Парадигмалық қатынас
грек тілінен ауысқанда мысал,
үлгі деген мағынаны білдіреді. Парадигмалық қатынас қүрамына
енетіндер - мағыналық, қүрылымдық жақгарынан бірыңгай болып
келетін тұлғалар. Мысалы, септік жалғаулар парадигмасы, фонема-
лар парадигмасы, т.б. Оның құрамына өзара синтагмалық қатынасқа
келе алатын тұлғалар енеді.
Тіл жүйесіндегі парадигмалардың, парадигмалық қатынастың
негізінде тіл жүиесін зерттеудщ негізп аспектілерінщ оірі пара-
дигматика қалыптасқан. Оның қарастыратыны - парадигмалық
қатынастардың құрылымын, топтарын, жікгелуін, қызметін зерт-
теп анықтау. Бұл құбылыс синтагматикаға қарсы койылады, себебі
ол тілдің бір мезгілдік емес, эр мезгілдік күйін, яғни ассоциялық
қалпын, тіл элементтерінің тік бағытта байланысуын зерттейді.
Иерархиялық қатынас
эр тектес тұлғалар байланысы дегенді
білдіреді. Қатынастың бұл түрі ұсақ парадигмалық топтағылардың
өздерінен бір саты жоғары тұрған парадигмалықтоппен байланысы-
на негізделеді. Мысалы, дыбыстар материалдық көрсеткіш ретінде
морфемалардың құрамына енсе, морфемалар сөз құрамына, сөз сөз
тіркестері немесе сөйлем құрамына енеді. Иерархиялық қатынас
нэтижесінде тіл қабаттары өзара байланысқа келіп, біртұтас тілдік
жүйе құрайды, сөйтіп, бүкіл тілдік механизм тұтасып қимыл жасай-
ды.
■
'
Тілдегі қалыптасқан белгілі бір жүйе арқылы адам өзінің алу-
ан түрлі ойын сөйлеу арқылы басқаларға жеткізеді. Тіл бүтін, ке-
сек жүйе бола тұра, өз ішінен іртүрлі ұсақ жүйелерге бөлшектенеді.
42
Бұндай біртұтас жүйелер жүйесін
гетерогендік жүйе
(эртүрлі,
эр текті деген магынада) деп агалады. Гетерогендік жүйе эр тек-
тес түлгалардан қүралады, ягни фонетикалық, лексикалық,
грамматикалық жүйелер осыган енеді. Ал тілдің үсақ жүйелер тобы
гомогендік жүйе
(бір түрлі, бір тектес деген магынада) деп агалады.
Гомогендік жүйе бір тектес түлгалардан қүралады. Тілдің эр қабаты
өз алдына жеке бір гомогендік жүйе болып есептеледі. Гетерогендік
жүйе (жалпытіпдік) мен гомогендік жүйе (үсақ) арасында елеулі
айырмашылық бар. Гетерогендік жүйе бір тектес элементтерден
қүралатындыктан, ол үнемі иерархиялық қатынаста болады. Ал
гомогендік жүйе не синтагмалық, не парадигмалык қатынаста бола
береді.
Гомогендік (үсақ) жүйелер де өз ішінен тагы эртүрлі үсақ
салапарга болшектенеді. Мысалы, тілдің дыбыстық құрамы өз ал-
дына тұтас бір жүйе. Оның құрамындагы элементтердің, яғни жүйе
мүшелерінің барлыгына ортақ қасиет — олар жеке қолданылмайды,
жеке тұрғанда еш мағына білдірмейді. Олардың мэні өзара
байланысқанда ғана ашылады. Мұндай байланыста тұрғанда
сөз жасауға қажетті ең кіші элемент ретінде пайдаланылады да,
сигнификативтік қызмет (сөз мағынасын ажырату, бір сөзді екінші
сөзден бөліп таныту) атқарады. Осы жерде пікір таласы келіп
шығады. Бірқатар ғалымдар өзара салыстыруға, біріне-бірін қарсы
қоя қарауға болатын, өзара байланыста, шарттық қатынаста тұратын
бір тектес элементтер бір жердің бэрінде де жүйе бар дегенді ай-
тады. Ал енді біраз ғалымдар тілдік жүйеге ұсақ компоненттердің
бэрін бірдей жатқыза беруді қолдамайды. Олар белгілі бір тілдік эле-
менттер тобын бір жүйе, гомогендік жүйе деп санауға синтагмалық,
парадигмалық
қатынастардың болуын ең негізгі критерий ету
керек, олай етпесе парадигмалық бір топ құрамына енетін
элементтердің де жүйелік белгіге жатқызылуы мүмкін дейді. Бұл
тұрғыдан алғанда, екінші топтың пікірін қолдауға болады.
Үсынылатын әдебиеттер:
1.
Қордабаев Т., Қалиев Г. Жалпы тіл білімі. Оқулық. Алматы,
2004.
2.
Кодухов В.И. Общее языкознание. Учебник. Москва, 1974.
43
3.
Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. Москва,
\919.
| ■
;
;
4.
Общее языкознание. Формы существования, функции, исто-
рия языка. Москва.
5.
Степанов Ю. С. Основы общего языкознания. Москва, 1975.
6.
Лингвистический энциклопедический словарь. Москва,
199°.
5
Достарыңызбен бөлісу: |