Қ65 д м г ш м л а у ш й л р р іж т щ І > — ііч іг п Ж. Қоңыратбаева тіл білімі



Pdf көрінісі
бет3/50
Дата06.02.2023
өлшемі17,16 Mb.
#167653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
b1938

Тіл білшіиіц қогамдық гылымдармен байланысы.
Тіл білімінің 
эртүрлі ғылымдармен байланысын жететүсіну үшін, оның қоғамдық
8


гылымдар мен жаратылыстану ғылымдарының әртүрлі салалары- 
мен байланысының эр қайсысының маңызын білу аса маңызды.
Тіл білімі философиямен тығыз байланысты. Философия мен 
филологияның сабақгастығы ежелден белгілі. Тіпті XIX ғасырға 
дейін тіл философияның бір тармағы ретінде қарастырылып келгені 
белгілі. Себебі ол кезеңде тілді зерттеушілердің көбісі философ- 
тар немесе эрі философ, эрі тіл мамандары болды. Ежелгі заман 
тіл білімінде заг пен оның атауы арасындағы байланыс қандай 
дэрежеде деген ойлар қарастырылғаны белгілі. Қазіргі кездегі тіл 
білімі философияның тіл философиясы деген тарауымен байла- 
нысады. Бұл екеуіне ортақ нысан — тіл мен ойлаудың, мағына мен 
форманың байланысы. Себебі ойлау мен оның негізгі заңдылықтары 
философияның проблемасы, ал тіл ойды қалыптастыратын, оны 
жарыққа шығарагын құрал. Тіл мен философия арасындағы бай- 
ланыс екі жақты: философия жалпы заңдылықтарды зертгейтін 
ғылым ретінде эдіснамалық негіз болса, ал тіл білімі ойды 
сыртқа шығару арқылы оның қандай қызмет атқаратыны жайлы 
философияға магериал беруші болып танылады. Яғни, біріншіден, 
әдіснамалық жағынан байланысса, екінші жагынан зерттелінетін 
ортақ проблемалары жағынан жакындасып жатады. Мысалы, ой- 
лау заңдылықгарын, халықтың материалды жэне рухани өмірінің 
ерекшелігін, оның тарихын білудің тілдегі құбылыстарды танып 
білуде, халықтың тарихы мен тілдің тарихын, олардың байланы- 
сын жете түсінуде үлкен мэні бар. Тілдің мәні, оның таңбалық си- 
паты, тілдің шыгуы мен дамуы, ойлау мен тілдің ара қатысы жэне 
т.б. проблемаларды зерттеп шешуде философиятіл біліміне бағыт- 
бағдар беріп отырады.
Гуманитарлық гылымдар ішінде тіл білімімен тығыз байла- 
ныста болатындар: этнография, әлеуметтану, филология, герменев- 
тика, тарих, психология, археология.
Лингвистиканың деректерін пайдаланатын жэне оған өз 
деректерін үсынатын басқа да бірқатар ғылымдардың лингвистика- 
мен тыгыз байланысы бар. Лингвистиканы осы гылымдардан ерек- 
шелеп түратын шекара ешқашан айқын межеленбейді. Мысалы, 
лингвистиканы тілге тек қүжат ретінде қарайтын этнография мен 
ежелгі дэуір тарихынан қатаң түрде шекгей білу қажет. Сондай-
9


ак, лингвистиканы адамды зоологиялық түр ретінде зерттейтін 
антропологиядан да айыра білу керек, өйткені, тіл элеуметтік де- 
рек болып саналады. Лингвистика мен әлеуметтік психологиянын 
арақатынасы қандай? Негізінен, материалды және механикалык 
көріністерді қосқанда дыбыстардың өзгеруі, тілдегі нэрселердің 
бэрі де психикаға қатысты болады деп Ф. де Соссюр лингвистика 
мен әлеуметтік психологияны тыгыз байланыстырады.
Тіл білімі логика ғылымымен тыгыз байланысты. Екі ғылым 
саласыныңтүйісетінжері-тіл мен ойлаудынаракатысы мэселесі. Ло- 
гика ойлау формаларының өзара байланысын, даму заңдылықтарын
зерттеитінғылымоолса,оилаудыңзаңдылықтарынтілдікдеректерсіз 
білу тіпті мүмкін емес. Ойлау формалары тілдік бірліктермен тығыз 
байланысты. Сондықтан үғым, байымдау, ой қорытындысы сияқгы 
логикалық категориялардың тілдік бірліктер арқылы көріне алаты- 
ны да, олардың арасындағы ұқсастык пен өзгешеліктер де логиктер 
үшін өте қажет. Сол сияқты тіл ғалымдары үшін тілдің мағыналық. 
мазмүндықжағы дааса маңызды. Ал, тілдік мазмүн дегеніміз —ой, 
байымдау. Бүлар — логикалық категориялар. Дегенмен екі саланың
өз мақсаттары бар: логиктер тіл арқыпы ойлаудың заңцылықтарын, 
ал тіл зерттеушілері тілдегі заңдылықтарды тануға тырысады.
пл оілімін қызықтыратын мәселе - оилау заңдылықтарының тіл
қүрылысына қандаи дэрежеде эсер ететіні.
Тіл білімі тарих ғылымымен де өте байланысты. Тілдің тари-
хи дамуын зертгеу сол тілді туғызған, оны қатынас қүралы ретінде
қолданған халықтың тарихымен тығыз байланысты. Сондықтан тіл
тарихын зерттеушілер сол тілді қолданған қоғам тарихы жөніндегі
ілімнің табыстарына сүйенбей, ал тарихшылар өз зертгеулерінде
тіл фактілерін ескермей түра алмайды. Тіл деректері тарихшьыарға
халықтың шығу төркінін, оның даму тарихының эр кезеңдеріндегі
мәдени дэрежесін, қандай халықтармен қарым-қатынаста болғанын,
шаруашылыктың қандай түрімен айналысқанын айқындауға 
жәрдемін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет