Қ65 д м г ш м л а у ш й л р р іж т щ І > — ііч іг п Ж. Қоңыратбаева тіл білімі



Pdf көрінісі
бет5/50
Дата06.02.2023
өлшемі17,16 Mb.
#167653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
b1938

Тақырып:
Т ІЛ Ж Ә Н Е Қ О Ғ А М
Қ арасты ры латы н мәселелер: 
Тіл жэне қогамдық сана.
Дыбыс тілінің шыгуы. Тілдің қогамдық дифференциациялануы. Тіл
және сөйлеу. Қостілділік мэселесі. Креол тілдер. Әлемдік тілдер.
Әдебитіл. Тіл және мәдениет.
#
Тіл және қоғам ды қ сана
Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті деп біз оның 
қатынас құралы екендіғін айтамыз. Тіл мен қоғамның арасындағы 
өзара байланыс - екі жақты байланыс. Біріншіден, тілсіз ешбір 
қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда 
бірлесіп өмір сүруі, еңбек етуі, өндірісті үйымдастыруы, оны да- 
мытуы мүмкін емес. Демек, қоғамдық үдерістің өз деңгейінде 
жүргізілуіне тіл қажет. Тіл - адам баласы қоғамының өмір сүруі мен
алғы
алмаиды
қоғамнан
үжымнан
қоғамнан тыс тіл жоқ. Тілсіз қоғам, қоғамсыз тіл жок деген қағида
осыдан қалыптасқан.
Тілдің қогамдық қүбылыс ретіндегі тағы бір белгісі — 
қоғамдық сананы білдіретіндігі. Қоғамдық сананы қоғамға қызмет 
ететін басқа күбылыстар да белгілі шамада көрсетуі мүмкін. Бірақ 
олардың ешқайсысы тіл сияқты толық көрсете алмайды. Тіл қарым- 
қатынас пен ойлау қүралы болғандықтан да, адамзат баласының
тек танымдық жүиесімен ғана емес, сондаи-ақ адамдардың рухани 
мәдениетімен де байланысты, яғни қоғамдық санамен де тікелей 
бірлікте. Олардың қарым-қатынасы қоғамның философиялық мэнін 
түсіну үшін, оның қүрылымы мен тарихи дамуын білу үшін бірден- 
бір тәсіл болып табылады.
Диалектикалық 
және 
тарихи 
материализм 
қоғамның 
дамуындағы қоғамдық сананың ықпалын жоққа шығармайды. 
Адамдардың іс-әрекеті оның кім екендігін дәлелдеп береді. 
Адамдардың сөйлеу эдебіндегі білім-білігі олардың танымдық ой- 
лау деңгейін тікелей аңғартып түрады. Тілдегі қалыптанған білім


адам баласының ары қарайғы танымының негізгі құралы ретінде 
өмір сүреді. Қоғамдық сана эртүрлі формада көрінеді, ол өзінің бой- 
ына саяси, қүқықтық, діни, философиялык жэне басқа да қоғамдық 
көзкарастар мен ғылыми білімді жинақгайды. Тіл алдыңғы қоғамға 
да. оның орнына келген жаңа қоғамдық қүрылысқа бірдей қызмет 
етеді. Тілді жүмсау дағдысы секілді қоғамдық сана формасы да тер- 
минологияны, тілдің стилистикалық ерекшеліктерін туындата оты- 
рып, тілге өзінше әсер етеді. Дегенмен тіл қоғамдық сананың барлық 
формасы үшін де, оны пайдаланудың күллі саласы үшін де бірегей 
болып қала береді. Мэселен, дін мен ғылымның тілі өз халқының 
тілінде емес, өзге тілде жүмыс істейді. Түркі жүртында, оның ішінде 
Қазақстан Республикасында діни, ғылыми қажеттіліктерді өтеу 
үшін араб тілі (Қүран тілін меңгеру үшін) жэне латын тілі (ғылыми 
терминдерді түсіну үшін) пайдапанылып отыр.
Дыбыс тілінің шыгуы
Тілдің алғашқы негіздерін адамның пайда болуы үдерісімен 
байланыстыра қараған дүрыс екеніне көз жеткізуге болады. Ендеше 
тілдің қалыптасуы да адамның қалыптасуы тэрізді миллиондаған 
жылдарға созылған процесс. Жэне оның қалыптасуы адамның түр 
ретінде қалыптасуымен бірге жүріп, бүл жолда жетекшілік қызмет 
атқарғаны да рас. Тілдің пайда болып қапыптасу үдерісі глоттоге- 
нез деп аталады.
Адам эволюциясының қазіргі деректер бойынша даму жолы 
төмендегідей. Қазіргі адамдар (гомо сапиенс) бүдан 150-200 жыл 
бүрын қазіргі Шығыс Африка территориясында (Кения, Танзания) 
пайда болған. Олар Еуразия қүрлығына алғаш рет бүдан 70-80 мың 
жыл бүрын аяқ басқан, бүл аймақта кең таралған адам тәріздес 
«ағайындары» (негізінен неандертальдықгар) олармен бәсекеге 
төтеп бере алмай жойыла бастайды. Ал 40-60 мың жыл бүрын олар 
Оңгүстік Азия мен Еуропаға кеңінен таралып орналасқан. Одан 
кейін, бүдан 20-30 мың жыл бүрын адамдардың оңтүстікте Австра- 
лия мен аралдарға, солтүстікте Сібір мен Америкаға қарай таралуы 
жалғасады. Яғни тілдің қазіргі түрдегідей калыптасқан кезін бүдан 
200 мың жыл бүрынғы кезден эрі деп, ал қазіргі тілдердің бэріне 
негіз болган ең көне тілді бүдан 50 мың жыл бүрын өмір сүрген деп 
жорамалдауға болады.
15


Бұл болжамды айтушылар көне тілдің қазіргі тілден елеулі 
айырмасы болмаған: яғни дыбыстардан сөздер құрастырып, олар- 
ды байланыстырып сөйлемдер құрап сөйлеген дейді. Алгашкы кез- 
де адамдардың саны әлемде аз болғанымен тілдердің саны өте көп 
болған деп есептеледі. Кейін тілдердің азаюы тайпалық дэуірдің 
басталуына байланысты. Тайпа мемлекеттіліктің басталуы, ондағы 
адамдар негізінен бір тілде сөйлесуге бағытталады. Бұл тілдердің 
бір-бірін ығыстырып шығаруы жэне тоғысуы түрінде жүрген. Ал 
қазіргі сапыстырмалы-тарихи зерттеулер бойынша барлық тілдер
бұдан 15 мың жыл бұрын өмір сүрген 5-6 ата тілден таратады. 
Олардың ішіндегі ең ірісі нострат тілдері. Оның ұрпақтары кейін 
Еуропаға түгелдей, Солтүстік Африкаға және Азияның көп бөлігіне
(Оңтүстік Шығысынан басқа) таралады.
Адамзат тілінің қазіргі күйінен алдындағы тілдің түрін «диф- 
фузды тіл» деп атайды. Бүл тілдің дыбыстық ажыратылмаитын 
кезеңін білдіреді. Бұл тілде сөздер мен дыбыстардан гөрі мағына 
білдіруде интонациялар жэне ымдаулар маңызды орын алган. Бізді 
қазір үй жануарлары немесе кішкене сәбилер (екі-үш айға дейінгі) 
қандай да бір жолмен (сол диффузды түрде, яғни дауыс әуеніне, 
көзге, қимылдарға қарайды) «түсінеді». Жалпы тілдің ең бастау 
көздерін жануарлар элемі мен инстинктілерден іздеу үрдісі қазір ба- 
сты қағидаларға өзек болуда.
Дүниені танып білуге қойылатын басты бір әдіснамалык та- 
лап — шындықгың кез келген құбылысын объективтік тұрғыдан 
түсіндіру, яғни оның шын мэнін, табиғатын шындыққа дэл сәйкестік 
тұрғысынан бейнелендіру. Мұнсыз адамның білімі ақиқат болмас 
еді. Бұл барлық ғылым атаулыға, жаратылыстану ғылымдарына 
да, қоғамдық-әлеуметтік ғылымдарға да қойылатын бірінші талап- 
ты тілтану ғылымына қолдансақ, тілдің табиғаты, мэні, оның шығу 
себептері мен қоғамдық сипаты, атқаратын қызметі қандай де- 
ген сұрақтарды объективтік ақиқат тұрғысынан зерттеу қажеттігі 
келіп шыгады.
Бірақ бұл мәселе жайлы сөз қозғағанда, ең алдымен, мы- 
надай екі проблеманы бір-бірінен ажыратып алу қажет: оның 
бірі — бүкіл адамзат баласына тэн жалпы сөйлеу құралы болып 
табылатын тілді білдіретін жалпы ұғым, ал екіншісі — жеке
16


халыктардың сөйлеу кұралы болатын жеке (нақты) тілді білдіретін 
жекеиіе үғымдар.
Бүл екі түрлі үғымды бір-бірімен шатастырмау керек. Өйткені 
бүлардың арасындағы логикалық қатынас жалпы мен жекеше 
категорияларының ара-сындағы қатынас тэрізді.
Адамның сөйлеу қабілетін білдіретін жалпы шығу тарихы өте 
көне заманға— адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығу 
заманына барып тірелсе, жеке-дара нақты тілдердің шығуы мен да- 
муы жалпы адамзат тілінің шығу, қалыптасу заманынан әлдеқайда 
бертінгі дәуірлерде болған. Сондықтан нақгы жеке тілдердің, мы- 
салы, казақ, орыс, ағылшын тілдерінің қалыптасу, даму кезеңдерін
тарих, лингвистика ғылымдары тікелеи зерттеп, аиқындаи алатын 
болса, ал жалпы адамзат тілінің шығуын, адамдар о баста қалай
сөилеп үиренгенін аиқындау үшін тек тарихи, лингвистикалық 
зерттеулердің бір өзі тіптен жеткіліксіз, өйткені тілдің шығу про- 
блемасы жалпы адамның пайда болуы (антропогенез) жэне адам- 
зат қоғамының пайда болуы (сопогенез) сияқгы күрделі проблема- 
лармен іштей тығыз байланысты. Сол себепті тілдің о баста шығу 
проблемасы тарих пен линғвистика ғана емес, сондай-ақ филосо- 
фия мен психология, археология мен этнография, физиология мен 
антропология жэне басқа ғылымдар бірлесе зерттейтін аса күрделі 
проблема болып табылады.
Жер шарында мыңдаған жеке тілдер бар. Олардың бэрінің
бір-бірінен толып жатқан айырмашылыктарымен қатар өзара ұқсас,
бәріне ортақ жалпы қасиет белгілері де бар. Әрбір тіл белгілі бір 
жеке халықтың, қауымдастықтың игілігіне қызмет етеді жэне соны- 
мен бірге ол — қогамдық-тарихи құбылыс. Ол-адамзаттың мәдени 
дамуының қажетті шарты, өзара қарым-қатынас орнатудың, ой- 
сананың қалыптасуы мен дамуының кұралы. Бұлар және бұлар 
сияқты басқа да мәселелер жалпы тілтанудың зерттеу нысаны болу- 
мен қатар философиялық проблемалар болып табылады.
Философия тілді ең алдымен қоғамдық-тарихи прогрестің 
нәтижесінде пайда болған табиғи-әлеуметтік 
құбылыс деп 
қарастырады, өйткені қоғамнан тыс сөйлеу тілігікок^бодган емес 
жэне болмайды да. Екінші жағынан алғанда, тіл ж<ж же 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет