Экожүйелер – бір-бірімен және қоршаған ортаның жансыз бөлігімен байланысқа түсетін тірі ағзалардың өз-өздерін қолдай алатын жүйелері. Экожүйенің тірі бөліктері “биотикалық” факторлар деп аталады, оларға барлық өсімдіктер мен жануарлар және олардың арасындағы қарым-қатынас жатады. Ал “абиотикалық” факторларға ауа, топырақ, тас және су секілді жансыз табиғат бөліктері жатады.
2 -тапсырма. Суреттегі экожүйеге атау бер. Осы экожүйе компоненттерінің байланысын дәптеріңе сызба түрінде көрсет. Олардың қайсысы продуцент (түзуші), редуцент (ыдыратушы) немесе консумент (тұтынушы) болатынын жаз.
Дескрипторлар
- Экожүйе компонентерін анықтайды;
- экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын сипаттайды;
- экожүйелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді.