6B06149 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған «AZhN 1202– АҚпараттық ЖҮйелер негіздері»



бет49/66
Дата13.09.2023
өлшемі3,7 Mb.
#180956
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66
Байланысты:
umkd akparatt k zhuieler negizderi 2022

6-сурет. Таңдауға арналған сұраныстың конструктор терезесі

  1. Сұраныстың деректер сызбасынан кез келген кестені өшіру үшін клавишасын қолданыңыз.

  2. Кестені қосу үшін сұраныстар конструкторының құрал-саймандар панелінен Отобразить таблицу кнопкасын басыңыз немесе Запрос/Добавить таблицу командасын орындаңыз.

  3. Конструктор терезесінде ТОВАР кестесі өрістерінің тізімінен НАИМ_ТОВ, ЦЕНА, НАЛИЧИЕ_ТОВ өрістерін сұраныс бланкісі бағанының Поле қатарына тышқанмен сүйреп апарыңыз немесе сұраныстың деректер сызбасында кесте өрістерінің аттарын екі рет шерту керек.

  4. Вывод на экран қатарында өрісті белгілеп, жалауша белгісін қойыңыз, кері жағдайда өрістер сұраныс кестесіне кірістірілмейді.

  5. Условия отбора қатарына тауар атын жазыңыз (7-сурет).


7-сурет. Іріктеу шарты бар таңдауға арналған сұраныстың конструктор терезесі

  1. Сұраныс конструкторы панелінде Запуск кнопкасын немесе ВИД кнопкасын басу арқылы сұранысты орындаңыз. Кесте режимінде ТОВАР кестесінен іріктеу шарттарына жауап беретін жазбалардан тұратын сұраныс терезесі пайда болады (8-сурет).


8-сурет. Сұраныс нәтижесі

  1. Сохранить кнопкасын басу арқылы сұранысты сақтаңыз.

  2. Ағымдағы сұранысты Файл/Закрыть командасы бойынша немесе сұраныс терезесінің Закрыть кнопкасын басу арқылы жабыңыз.

  3. Сақталған сұранысты деректер қоры терезесінде сұранысты ерекшелеп, Открыть кнопкасын басу арқылы орындаңыз.

Тапсырма 2.
Нәтижесінде тауар аттары, бағасы және қосымша құн салығынан тұратын кесте құратын сұраныс жасау керек.
Ескерту. Деректер ТОВАР кестесінен алынады.
Тапсырма 3.
Берілген кезең бойынша барлық жүкқұжаттарды (накладная) шығару керек. Сұраныс нәтижесі жүкқұжат (накладная) номері (НОМ_НАК), қойма коды (КОД_СК), жөнелту күні (ДАТА_ОТГР) және жөнелтілген тауардың жалпы құны (СУММА_НАКЛ) өрістерінен құралуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет