6B06149 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған «AZhN 1202– АҚпараттық ЖҮйелер негіздері»



бет47/66
Дата13.09.2023
өлшемі3,7 Mb.
#180956
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66
Байланысты:
umkd akparatt k zhuieler negizderi 2022
Протозология
Бақылау сұрақтары

  1. Деректер сызбасы қандай мақсатта құрылады?

  2. Кестелер арасындағы байланыс түрлері қандай?

  3. Байланысатын кестелерде байланыс өрістері деректердің әр түрлі типіне ие болған жағдайда, екі кесте арасында байланыс орнатыла ала ма?

  4. Кестенің сол жақ бағанындағы плюс таңбасы не үшін арналған?

  5. Байланысатын кестелерде байланыс өрістері әр түрлі атауға ие болған жағдайда, екі кесте арасында байланыс орнатыла ала ма?

  6. Қандай команда басты кестеде қажетті бағынышты кестенің байланысқан жазбаларын ашу мүмкіндігін береді?

Лабораториялық жұмыс № 6.


Тақырыбы: Қарапайым сұраныстар құру. Сұраныс түрлері.

Сұраныстар деректер қоры кестелерінде деректерді таңдау, жаңарту және өңдеуде негізгі инструменттердің бірі болып табылады. Сұраныс нормалдау талаптарына сай келуі міндетті емес деректер жайлы қолданушының сипаттамасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сұранысты орындау нәтижесі - сұранысты жабуға дейінгі орындалатын жаңа кесте. Мұндай кестенің құрылымы бір немесе бірнеше өзара байланысты кестелерден алынған өрістермен анықталады. Жазбалар сұранысқа қатысатын кестелердің жазбаларын біріктіру арқылы қалыптасады. Кестелердің жазбаларын біріктіру тәсілі олардың байланыстарын анықтау кезінде көрсетіледі. Сұраныста қалыптасқан таңдау шарттары кестелерді біріктіру нәтижесін құрайтын жазбаларды фильтрлеуге мүмкіндік береді. Қарапайым сұраныстар шебер көмегімен құрыла алады. Іс жүзінде кез келген сұранысты графикалық конструктор режимінде құруға болады.


Конструктор режиміндегі сұраныс қолданылатын кестелерді бейнелейтін деректер сызбасы мен сұраныс кестесі құрылымы және жазбаларды таңдау шарттары қалыптасатын сұраныс бланкісінен тұрады.
Сұраныс көмегімен деректерді өңдеудің келесі түрлерін орындауға болады:

  • Өзара байланысты кестелердің жазбаларын біріктіру негізінде жаңа виртуальды кесте құруға болады;

  • Сұраныс кестесіне қолданушы таңдаған кесте өрістерін қосуға болады;

  • Әр алынған жазбаларда есептеулер жүргізу;

  • Таңдау шарттарына жауап беретін жазбаларды таңдау;

  • Бір немесе бірнеше өрістерде бірдей мәндері бар жазбаларды топтастыру, өрістерге статистикалық функциялар қолдану;

  • Бұрыннан бар кестелердегі деректерді қолдана отырып, деректер қорының жаңа кестесін құру және т.б.

ACCESS – де сұраныстардың бірнеше түрлері бар:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет