ist1102201610



Pdf көрінісі
Дата07.04.2020
өлшемі1,87 Mb.
#61902
Байланысты:
ist1102201610
лекциялар 2020, лекциялар 2020, лекциялар 2020, қрмқт лекциялар, адат

 

 
 
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАН  
 
ТАРИХЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қ А З А Қ С Т А Н  
 
Т А Р И Х Ы 
 
 
(несиелік технологиясы бойынша оқытудың тарих емес 
факультеттерге арналған оқу-әдістемелік қҧралы) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АҚТӚБЕ, 2009 
 
 

 

 
УДК 94 (574) 
ББК 63.3 (қаз) 
Қ 18 
 
Қазақстан тарихы 
 
Оқу қҧралы – Ақтӛбе, 2009 – бет 
 
 
ISBN 9965-706-77-8 
 
АқтМПИ Ғылыми Кеңесі мақҧлдап ҧсынған 
 
Ҧсынылып  отырған  оқу-әдістемелік  қҧрал  жоғары,  орта  және 
арнаулы  орта  оқу  орындарының  мемлекеттік  стандарт  және  типтік 
оқу  жоспары  мен  бағдарлама  негізінде  оқытудың  несиелік 
технологиясына  ыңғайланып  дайындалған.  Материал  тараулары 
теориялық тҧжырымдар деңгейі тҧрғысынан, баяндау тәсілі жағынан 
әр  алуан.  Материал  ӛзіндік  баяндау  ҥрдісі  бойынша  проблемаларды 
кең  уақыттық  ауқымда  –  ежелгі  замандардан  2009  жылға  дейінгі 
кезеңді  қамтиды.  Оқу  қҧралы  жоғары,  орта  оқу  орындарына  және 
Отан тарихына ынталы оқырманға арналады. 
 
 
 
Абдоллаев Нҧртаза Ақишанҧлы. 
 
Компьютерге терген және редакциялаған Мурзалина Г.Б. 
 
 
        ISBN 9965-706-77-8                                                     ББК 63.3 (қаз) 
 
 
 
 
Сарапшылар: 
 
Ә.Қ. Мҧқтар - т.ғ.д., профессор 
Б.Бірімжаров- т.ғ.д., профессор 
 
 
 
 
 

 

М А З М Ҧ Н Ы 
 
 
 
Е Ж Е Л Г I    Қ А З А Қ С Т А Н-----------------------------------------------3 бет 
 
ҚАЗАҚ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ТАЙПАЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР  
МЕН МЕМЛЕКЕТТЕР-----------------------------------------------------------8 бет 
 
Қазақ жерiндегi алғашқы тҥрiк мемлекеттерi------------------------------15 бет 
 
МОНҒОЛ ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ ЗАМАНЫНДАҒЫ  
ҚАЗАҚСТАН---------------------------------------------------------------------25 бет 
 
             XVI - XVII ғғ. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ, ӘЛЕУМЕТТIК-  
             ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ-----------------------------------------------31 бет 
 
ҚАЗАҚ ЖҤЗДЕРІ МЕН РУЛАРЫ-----------------------------------------------------39 бет 
 
XVIII-XIX ғғ. ҦЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР-------------------------53 бет  
 
XVIII - XIX ғғ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  
ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ЖАҒДАЙЫ------------------------------------------68 бет 
 
             XVIII - XIX ғғ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ------------------------83 бет 
 
XIX- XX-шы ғ. басындағы Қазақстанның саяси-экономикалық  
және мәдени-әлеуметтік ахуалы----------------------------------------------95 бет 
 
1916-1918 жж. Қазақстандағы саяси оқиғалар  
мен мемлекеттік ӛзгерістер---------------------------------------------------105 бет 
 
Қазақстандағы азамат соғысы (қарсыластығы). 
Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның қҧрылуы---------------------------------------118 бет 
 
ХХ ғасырдың 20-30 жж. саяси – экономикалық 
және әлеуметтiк ӛзгерiстер---------------------------------------------------126 бет 
 
Ҧлы Отан соғысы мен экономиканы қалпына келтiру 
 жылдарындағы Қазақстанның орны (1941-1950 жж.)------------------138 бет 
 
  ХХ ғ. 50-70 жж. Қазақстандағы саяси
  әлеуметтiк-экономикалық жағдай-------------------------------------------145 бет 
 
  КСРО-ның тоқырау кезеңiндегi Қазақстанның ахуалы-----------------153 бет 
 
Тәуелсіздік жолында------------------------------------------------------------ 169 бет 
 
            Пән бойынша қорытынды бақылауға (мемлекеттік емтихан)  
            ҧсынылатын сҧрақтар жобасы:-----------------------------------------------198 бет  
 
 
 
 
 
 
 

 

Е Ж Е Л Г I    Қ А З А Қ С Т А Н. 
 
Бiрiншi дәріс 
Е Ж Е Л Г I    Қ А З А Қ С Т А Н. 
 
Ж о с п а р ы 
 
1. Кiрiспе. 
 
2. Қазақстан территориясындағы тас дәуірі. 
 
3. Қола дәуiрi (Андронов мәдениетi). 
 
Ә д е б и е т т е р: 
 
1.  
Қазақ ССР тарихы, 5-томдық, 1-том. - Алма-Ата., 1980. 
2.  
Қазақ ССР тарихы, 2-томдық, 1-том. - Алма-Ата., 1963. 
3.  
Қазақстан тарихы кӛне заманнан бҥгiнге дейiн. 5 томдық. 1 том.”Атамҧра”, Алматы, 
1996. 
4.  
Қазақстан тарихы кӛне заманнан бҥгiнге дейiн. (очерк). Алматы. “Дәуiр”, 1994. 
5.  
Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы “Жалын”, 1994. 
6.  
Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергi тарихы. КМЭБИ, Алматы, 1995. 
7.  
А. Кҥзембайҧлы, Е. Әбiл. История Республики Казахстан. Алматы “Санат”, 1998.  
8.  
Асфендияров С., Кунте Н. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. - 
Алматы, (1935) “Қазақстан”, 1997. 
9.  
С.Г. Кляшторный, Т.И. Султанов. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. Алма-Ата, 
“Рауан”, 1992. 
10.  
Дербов Л.А. Введение в изучение истории. -М., 1981. 
11.  
Козыбаев М.К., Историческая наука Казахстана на современном этапе развития. 
Алма-Ата., 1991. 
12.  
Могильницкий Б.Г. Введение в методологию истории. - М., 1989. 
13.  
Казахстан за годы советской власти /указатель литературы/.- А-А., 1979. 
 
1.  Әлемнiң  барлық  аймағында  адамның  шығуы  мен  дамуында,  оның  еңбек 
iздерiнде негiзгi ортақ кӛрiнiстер кӛп және олар ӛзара байланысты. Егерде Қазақстан 
тарихының  ашылған  немесе  ашылмаған  беттерi  кӛппе  деген  ойға  келсек  ешқандай 
кҥмәнсiз, ғылым-бiлiм игермеген мәселелер ҥлесi басым. Тiршiлiкке аса қажетті тас 
қҧралдары,  оларды  дайындаудың  әдістері  мен  сырлары,  кәсіптері  мен  мекен-
жайлары  туралы  жазылған  этнографиялық,  археологиялық  жәдігерлер  әлі  зерттеліп 
болған жоқ. Мҧндай мәлiмет-деректер адамзаттың даму ҥрдісiн кең шеңберде, қазақ 
ҧлтының тарихын тар шеңберде тҥсінуге мҥмкіндік мол. 
Аталған  тҧжырым  қоршаған  айналаны  ғасырлар  бойы  зерттеу  нәтижесiнде 
қорытылған.  Қазiргi  кезде  тарих  ғылымында  адам  қоғамы  дамуының  кезеңдері 
туралы кӛп болжам арасында ҥш тҥрлi кӛзқарас басым: формациялық, ӛркениеттiлiк 
және  модернистiк  (  жаңаша  бағалау).  Ежелгi  адам  ӛз  дамуында  кезекпен  келетiн 
бiрнеше  жҥз  жылдап  саналатын  кезеңдердi  басынан  ӛткiздi.  Олар  тас,  қола  және 
темiр  дәуiрлерi.  Ал  тас  ғасыры  палеолит,  мезолит,  неолит  кезеңдерiне  бӛлiнедi. 
Палеолит кезеңі Еуразия мен Африка аймақтарында ӛмір сҥрген ежелгі адамдардың 
кәсібі, тҧрмысы, мәдениетінің ҧқсастығынан нақтылы кӛрінеді. 
 
Ежелгi  тас  ғасыры  дәуiрi  -  адам  мен  оның  шаруашылығының  қалыптасуының 
бастапқы  кезеңi.  Палеолит  дәуiрiндегi  адамдар  қауымдастығы  табиғи  ӛсiмдiктердi 
жинап, жануарларды аулаған, олар кҥрделi де ҧзақ даму жолынан ӛттi. Бҧл әлеуметтiк 
қҧрылым  ғылымда  алғашқы  тобыр  деп  аталады  да,  ол  қоғамдық  қатынастардың 
жетiлмегендiгiмен,  сҥреңсіз  ӛмір  тіршілігімен  бей-берекелі  жыныстық  қатынастармен 
/полигамия/ ерекшеленедi. 
 
Келесi  саты  -  мезолит  дәуiрi,  ал  одан  кейiн  неолит  пен  энеолит  кӛшпелi  және 
отырықшы  тҧрмыс  салтындағы  аңшылар  мен  балық  аулаушылар  мәдениетiнiң 
қалыптасу және даму заманы болып сипатталады. Тас дәуiрі бiзден қаншалықты қашық 
болғанымен,  бiз  алғашқы  қауым  аңшылары  мен  термешілердің  ежелгi  мәдениетi  бір-
бірімен ӛзара байланыста болып, бір-бірінің ӛміріне әсер етті. 
 

 

 
2.  Ғылымдағы  тҧжырымдар  бойынша  3,5  млн.  жыл  бҧрын  әлемдегi  табиғаттың 
кҥрт ӛзгеруі мҧздың еруі, топан судың қаптауы қҧрғақшылық табиғаттың кҥрделенуiне 
әкелiп  соқтырды.  Бҧл  қҧбылыстар  адамзатты,  тiрi  жануарларды  табиғат  ӛзгерісіне 
бейімделуге мәжбҥр еттi. Табиғатта болып жатқан жағдайларға тез арада маймылдар / 
дриопитектер/  ҥйлесіп  кеткен,  ал  жабайы  адамдар  уақыт  ӛткен  сайын  екi  аяқпен 
қозғалу, кҥнделiктi ӛмiрiне қажеттi iстер атқару, тҥрлi еңбек қҧралдарын дайындау, қол 
кҥшiнен кӛрi ойлау қабілетін жетiлдiруді бiрте-бiрте жеделдеткен. Эволюция тарихында 
жануарлардың тағдырына қарағанда жабайы адамдарда кол кҥшiнен кӛрi ойлау қабiлетi, 
басым  бола  бастайды.  Бҧндай  жабайыларды  ғылым  екi  тҥрге  бӛледi:  австралопитек 
және адам. Адамдарды жабайылардан бӛлген ғалымдардың дәлелдері бойынша оның 3 
пайыздық саналылығы болған, ол дамып отырған. 
 
Австралопитек  (  ҥш-тӛрт  тҥрлi  оңтҥстiк  маймылы)  бҧдан  тӛрт  миллион  жыл 
бҧрын  Африкада  дҥниеге  келген.  Бҧдан  екi  миллион  жыл  бҧрын  шамасында  жабайы 
адамнан  қәзіргі  заманғы  адамның  алғашкы  қалпы  -  Хомо  (адам)  пайда  болады.  Одан 
кейiн шамамен 2-1,5 млн. жылдар шамасында Хомо-Хомо хабилис, яғни қабiлеттi адам 
қалыптасады.  ¤зiнен  бҥрынғы  жабайы  ежелгі  адамнан  гӛрi  ол  ширақталған  ой  және 
сӛйлеу  қабiлетiмен  ерекшеленедi.  Адамның  бҧл  тҥрi  еңбек  қҧралын,  қорғаныс 
қҧрылыстарын салуды игередi, қҧс аулау тәсiлiне машықтанады. 
 
Адам  дамуының  бҧл  тҥрінің  ӛмір  сҥрген  кезеңі  б.з.б.  келесi  1,6  млн.-  200  мың 
жылдықтарды  қамтиды.  Олар  тiк  жҥре  бастаған.  Тарих  ғылымында  хомо  эректус  деп 
аталған.  Ғылыми  болжамдар  бойынша  олар  Африкада  пайда  болып,  кейiн  топ-топ 
болып  Еуропа,  Шығыс  Азия  (синантроп),  Оңтҥстiк-Шығыс  Азия  (явантроп)  ӛңiрiне 
тараған.  Адамның  бҧл  тҥрi  архантроп  немесе  ежелгi  адамдар  тобын  қҧрады,  олардың 
еңбек және қорғаныс қҧралдары тастан, сҥйектен, ағаштан, жасалған. Адам тарихында 
тас дәуiрi ең ҧзақ кезең - бiздiң заманымызға дейiн 2,6 млн.- 5 мың жылға созылған ең 
ҧзақ дәуір. Палеолиттiң ӛзi екi кезеңге бӛлiнедi: тӛменгi ( 2 млн. - 40 мың. жыл бҧрын) 
және жоғарғы (40-12 мың жыл бҧрын). Тас дәуiрiнiң соңғы кезеңiнде адам ӛмiрiне мыс 
қҧралдары келедi, ол заманға ғылымда энеолит атауы берiлген.       
 
Ғылымда  ҧзақ  уақыт  тас  дәуiрiнде  бiздiң  ӛңiрде  адамдар  ӛмір  сҥрмеген.  Бірақ 
соңғы  кездегi  археологиялық  iзденiстер  Оңтҥстiк  Қазақстандағы  Тәңiрқазған, 
Бӛрiқазған,  Ақкӛлде  ежелгi  адамдардың  тҧрғын  орындарының  табылуы  бҧл  пiкiрдi 
ӛзгерттi. Бҥгiнгi таңда Қазақстанда палеолит мәдени ескерткiштерiнiң екi ӛңiрi белгiлi - 
Оңтҥстiк Қазақстан және Сары-Арқа. 
 
Осыдан  шамамен  300  мың  жыл  бҧрын  хомо  эректус  кәдiмгi  адам  қалпына 
жақындады  деп  есептейдi.  Зерттеушілер  шамамен  бҧдан  200  мың  жыл  бҧрын  хомо 
эректустан кәзіргі адамдарға типтес  хомо сапиенс пайда болады. Оларды палеантроп  - 
неандерталенсис  деп  атаған.  Бҥгiнгi  адамдарға  типтес  хомо  сапиенс  Еуразия  ӛңiрiнде 
осыдан  40  мың  жыл  бҧрын  пайда  болады.  Жалпы,  әлемдік  ғылымда  казiргi  адамның 
қалыптасуы  болжамдары  бойынша  Африкада  қалыптасып,  кейiн  әлем  аймақтарына 
тҥрлi жолдармен тараған деп есептейдi.   
 
Бҧл  қҧбылысқа  қоршаған  айнала,  қоныс  аудару  және  адамдардың  басқа 
топтармен  араласып  ӛмiр  сҥруi  де  біршама  әсер  еткен.  Неандертальдықтар  ӛздерiнiң 
дамуында  салыстырмалы  тҥрде  айтарлықтай  жоғары  сатыларға  кӛтерiлдi.  Олар  отты, 
киiм  тiгудi,  аң  ӛнімдерін  ӛңдеу  ӛнерін  игердi.  Әсiресе  палеолиттiң  соңғы  (жоғарғы) 
кезеңiнде  адамдардың  қол  ӛнерi  жетiле  тҥседi.  Ендi  адам  пышақ,  ара,  тескiш,  балға, 
кескiш,  балық  аулайтын  т.б.  тiршiлiкке  қажет  қҧрал-саймандарды  жасауды  ҥйренедi. 
Осы  кезде  адамдар  Қазақстан  ӛңiрiн  тҥгелдей  мекендейдi,  елiмiздiң  Шығысы  және 
Оңтҥстiк  Сiбiр  мен  Алтайда  ежелгi  қоғам  мәдениетiнiң  тағы  бір  орталықтары  пайда 
болады.  Қазақстанда  бҧрын  ашылған  ежелгi  адамдар  ескерткiштерiне  қоса  тағы  да 
Орталықта  -  Қарабас-3,  Батпақ-7,  Ангренсор-2  және  Шығыста  -  Новоникольское; 
Оңтҥстiкте - Ащысай,Усықтас, Соркӛл сияқты жаңа тарихи орындар ашылды. 
 
Тас ғасырының орта және жаңа кезеңдерi ғылымда мезолит  ( б. з. д. 12 мың жыл 
), неолит (б.з.д. 5 - 3 мың жыл ) деп аталады. Аталған әр кезеңнiң ӛзiне тән эволюциялық 
ерекшелiгi  бар.  Мезолит  тҧсында  адам  садақ  пен  жебе  және  тасты  ӛңдеу 
технологиясын ашты.  Неолит  кезеңiнде  тас  ӛңдеу  индустриясымен қатар адамдар  мал 
ӛсiру және жер ӛңдеуге де бейiмделедi. 

 

 
Қазакстанда  неолит  мәдениетiнiң  бiрнеше  орталықтары  табылған.  Мысалы, 
елiмiздiң  оңтҥстiгiнде  (  Қараҥңгiр-Қаратау),  Орта  Азия  ӛңiрiнде  дамыған  кельтемҧнар 
мәдениетi  ошақтары  сақталған  (саздан  жасалған  ӛрнек  бояулы  ыдыстар  табылған). 
Солтҥстiк  Қазақстанда  неолит  кезеңiнiң  екi  орны  (Атбасар  және  Маханджар)  бар. 
Атбасар  мәдениетi  ӛкiлдерi  Есiл  ӛзенiнiң  далалық  және  ҧсақ  қырлы  ӛңiрлерiн  жайлап 
(Виноградовка-2,  Тельман)  аң  аулап  кҥн  кӛрген.  Маханджар  мәдениетi  ошақтары 
Торғай,  Тобыл  ӛзендерi  жанындағы  далалықта  -  Маханджар,  Дҥзбай,  Алқау  деген 
мекендерде  орналасқан.  Батыс  Қазақстанда  неолиттi  ойық  мәдениеттерi  сипаттайды. 
Маңқыстаудан табылған неолит кезеңi жәдігерлері, аталған мәдениет ӛкiлдерi (б.з.д. VI-
V  мың.  ж.  )  аң  аулау,  термешілік  арқылы    кҥн  кӛрiп,  саздан  ыдыс  қҧю  және  жiп  иiру 
ӛнерiн игерген. 
 
Бiздiң  заманға  дейiнгi  III  -  II  мыңжылдықта  (энеолит  кезеңi)  ауа  райы  кҥрт 
ӛзгеруімен 
/ылғалды 
және 
салқындауы/ 
Қазақстан 
тҧрғындары 
ӛндiрiстi 
шаруашылықтың тҥрi - мал ӛсiрудi жаппай игередi. Бҧл кезеңді мәдениет Ботай мәдени 
ескерткіштерінің жәдігерлері дәлелдейді: Ботай, Красный Яр, Бестамақ, Соленое озеро 
т.  б.  Мҧнда  алғашқы  кезеңдерге  қарағанда  адамдар  iрi  елдi  мекендерге  орналасады, 
жылқыны  кӛлiк  етіп  пайдаланады,  аң,  балық  аулайды.  Аталған  жәдігерлер  ӛзiнiң 
мазмҧнымен  сҧртаңды  (Оңтҥстiк  Орал),  хвалынь  (Едiл  жағалауы),  афанасьев  (Алтай), 
усть-нарым (Шығыс Қазақстан) мәдениеттерге жатады. Бҧның ӛзi Еуразия даласындағы 
тайпалардың тарихындағы этностық және мәдени бiртҧтастықты сипаттайды. 
 
3.  Неолит  дәуiрiнде-ақ  байқалған  мәдени-шаруашылық  ӛзгерiстерi  б.  з.  б.  II 
мыңжылдықта мал ӛсіру, егiншiлiк экономикасы мен металл оңдеу кәсiбі қалыптасуына 
жетеледi.  Бҧл  эволюциялық  жаңалық  Қазақстан  аймағындағы  бҥкiл  әлеуметтiк-
экономикалық  жағдайды  тҥбiрiнен  ӛзгерттi.  Қонысын  жиi  ауыстырып  отыра,  жiгерлi, 
пысық малшы тайпалары тҧңғыш бiрлестiктер қҧра бастады; бҧлардың қалыптасуында 
ӛзара бiр-бiрiмен қақтығыстар елеулi орын алды. Қару ендi жабайы хайуандарды аулау 
ҥшiн  ғана  емес,  сонымен  қатар,  тайпа-аралық  қақтығыстарда  да  жиi  пайдаланалатын 
деңгейге  жетiледi.  Сӛйтiп,  қару  жасау  бiрте-бiрте  металл  ӛңдеудiң  дербес  саласына 
айналды. 
 
Б.з.д.  II  мыңжылдық  ортасында  Қазақстан  ӛңiрiндегi  адамдар  қола  металды 
игередi.  Қоладан  еңбек  қҧралдары  мен  қару  жасау  ӛнерi  біршама  дамиды.  Жер 
қойнауындағы  полиметалдар,  соның  iшiнде  қалайы-мыстың  мол  қоры  аймақтағы  қола 
дәуiрiнiң терең iз қалдыруының бiр факторы болды. Тҧрғындардың қоғамдық қҧрылысы 
мен  отбасылық-некелiк  қатынастарында  елеулi  ӛзгерiстер  пайда  бола  бастады.  Қола 
дәуiрiндегi  экономиканың  басты-басты  бағыттары  -  мал  шарушылығы  мен  металды 
жедел  қарқынмен  игеру  ӛндiргiш  кҥштердiң  жетілуiне,  қоғамдық  еңбектiң  мамандық 
бойынша жіктелуіне, сӛйтiп, қоғамдық ӛмiрдегi аумақты ӛзгерiстерге алып келдi. Жеке 
отбасылар  оқшауланды,  отбасылық  меншiк  кӛлемі  кеңейдi,  ру  қауым  iшiнде  мҥлiк 
теңсiздiгi  тереңдейдi.  Ежелгі  адамдар  ӛмірінің  осы  деңгейін  дәлелдейтін  бірінші 
жәдігердің  табылған  жерi  Ачинск  маңындағы  Андронов  елдi  мекенi  атына  орай  бҧл 
мәдениет  ғылымда  шартты  тҥрде  “Андронов  мәдениетi”  деп  аталды.  Бҧл  кезеңде 
андроновшылар  жәдігерлер  қалдырған  дала  малшы-егiншiлердiң  мәдени  ортақтығы 
айқын  сипатталады.  Барлық  жергiлiктi  мҧралық  ерекшелiктерге  қарамастан,  қазақ 
даласына  кең  тараған  бҧл  тайпалар  неолит  дәуiрiндегi  ӛзгерiстердi  айқын  мәдени 
бiркелкiлiкпен  ауыстырған.  Ғылыми  тҧжырымдар  бҧл  мәдениет  ӛкiлдерiнiң  басым 
кӛпшiлiгi отырықшылықпен айналысқанын анықтайды. Қоныс - мекендер кең жайылма 
шалғыны бар ӛзендердiң жанына орналасты. Патриархатты отбасылардың ҥйлерi ҥлкен 
жертӛлелер  болды;  олардың  жанынан  әр  тҥрлi  шаруашылық  жайлар  мен  мал  тҧратын 
қоралар  салынды.  Бҧл  қоныс-мекендерге  мал  бағу  кәсiбi  едәуiр  басым  -  егiншiлiк 
шаруашылықтың сипаты да тән болды. 
 
Аталған  мәдениетке  ерекше  тән  сипат  -  металдан  жасалған  еңбек  қҧралдары, 
қарулар  және  әсемдiк  заттар:  ҧңғысы  бар,  дҥмi  шығыңқы  балталар,  сағасында  ойығы 
бар пышақтар, балға-шоттар, найзалар мен жебенің ӛзгеше ҧштары, бiлезiктер, айналар, 
моншақтар және әр тҥрлi iлмешектердiң кең тарауы болды. Андроновшылардың басқа 
тайпалардан  ерекшелейтін  мәдени-этнографиялық  ең  басты  белгiлерi  жерлеу  ғҧрпы, 
геометриялық ӛрнекті балшық ыдыстардың ӛзiнше бiр жиынтығы, металл бҧйымдардың 
тҥрлерi  болып  табылады.  ¤ндiрiс  техникасының  дамығандығы  және  қола  заттар  мен 

 

балшық  ыдыстар  тҥрлерiнiң  әдемiлiгi  мәдениеттiң  де  деңгейi  жоғары  болғанын 
кӛрсетедi.  Кең  тараған  ғылыми  тҧжырым  бойынша  андроновшылар  финн-угор 
этникалық тобына жатқан. 
 
Ҥндi-иран  ежелгi  жазбаша  ескерткiштерiн  -  Авестаны,  Ригведаны, 
Атхарваведаны  және  топонимика  мен  ономастиканың  басқа  да  деректерiн, 
археологиялық  материалдарды  комплекстi  талдау  негiзiнде  тарих  және  филология 
ғылымында  андронов  тайпаларының  ҥндi-иран  немесе  арий  тектi  екендiгi  туралы 
тҧжырым  да  кездеседі.  Сол  жердегі  қазба  жҧмыстарын  1913  ж.  Б.В.Андрианов 
жҥргізген.  Андронов  мәдениетiнiң  алғашқы  жәдігерлерiн  1914  жылы  А.  Я.  Тугаринов 
ашты. Одан кейiнгi жылдарда бiр топ ғалымдар андронов мәдениетiнiң тарихи қҧбылыс 
ретiнде  ғылыми  байламдар  жасап    қола  дәуiрiнiң  кезеңдерiн  саралап  бердi  (алдыңғы, 
орта,  соңғы).  Кейiн  Орал  сыртында  тараған  андронов  мәдениетi  хронологиялық 
тҧрғыдан  сҧрыпталып,  әр  қайсысы  атау  алды:  федоров  кезеңi  -  б.з.б.  XVIII  -  XVI  ғғ.; 
алакӛл кезеңi - б.з.б. XV-XII ғғ.; замараев кезеңi - б.з.б. XII- VII ғғ. Бҧл заманды зерттеп 
ғылыми арнаға тҧжырымдауда Қазақстан зерттеушілерінің ҥлесi мол.  
 
Андронов  мәдениетiн  кезеңдерге  бӛлуге  байланысты  келтірілген  болжамдарды 
жақтаушылардың принциптi пiкiр айырмашылығы бҧл мәдениеттiң федоров кезеңi мен 
алакӛл  кезеңiнiң  хронологиялық  шеңберлерiн  бағалау  жӛнiнде  болып  отыр.  Ғылымда 
кең тараған кӛзқарас мынадай: бҧл кезеңдер бiрiнен соң бiрi келiп отырды, соның ӛзiнде 
неғҧрлым  ерте  кезеңі  федоров  кезеңiнен  кейiн  алакӛл  кезеңi  келедi,  ал  осы  алакӛл 
кезеңiнде андронов тайпалардың экономикасы мен мәдениетi дамудың шырқау шегiне 
жеттi.  Екiншi  кӛзқарас  бойынша,  федоров  пен  алакӛл  заманындағы  ескерткiштер  бiр 
уақытта  болған,  бiрақ  ӛлке  тҧрғындары  әр  тҥрлi  топтардан  қҧралған.  Жабайы 
жануарларды  қолға  ҥйрету  қола  дәуiрiнде  жетiлiп  адам  қоғамының  даму  сатысының 
қҧрамдас бӛлiгiне айналды. Қазақстанның солтҥстiк Арал кеңістігі, батыс, орталық және 
шығыс  аудандарындағы  неолиттiк  тҧрақтарда  жабайы  жануарлардың  сҥйектерiмен 
қатар,  қолға  ҥйретiлген  тӛрт  тҥлiк  малдың  да  сҥйектерi  табылған.  Қола  дәуiрi 
шаруашылық нысаны ретiндегi мал шарушылығының ҥздiксiз дамыған уақыты болды, 
ҥйретiлген  жануарлар  саны  және  қҧрамы  кӛбейдi.  Мал  бағу  ҥй  маңынан  бiрте-бiрте 
жайлауда бағуға ҧласып адамдардың ӛмiр-салты кӛшпендi сипат алады. 
 
Шаруашылықтағы  қой,  ешкi  сияқты  ҧсақ  малдың  және  ірі  қара  (жылқы,  сиыр, 
тҥйе) ҥлес салмағы уақыт ӛткен сайын арта тҥседі. Ежелгi замандағы мал шаруашылығы 
тҥрі экономист ғалымдардың тҧжырымынша экстенсивтi сипатта болған. Қола дәуiрiнiң 
соңғы  кезеңiнде  Қазақстанның  далалық  аймақтарында  мал  ӛсiру  шаруашылықтың 
келелi  саласына  айналып  және  кӛшпенділікке  негiзделген  тҥрге  ҧласқан.  Алайда,  бҧл 
қҧбылыс  Қазақстанның  барлық  ӛңiрiне  тән  емес.  Мәселен,  қола  дәуiрiндегi  Шығыс 
Қазақстан  тҧрғындары  шаруашылығында  отырықшылық  тҥрі  басым  болғаны  туралы 
кӛптеген деректер негізнде анықталған. 
 
Қазақстанда  қола  дәуiрiндегi  тайпалар  еңбек  ӛнімділігін  арттыруды 
материалдық қор жинақталуға жеткiзiп, қоғамдық қатынастарды жан-жақты дамытады. 
Шаруашылық  тҧрпатындағы  тҥрлi  даму  тенденциялары  қоғамдық  ҧйымдағы  кҥрделi 
ӛзгерiстерге негiзгi себепкер болады. Әлеуметтiк және әскери-саяси қҧрылымдарда ру-
тайпалық топтар саралана, жiктеле тҥстi. Ер, кӛсем, жауынгер материалдық игiлiктердi 
ӛндiруде  ҥстемдік  алып,  ру  жетекшi  дәрежесіне  кӛтерілуі  туыстықты  әке  жағынан 
есептеуге  бастау  (патриархат)  болады.  Патриархатты  әулеттiк  қауым  ӛзiнiң  дамуында 
бiрнеше  кезеңнен  ӛттi.  Алғашқы  тҥрiнде  ол  ӛзiнiң  алдындағы  матриархаттық  әулеттiң 
кӛп  белгiлерiн:  ӛндiрiс  қҧрал-жабдықтары  және  тҧрмыстық  мәселелердi  шешуде 
қоғамның  бар  ересек  мҥшелерiнiң  теңдiгiн,  қауым  басшысының  беделiне  ӛз  еркiмен 
бағынуды  мҧра етiп алған едi. Мҧндай қауымның негiзi, бҧрынғы сияқты, жҧп отбасы 
болды,  мҧның  ӛзi  ерлi-зайыптылар  қатынасының  берiк  болуымен  және  ортақ  балалар 
иемденуге  ерлер  мен  әйелдер  қҧқықтарының  теңдiгiмен  сипатталады.  Мҧндай 
патриархатты  қауымдар  тӛрт-бес  ҧрпақтан  қҧралды  және  аумағы  200  шаршы  метрден 
кең ҥйлерде бiрге тҧрды, ал бiрнеше осындай ҥйлерден ру қоныстары қалыптасты. 
 
Бҧл  қоғамда  ӛндiрiстiк-отбасылық  ҧжым  болып  ӛндiрiс  қҧрал-жабдықтары  мен 
ҧжымдық  еңбек  ӛнiмдерiне  ортақ  меншiк  болды.  Кейiн  қоғамдық  эволюция 
нәтижесiнде,  қола  дәуiрiнiң  соңғы  кезiнде,  дамыған  қауымдар  оқшаулана  бастайды; 
мҧның ӛзi келе-келе алғашқы қауымдық қҧрылыстың ыдырауына, отбасылық меншiктiң 

 

орнауына  әкеледi.  Батыс  Қазакстанда  сақталған  сол  кезеңдегi  адамдардың  тҧрмысын  
сипаттайтын жәдігерлер осы қҧбылысты айқындайды.  
 
Адамзат дамуының әр кезеңiне дiни нанымдар мен  табынушылықтар тән. Қола 
дәуiрiндегi  тайпалар  тҧрмысы  мен  әл-ауқаты  тҥгелдей  табиғатқа  тәуелдi  болды, 
сондықтан адам табиғат кҥшiн (кҥн, от, жануарлар, ӛсiмдiктер) қҧдырет деп тҧтты. Кҥн 
тәңiрiсiнiң  белгiлерiн  әсемдiк  заттардан  -  бiр  ортадан  жан-жаққа  тарайтын  шҧғыла 
тҥрiндегi  ӛрнегi  бар  қаптырмалардан,  қыш  ыдыстардағы  ою-ӛрнектерден  кӛруге 
болады.  Қола  дәуiрiндегi  тайпалар  отқа  табынған,  оны  мҥрдені  ӛртеу  ғҧрпы  және 
мәйіттер  дәлелдейдi.  Ежелгi  адамдар  ҧғымынша,  от  ӛлген  адамды  рухани  тазартады 
және жат рухтардан қорғайды деп сенген. 
 
Қола  дәуiрiнiң  соңғы  кезеңiнде  кӛшпелi  мал  шарушылығының  дамуына 
байланысты кҥнге табынумен қатар ай мен жҧлдыздарға табыну пайда болды, ӛйткенi 
кӛшпелiлер  солар  арқылы  керуен  бағытын,  ауа  райын  болжамдайтын  болды.  Сол 
заманнан  келе  жатқан  қазақтардың  рухани  қазынасы  -  ата-бабаларға  және  о  дҥниеге 
сиыну.  Олар  бабалар  аруағының  желеп-жебеуiне  жетуге  тырысты,  ол  кӛмектеседi, 
қамқор  болып  қорғайды  деп  сенетiн,  сонымен  бiрге  олардың  зиялы  қасиеттерiн  биiк 
ҧстайтынды.  ¤лген  адамды  о  дҥниеге  қажет  болды  немесе  о  дҥниеде  ӛмір  бар  деп 
кҥнделiктi  ӛмiрге  қажет  -  киiм,  тамақ,  еңбек  қҧралдары,  қару,  әсемдiк  заттар  мен 
жабдықтарды  бірге  кӛмген.  Оған  ҥйге  ҧқсас  бейiт  салып,  бiраз  уақыт  ӛткен  соң 
қосымша  тамақ  та  әкелген.  Қола  дәуiрiнде  кҥнге,  отқа,  айға,  жҧлдыздарға,  сондай-ақ 
қорғаушы рухтарға арнап қҧрбан шалу ғҧрпы пайда болды. 
 
Қола дәуiрiнiң алдыңғы кезеңiнде адам ӛзiн ру қауымның бӛлiнбес мҥшесi деп 
сезiнген  және  одан  тыс  ӛмiр  сҥремiн  деп  ойламаған.  Соңғы  қола  дәуiрiнде,  яғни 
алғашқы  қауымдық  қҧрылыс  ыдыраған  дәуiр  де,  мҥлiк  теңсiздiгiнiң  пайда  болуымен 
байланысты,  ру  кӛсемдерiнiң  немесе  қоры  мол  отбасыларының  малы  мен  еңбек 
қҧралдарына  тиюге  тыйым  салу,  оларды  “киелi”  деп  бiлу  дәстҥрi  шықты.  Адам  ой-
ӛрiсiнiң  дамуы  оның  ӛзi  туралы  ҧғымның  кҥрденеленуiне,  дiни  дҥниетаным 
қалыптасуына жеткізеді. 
 
Қазақстан ӛңiрiндегi тайпалардың орналасуы. Қола дәуiрiнiң 50-ге жуық қонысы 
мен 150 iрi қорымы ашылған. Бҧл дәуірдің жәдігерлері тараған батыс шегi Жезқазған-
Ҧлытау-Арғанаты-Терiсаққан ӛзенiнiң жоғарғы сағасы арқылы ӛтедi. Олардың iшiндегi 
ең  iрiлерi  Кресто,  Петро,  Златоуст,  Милықҧдық.  Солтҥстiгiнде  бҧл  шекара  Есiл  мен 
Тобыл  ӛзендерi  аңғарына  дейiн,  шығысында  Ертiстiң  сол  жағасы  мен  Шыңғыс 
жотасына  дейiн  созылады,  ал  оңтҥстiкте  бҧл  мәдениет  ошақтары  Бетпақ  дала  шӛлiнiң 
солтҥстiк  шетiнен  Жетiқоңыр  ӛңiрiнен,  Тайатқан,  Шҧнақ  тауларынан,  Батпақсу  мен 
Шажағай  ӛзендерi  алқаптарынан  кездеседі.  Неғҧрлым  игерiлген  ӛңiрлер  Нҧра, 
Шерубай-Нҧра,  Атасу  және  Талды-Нҧра  ӛзендерi  мен  олардың  кӛптеген  салаларының 
аңғарлары,  Бҧғалы,  Бегазы,  Қызыларай,  Кент,  Қарқаралы,  Баянауыл,  Кӛкшетау 
жазықтары және басқалары болды. Осы оңiрде б.з.б. X-VIII ғғ. атаулы Дәндiбай-Бегазы 
мәдениетi қалыптасты. (Қарағанды қаласы маңындағы Дәндiбай аулында және солтҥстiк 
Балқаш  ӛңiрiндегi  Бегазы  қойнауында  қола  ескеркiштерiнiң  алғашқы  қазылған  жердiң 
атына  қарай осылай аталған). 
 
Қола  дәуiрiнде  (б.  з.  б.  II  мыңжылдықта)  Солтҥстiк  және  Батыс  Қазақстанда 
андронов тайпалары мекендедi, олардың тарихи тағдыры бiр-бiрiмен тығыз байланыста 
дамыды. Бҧл аймақта сол заманның 150-ден аса қонысымен  200-ге жуық қорымы, 300-
ден  астам  молалар  зерттелген.  Олардың  iшiнде:  Вишневка-1  (  Петропавл  маңында), 
Бескӛл,  Петровка-1,  Алтын  кҥз,  Қарлыға-1,  Бурабай,  Бҥйреккӛл,  Борлық,  Тастыбутак, 
Боголюбово, Семиозерное, Тастыбҧтақ, Алексеевское, Семипалатное қорымдары бар. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет