6.6.1.1 - экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын график түрінде көрсету және түсіндіру
Сабақ мақсаттары
экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын анықтау;
экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын көрсететін графикті сипаттау
Бағалау критерийлері:
1. экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы сызбасын құрады;
2. сызбаны пайдаланып, ағзалар арасындағы байланысты сипаттайды;
3. экожүйедегі ағзалар арасындағы байланыстың ағзалар санына әсерін талдайды.
Терминдер мен түсініктер
Экожүйе Абиотикалық
Экотоп Биотикалық
Биоценоз Фитоценоз
Продуценттер Зооценоз
Консументтер Микроценоз
Редуценттер Климат
Автотрофты Геологиялық орта
Гетеретрофты
«Экожүйелер дегеніміз не?»
Экожүйелер – бір-бірімен және қоршаған ортаның жансыз бөлігімен байланысқа түсетін тірі ағзалардың өз-өздерін қолдай алатын жүйелері. Экожүйенің тірі бөліктері “биотикалық” факторлар деп аталады, оларға барлық өсімдіктер мен жануарлар және олардың арасындағы қарым-қатынас жатады. Ал “абиотикалық” факторларға ауа, топырақ, тас және су секілді жансыз табиғат бөліктері жатады.
- экожүйелердің абиотикалық факторларын анықтайды;
- экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын сипаттайды;
- экожүйелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді.
2 -тапсырма. Суреттегі экожүйеге атау бер. Осы экожүйе компоненттерінің байланысын дәптеріңе сызба түрінде көрсет. Олардың қайсысы продуцент (түзуші), редуцент (ыдыратушы) немесе консумент (тұтынушы) болатынын жаз.
Дескрипторлар
- Экожүйе компонентерін анықтайды;
- экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын сипаттайды;
- экожүйелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді.