жатады; оны адам өміріндегі құбылыстардыц нақты бір категория-
сына жатқызуға болмайды.
Біз сөйлеген кезде көрініс табатын формасында тілдің қызметі
табиғи нәрсе екені, басқаша айтқанда, біздің аяғымыз жүру үшін
қажет болатын сияқгы, біздің сөйлеу мүшелеріміз сөйлеу үшін
қажет екені де айқын. Бүл жайлы лингвистикада эртүрлі пікірлер
бар. Мысалы, Уитни тілді барлық ерекшеліктерімен қоса қоғамдық
орнауға балайды да, біздің сөйлеу мүшелерін сөйлеу қүралы
ретінде пайдалануымызды ыңғайлы болу%імен түсіндіріп, таза
кездейсок деп біледі. Американдық лингвист пікірінің жаны бар:
тіл - шарттылық, ал шартты түрде таңдалған таңбаның табиғаты
ешкімді де қызықтырмайды. Демек, сөйлеу мүшелері туралы
м эселе-тіл қызметі проблемасындағы екінші кезектегі мәселе.
Тіл қызметін зерттеуді тілден бастау қажеттігінің дэлелі
ретінде сөздерді жіктеу қабілеті үжым жасаған және үжымда бар
қүрал арқылы жүзеге асады деген дәлел келтіруге болады.
Сонымен, тілдің негізгі қасиеттері:
Тіл — тілдік қызмет деректерінің әр текті жиынтығындағы
нақгы нәрсе.
г
,
Тіл - дербес зерттеуге келетін пэн.
Тіл — таңбалар жүйесі.
Біз жоғарыда көзіміз жеткеніндей, тіл басқа қоғамдық
қүбылыстардан: саяси, юридикалық т.б. айырмашылығы көп
қоғамдық ғылым болып табылады.
Тіл білімініц басқа ғы лы м салалары мен байланы сы
Тіл оілімі қоғамдагы барлық ғылым саласымен тығыз бай-
ланыста. Себебі ешнәрсемен байланыссыз, томаға-түйық жатқан
Дүние жоқ деуге болады. Ғылымдардың өзара байланысы олардың
зерттейтін нысандарының ортақ болғандығында. Мысалы, жерді ге-
ография ғылымы да, геология ғылымы да зерттейді. Бірақ екеуі екі
түрлі бағытта, екі түрлі мақсатта зерттейді. Тіл білімінде бір ғана
ғылым аясына сыюы мүмкін емес гылымдараралық мәселелер көп.
Өиткені дыбыс тілінде қоғамдық сипат та, физика, философиялық,
физиологиялық та сипаттар мол.
Достарыңызбен бөлісу: