . Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы:§ 12. Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы.

Сабақтың мақсаты:

  • 1.Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айта отырып, Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларының шығу тегі, және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік беру.

  • 2.Оқушылардың белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру

  • 3.Оқушыларды Отансүйгіштік рухта тәрбиелей отырып, мәдениетті, иманды азамат қалыптастыру

Сабақтың түрі: Аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, тірек сызба, домбыра, суреттер, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу, әнұран орындау.

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Өткен тоқсанға шолу:

  1. Қазақстан тарихы 4-ке бөлінеді

  2. Соның ішінді ежелгі Қазақстан да 4-ке бөлінеді

  1. тас дәуірі

  2. мыс діуірі

  3. қола дәуірі

  4. темір дәуірі

  1. Адамзат баласының металлдан жасалған құралды игере бастауы қай дәуірден басталады-энеолит-мыстытас

  2. Темір дәуірі деп аталу себебі-еңбек құралдары темірден жасалды

  3. Темір дәуірінің ерекшеліктері

а) шаруашылық құралдардың темірден жасалынуы

б) ірі тайпалардың тайпалық одақтарға бірігуі

в) көшпелі мал шаруашылығы мен жыртпалы егіншіліктің шығуы

г) алғашқы мемлекеттердің қалыптаса бастауы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет