Каскадное обновление связанных полей және Каскадное удаление связанных записей параметрлерін орнатыңыз. Бұл өзара байланысты кестелерде байланыстылық тұтастықты сақтау үшін деректерді автоматты түрде түзетуге мүмкіндік туғызады.
НАКЛАДНАЯ – ОТГРУЗКАкестелері арасында НОМ_НАКЛ және КОД_СК құрама кілттері бойынша байланысты орнатыңыз. Ол үшін НАКЛАДНАЯ басты кестесінде клавишасын басу арқылы екі өрісті белгілеп, бағынышты ОТГРУЗКА кестесіне сүйреп апарыңыз (4-сурет).
Поставка товаров деректер қорында басқа да кестелер арасында байланыстарды орнатыңыз:
СКЛАД – НАКЛАДНАЯ (КОД_СКЛАД кілті)
ДОГОВОР – ПОСТАВКА_ПЛАН (НОМ_ДОГ кілті)
ТОВАР – ОТГРУЗКА (КОД_ТОВ кілті)
ТОВАР – ПОСТАВКА ПЛАН (КОД_ТОВ кілті)
ДОГОВОР – НАКЛАДНАЯ (НОМ_ДОГ кілті)
Схема данных терезесінде кестелерді бағыныштылығы бойынша өлшемдерін өзгерте отырып, орналастырыңыз (5-сурет).
5-сурет. Поставка товаров деректер қорының сызбасы
ПОКУПАТЕЛЬ - ДОГОВОР кестелеріне өзгерістер енгізуде орнатылған тұтастылықты қолдау параметрлері қалай әсер ететіндігін тексеріңіз.
ACCESS-де басты кестені көру кезінде әр қатар үшін бағынышты кестеде, яғни бұл жағдайда ішкі кестелердің онымен байланысты қатарларын көру мүмкіндігі қарастырылған.
СКЛАД кестесін ашыңыз.
Әр қатар үшін кестенің сол жақ бұрышында + таңбалары бейнеленген. Бұл осы кестемен байланысты басқа да кестелер бар екендігін білдіреді. Және оларды ашып көруге болады. Егер ACCESS СКЛАД кестесінің ішкі кестелерін автоматты түрде анықтамаса, Вставка-Подтаблицакомандасын орындап, Вставка подтаблицытерезесінде НАКЛАДНАЯ кестесін таңдаңыз.
Осылайша, ПОКУПАТЕЛЬ, ТОВАР кестелері үшін барлық деңгейлердің ішкі кестелерін қарап шығыңыз.