Қ65 д м г ш м л а у ш й л р р іж т щ І > — ііч іг п Ж. Қоңыратбаева тіл білімі


Тілдік фактілерді салыстырғанда сол тілдердщ иесі оолып  табылетын



Pdf көрінісі
бет27/50
Дата06.02.2023
өлшемі17,16 Mb.
#167653
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50
Байланысты:
b1938

80


Тілдік фактілерді салыстырғанда сол тілдердщ иесі оолып 
табылетын 
қауым тарихына, материалдық мәдениет тарихына
жеткілікгі шамада ұштастырылмады.
Салыстырмалы-тарихи эдіс пен салыстырмалы-тарихи тіл
білімі бір емес, соңғысының өрісі әлдеқайда кең.
Бірақ бұдан салыстырмалы-тарихи тіл білімінің жеткен
жетістіктерін жоққа шығаруға болмайды.
Үсынылатын эдебиеттер:
1. 
Қордабаев Т., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Оқулық. Алматы,
2004.
2. 
Шарафутдинова Н.С. Теория и история линғвистической на-
уки. Москва, 2008.
3. 
Сусов И.П. История языкознания. Москва: Восток - Запад, 
2006.
4. 
Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. Москва,
1979.
5. 
Линғвистический энциклопедический словарь. Москва,
1990.
Тақырып:
ТІЛ ФИЛОСОФ ИЯСЫ Ж 0 Н Е В. ГУМБОЛЬДТ
Қ арасты ры латы н мәселелер: 
В. Гумболъдттың тарихи-
фшософиялық түжырымдары. Тіл
-
«халық рухы». Тіл формасы.
Типологиялық зерттеу.
Ғылымда тіл философиясы тіл білімінен көп бұрын пайда 
болғаны белғілі. Осыған қарамастан ол тіл философиясы атауын тек
XIX ғасырда ғана алды. Бұп дәуірдегі тіл философиясының негізгі 
мақсаты — тілдің табиғаты мен мэнін, оның қоғам өмірінде алатын 
орны мен қызметін, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байла- 
нысын айқындау болды. Тіл философиясының негізін қалаушы — В. 
Гумбольдт. Тіл білімінің қай проблемасында болмасын, ғалымның 
зерттеулері өзекті болды. В. Гумбольдт ең алғаш болып тілдің ішкі 
кұрыл ымын, оның халықтардың рухани өмірімен, санасымен, тари-
хымен байланыс дәрежесін жан-жақты талдады.
81


В. Гумбольдттың тарихи-философиялы қ тркы ры м дары
В. Гумбольдт (1767-1835) әлем гылымында бірден-бір гұлама
лингвист-теоретик ғалым болды. Ғалымның тіл біліміндегі ең 
алғашқы ғылыми еңбегі 1820 жылы Берлин академиясында жасаған 
«О сравнительном изучении языков применительно к различным 
эпохам их развития» атты баяндамасы еді. Сәл кейінірек «О воз- 
никновении грамматических форм и их влиянии на развитие идей» 
деген атпен еңбегі жарық көрген. Ғалым өмірінің соңғы кезеңінде 
«О языке кави на острове Ява» еңбегін жазған. Вилгельм Гумбольдт 
өмірден өткеннен кейін бір жылдан соң он^ң ағасы Александр Гум- 
больдт аяқталмай қалған осы еңбегін шыгарады (1836). Ғалымның 
аталған еңбегі қазірге күнге дейін тіл білімі мен тіл философиясына 
өз үлесін қосып келеді.
В. Гумбольдттың тіл ғылымына қосқан үлесін атакты грек 
философтары И. Кант пен Г. Гегельдің философияға қосқан 
үлестерімен пара-пар деп қарауға болады. Мәселен, Кант сананы 
табиғаттан тәуелсіз жэне өз заңымен, өз қағидасымен дамитын ерек- 
ше дүние ретінде қарастырды. Гумбольдттың Канттан ерекшелігі -
таза логикалық емес, вербальды-логикалық ойлау жөнінде айтты.
В. Гумбольдт өзінің алдындағы зерттеушілердің мынадай 
кемшіліктерін көрсетеді: а) олар тілді мазмүнынан бөліп алып 
қарады; э) салыстырмалы-тарихи тіл білімі тек классикалықтілдерді 
салыстыра зерттеумен гана шектеліп, соның салдарынан тілдің та- 
рихын халықтың тарихынан, оның мэдениетінен бөліп алды.
В. Гумбольдттіл білімінің өзіндік философиялық базасы -
тіл
философиясы.
Тіл философиясының негізгі принциптері - тілді 
адамдар әрекеті деп атау, оны халықтың үлттық санасы деп есеп- 
теу. Ғалымның ойынша, тіл - әрекет, ол рухтың жемісі, рухтың 
эрекеті, тіл үздіксіз даму үстінде, тіл жеке адамдардың сөйлеуі 
арқылы көрінеді, бірақ ол жеке адамның табысы емес, халықгың 
табысы, жалпыхалықтық туынды.
В. Гумбольдт бірінші болып, тілдің ішкі қүрылымын, оның
халықтардың рухани өмірімен, санасымен, тарихымен байла-
ныс дэрежесін жан-жақты талдады, өзіндік лингвистикалық, 
философиялық жүйе қүрды.
В. Гумбольдттың философиялық-тілдік ілімі негізінде тілді 
жэне оны зерттеу туралы қалыптасқан көзқарастар жиынтығынан
82


гумбольдтшылдық
пайда болды. Ол Германияда, сосын Ресей- 
де дамыды. XX ғасырдың алғаш кезінде Еуропа мен Америка- 
да 
неогумболъдтшылдық
багыты дамыды. Ол, негізінен, тілдің 
семантикалық жағын зерггеуге жэне тілді халык мэдениетімен 
тығыз бейланыста зерттеуге мэн берді. XIX ғасырдың алғашқы 
жартысы - компаративистика (салыстыру) ғылымының өз ал- 
дына дербестігін алып, зерттеу эдістерін жетілдірген кезең бол- 
ды. Ғалымның тіл білімі жөніндегі концепциясы лингвистикалық 
теориялардың қарқынды дамуына күшті эсер етті. Оның негізгі 
идеялары Г. Штейнталь, А. А. Потебня, Б. де Куртенэ, Ф. де Сос- 
сюр, Э. Сепир, Н. Хомский, И. И. Мещанинов, Дж. Гринберг сынды 
ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты.
Тіл - «халық рухы»
В. 
Гумбольдт тілдің қашан да халық ортасында ғана да- 
мып отыратындығын баса айтты. Ол тілдің қоғамдық табиғатын 
«адамдардың санасы мен рухында» болатын ұлттық сипат түрінде 
қарастырды. Гумбольдттың түсінігіндегі «халықтың үлттық рухы- 
на» оның психологиялық қоры, ойлау философиясы, ғылымы, өнері 
мен эдебиеті секілді құндылыктар кіреді. Ғалым «халық рухы» 
мен тіл бір-бірінен бөле жарылмайтын нәрселер, егер біреуі өмір 
сүрсе, екіншісі де содан келіп шығады» деп есептеді. Бүл жөнінде 
ғалым былай деп жазды: «Тіл халык рухының сыртқы көрінісі: 
халықтыңтілі оның рухы, ал халык рухы оның тілі». Щ 68]. Шы- 
нында да, Гумбольдт дүрыс көрсеткендей, тілде халықтың, сол 
тілді сөйлеуші үлттың рухани қазынасы көрініс табады. Гумбольдт 
тілдің дамуы мен адамзат баласы тілінің әркелкілігін олардың 
«дүниетанымымен», «халықтың рухымен» байланыстыра қарады. 
Гумбольдттың «халық рухы» түсінігі шетел зерттеушілерінің этно- 
лингвистика жэне неогумбольдтшылдық ілімі негізінде жатыр.
Тіл формасы
В. Гумбольтд өз енбектерінде тіл формасы мәселесіне көп
көңіл бөлді. Ол тілдің келесі формаларын анықгайды:

Тіл сөздің афегаты емес, түгас жүйе болып табылады, 
сондыктан да эрбір жеке сөз өзге элементтердің арқасында өмір
с үред і.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет