нақты атай аламыз. Ғалымдардыңтұжырымдары, ғылыми ойлары I.
Кеңесбаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жанпейісов, Н. Уәлиұлы, Қ. Жа-
манбаева, Ж. Манкеева, А. Ислам, Э. Оразалиева, т.б. гапымдардың
зерттеулеріне әдіснамалық негіз болып, жалғасын тапты.
Когнитивтік лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл
мен адам санасын біртұтас жүйе түрғысынан қарастыру болып
табылады. Ол сан ғасырлық білімді адам миының жемісі ретінде
бағалап, күрделі қүрылым, жүйе ретінде кешенді сипаттауға
бағытталған. «Когнитивтік ғылым» термині алгашқыда белгілі
бір ақпаратты қабылдап, оны белгілі бір^ өңдеуден өткізіп, мида
сақтай отырып, қажетті кезінде оны қолдану нәтижесінде адамның
миында білім қабаттарының қалыптасу жэне толыгу үдерістерін
зерттейтін ғылыми пәндер жиынтығын айқындау үшін енгізілген.
Демек, когнитивтік лингвистика (танымдық гылым) - адамдардың
қоршаған дүниені қабыддау жэне танымдық қызметтерінің пай-
ымдау нэтижесінде белгілі бір жүйеге келтіріліп, біздің санамыз-
да белгілі бір жүйеге түсіріліп жазылып, ділдік, яғни танымдық
үдерістердің негізін құрайтын білім мен таным туралы ғылым.
Когнитивтік тіл білімі ғылымының аясының кеңдігі, оның
зерттеу нысаны білім мен танымның табиғатын, білім көздерін,
оларды жүйелеу білімнің дамуын психология, антропология, фи-
лософия, нейрология, т.б. гылымдардың өзара қарым-қатынасы
негізінде жан-жақгы зерттеуді талап етеді.
Когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғым-түсініктеріне
Достарыңызбен бөлісу: