Қ65 д м г ш м л а у ш й л р р іж т щ І > — ііч іг п Ж. Қоңыратбаева тіл білімі



Pdf көрінісі
бет12/50
Дата06.02.2023
өлшемі17,16 Mb.
#167653
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50
Байланысты:
b1938

Тақырып:
ТІЛ Д ІҢ ТАҢБАЛЫ Қ СИПАТЫ
Қ арасты ры латы н мэселелер: 
Жалпы семиотика үгымы
туралы. Тілдік семиотика үгымы туралы.
Ж алпы семиотика үгымы туралы
Тіл білімі — табиғи тіл туралы ғылым. Тіл — қогамның 
ең маңызды байланыс қүралы 
жэне ой-санамен 
байланысты 
болғандықтан әлеуметтік (гуманитарлық) пэн ретінде адам мен 
қоғамды зерттейді. Табиғи тіл — ең маңызды таңбалық жүйе 
болғандықтан, тіл білімі семиотикалық пэн ретінде қарастырылады. 
Семиотика — хабарды сақтап, басқаға жеткізе алатын 
эртүрлі
36


таңбалық жүйелердщ қүрылысы мен қызметін зерггейтін ғылыми 
пэн. Ғылымда таңбалар туралы ілім семиотикадеп аталады.
Таңбалар жүйесі екіге бөлінеді:
А) Тілдік таңбалар;
Ә) Тілдік емес (шартты) таңбалар.
Тілдік таңбалық сипаты сөз болғанда, бүтіндей тілдің 
жэне оның элементтерінің объективті болмыстағы заттар мен 
күбылыстарға қатыстылығы жэне олармен жанама түрде байла- 
нысу дәрежесі ескеріледі. Тілдік бірліктердің таңбалық қызметіне 
олардың адамның танып білу әрекетінің нәтижелерін жалпылап 
білдіру қасиеті мен адамның қоғамдық-тарихи тәжірибелерінің 
қорытындыларын тіркеу жэне сақтау қасиеті енеді. Жалпы таңба 
атаулының, әсіресе, тілдік таңбаның айрықша белғісі оның 
табиғаггының екі жақгылығында. Таңбаның екі жағы - таңбалаушы 
мен таңбаланушы жақтары тілде олардың абстракңиясы, сэулеленуі 
түрінде тіркеледі, сөйлеушінің санасында мағыналар түрінде жэне 
таңбалық форманың сезімдік образдары түрінде сақгалады. Белгілі 
бір нэрсені білдіру, хабарлау қызметін атқарып түрған материалдық 
көрсеткіш таңбалаушы деп аталады да, ал ол білдіріп түрған 
мағына таңбаланушы деп аталады. Мысалы, бағдаршамды алайық. 
Оның жасыл жарығы таңбалаушы да, ол білдіріп түрған мағына 
таңбаланушы болып есептеледі.
Ғылымда таңба атаулы негізгі жэне көмекші таңба деп екіге 
бөлінеді, негізгі таңба ретінде тілдік таңбалар алынады. Негізгі 
таңбаларға тілдің ең кіші бөлшегінен бастап ең ірі синтаксистік 
конструкцияларғадейінгі элементтержатады. Көмекшітаңбалардың 
өзі бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, графикалық таңбалар (ма- 
тематикада қолданылатын есептер, мөр, т.б. бүлар көру мүшесі 
арқылы қабылданады), акустикалық таңбалар (түрлі сигналдар, 
дүрілдер, гудоктар, т.б., бүлар есту мүшесі арқылы қабылданады), 
ақша таңбалар (эр елдің ақшалары), т.б.
Таңба ойдағы мазмүн мен жіктелген дыбыстардан қүралады. 
Таңбаның осы екі қыры арқылы адам санасында қоршаған орта, 
оқиғалар мен деректер бейнеленіп қабьшданады. Тіпдік таңбаның 
жиі кездесетіні — сөз. Кез келген дэуірде, қай тарихи терең 
кезеңді алмайық, тіл көне дэуірдің мүрагері ретінде сипатталады.
37


Қоғам тілді алдыңгы буыннан дайын күйінде кабылданатын мүра 
ретіндегі өнім деп біледі. Ал лингвистиканың жалгыз нактылы 
нысаны - қалыптасып үлгірген тілдің қалыпты эрі тұрақгы өмірі. 
Тілдің кез келген қалпы, тілдің өзгермеуін түсіндіре алатын тарихи 
факторлардың өнімі болып саналады.
Тілдің үздіксіздігін қамтамасыз етіп тұрган уақыт оган да 
қарама-қарсы әсерін тигізеді, ягни, тілдік таңбларды белгілі бір 
жылдамдықпен өзгертеді, сондықтан бұл я$ерде тілдің өзгеруі ту- 
ралы айтуга болар еді. Түптеп келгенде, бұл екі дерек бірін- 
бірі анықгап тұрады. Таңба өзгеріске түседі, өйткені оның өмірі 
жалгасуда. Кез келген өзгерісте бұрынгы материал сақгалып отыра- 
ды. Уақыт аралыгындагы өзгеріске эртүрлі формалар тэн, олардың 
әрқайсысы лингвистика теориясындагы үлкен тараулардың мате- 
риалы болып отырады. Қандай өзгеріс болса да, олар әрқашан 
таңбаланушы мен таңбаланушы арасындагы қатынастың өзгеруіне 
экеп согады. Мысалы, көне неміс сөзі «сігійеіі/дриттейл» - үштен 
бір, қазіргі неміс тілінде «сігійеі/дриттел». Бұл жерде ұгым өзгермесе 
де, ұгым мен таңбалаушының қатынасы екі жақты өзгеріске түскен; 
таңбалаушының материалдық қыры гана емес, грамматикалық 
формасы да өзгерген. Таңбаның уақыт аралыгында үздіксіз болып, 
уақыт ішінде өзгеріп отыруы жалпы семиологияның ұстанымы 
болып табылады. Сонымен таңба жайлы ой-тұжырымдарды 
қорытындыласақ:
Тіл қызметіне тіл мен сөйлеу енеді. Тіл — жеке адамга 
басқаларды түсініп, өзін түсіндіре алатын тілдік машықтардың 
жиынтығы. (Ф. де Соссюр)
Тіл болу үшін сөйлейтін ұжым қажет. Тіл ұжымнан тыс өмір 
сүрмейді, өйткені тіл семиологиялық құбылыс.
Тілдік семиотика үгы мы туралы
Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшелігі болып келеді. 
Тілдіңтаңбалықтабигаты эсіресе, Б. деКуртенэ мен Ф. деСоссюрдің 
еңбектерінде жан-жақты талданган. Тілдік таңбаның тілдік емес 
таңбадан ерекшелігі бар. Ол айырмашылық, ерекшелік мынада — 
тіл мазмұнды гана білдіріп қоймайды, сонымен бірге адамның 
хабарланатын жайга қатысын, қалай қарайтынын, ішкі эмоциясын 
да білдіреді. Тіл логикалық ойлаумен гана емес, сонымен бірге
38


адамдардың психикалық дүниесімен де байланысты болады. Ал 
мұндай қасиет таңбалардың басқа жүйелерінде, мысалы, транспорт 
сигнализациясында жоқ. Тілден басқа барлық таңбалар қолдан жа- 
сапады. Ал тілдік таңбалардың дамуы қоғам мүшелерінің еркіне 
бағынышты емес. Тілдік емес таңбалар шартты түрде келісім 
бойынша жасалатындықтан, ол өзгеріске үшырап отыруы мүмкін. 
Ал тілдік таңбалар бүндай өзгеріске көнбейді. Сонымен қатар, 
барлық таңбалардың жүйесі дыбыстық тілге негізделеді.
Тілд і к емес таңбал ар жүйес і нде таңбаның б ір ғана преди каттық 
мәні бар түрі болады. Ол үсақ таңбаға бөлшектенбейді. Сондықган 
бүларда иерархиялық қатынас деген жоқ. Бүл таңбаларда қандай 
қызмет атқарса да, сол мағынасы өзгермейді. Тілдік емес таңбаның 
өнімсіз болатыны сондықган. Ал тілдік таңбалардың қүрылымы 
мен жүйесі өте кең, түрлі қызмет аясында көріне алатын қүбылыс 
деуге болады. Олардың тілдік емес таңбадан гөрі икемді, көп 
функционалды болатын себебі, ол түрлі қызметте, атап айтқанда, 
информативтік, 
коммуникативтік, 
эмоционалды-экспрессивтік, 
парадигматикалық, репрезентативтік, сигнификативтік те қызмет 
атқара алады. Эмоционалды-экспрессивтік қызмет тек тілдік 
таңбаларда ғана болатындығын атап өту керек.
Тілдік таңбалардың тағы бір ерекшілігі - оның қолданушылар 
еркіне тэуелсіз болуы. Мысалы, мүнда таңба мен таңбаланушы 
арасында еркіндік басым, ол белгілі бір тәуелділікке бағынбайды. 
Яғни, загг пен оны білдіретін үгым арасындағы қатынас еркін түрде. 
Оның мәнін ешкім де дәлелдеп бере алмайды 
(тау неге тау деп
атачады?
т.б.).
Тілдік таңбалар атқаратын қызметіне қарай, білдіретін 
мағыналарына қарай екі жақгы, жартылай екі жақты, бір жақты 
деп бөлінеді. Екі жақгыға сөздер, сөйлемдер, сөз тіркесітері жата- 
ды, жартылай екі жактыға көмекші морфемалар жатады, бір жақты 
таңбаларға фонемалар жатады. Бүлай бөлінуі олардың функция- 
ларына байланысты. В. Гумбольдт, Ф. де Соссюр, Б. де Куртенэ 
сынды ғалымдар айтқан тілдің екі жақгы қүбылыс екендігін негізгі 
дәлелдейтін бірлік - сөз. Сөздің материалдық жағы мен идеялық 
жағы бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын дүние. Бүл сөйлеу үдерісінде 
эбден дәлелденген.
39


Үсынылатын әдебиеттер:
1. 
Қордабаев Т., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Оқулық. Алматы,
2004. 
| р
2. 
Шарафутдинова Н.С. Теория и история лингвистической на- 
уки. Москва, 2008.
3. 
Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. Москва,
1979.
4. 
Лингвистический энциклопедический словарь. Москва,
1990. 
*
Тақырып:
ТІЛДІҢ Ж ҮИЕЛІК, ҚҮ РЬІЛЫ М ДЫ Қ СИПАТЫ
Қ арасты ры латы н мәселелер: 
«Жүйе» мен «қүрылым»
үгымдарыныц арақатысы. Тйі бірліктерініц қалыптары. Тіл
жүйесіндегі қатынастар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет