6B08674- су ресурстары және суды пайдалану білім беру бағдарламасы бойынша



бет27/47
Дата19.10.2023
өлшемі6,17 Mb.
#186656
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47
Байланысты:
6B08674- су ресурстары ж не суды пайдалану білім беру ба дарлама

Жерасты аты

, м/тәу

Жерасты аты

, м/тәу

Саз
Саздық
Құмдақ

0,02-0,001
0,1-0,01
1-0,1

Майда құм
Ірі құм
Қиыршық тас

10-1
100-10
1000-100

Фильтрация коэффициенті жерасты түйіршіктері іріленген сайын өседі, оған сұйық тұтқырлығы және температура әсер етеді.




Жерасты суларының арынсыз бірқалыпты қозғалысы
Еңістігі су өткізбейтін қабатпен (соқпен) шектелген жерасты суының арынсыз, бірқалыпты қозғалысын қарастырайық. Бұл жағдайда пьезометрлік сызық пен толық арын сызығы қабаттасады және соқтың еңістігімен параллель орналасады.
Сондықтан
(14.11)
Өтім қимасындағы жергілікті фильтрация жылдамдығы тереңдік бойынша бірдей болады
(14.12)
Өтім қимасының ауданы ағыс бойымен өзгермейтіндіктен
(14.13)
Жерасты ағындарының ені үлкен болғандықтан, мәселені жазық есептерге жатқызып, өтім қимасының формасын тікбұрышты деп ағын енінің бірлігіне үлесті өтімді былай жазады
(14.14)
Бұл жердегі - жерасты ағынының бірқалыпты қозғалысындағы тереңдігі (қалыпты тереңдік).


Жерасты суларының арынсыз, жатық өзгермелі қозғалысының дифференциалдық теңдеуі (Дюпюи теңдеуі)

Жерастытағы судың арынсыз, жатық өзгермелі қозғалыстарын зерттегенде:


өтім қималары (I-I; 2-2) жазық (қисықтығы шамалы болғандықтан) және тік (арнаның түптік еңістігі аздықтан) деп жорамалданады (39-сурет).



39-сурет
I-I және 2-2 өтім қималарындағы арындар Н1 және Н2.Қималар ара қашықтығы тұрақты - . Сондықтан қиманың (I-I) барлық нүктелері үшін


(14.15)
Шұғыл өзгермелі қозғалыста
(14.16)
Жатық өзгермелі қозғалыстағы су бетінің а нүктесіндегі еңістігі, қиманың кез келген басқа нүктесіндегі еңістікпен бірдей болғандықтан, қиманың орташа жылдамдығы , қимадағы нүктелердің фильтрация жылдамдығымен тең.
(14.17)
Табылған теңдеу Дюпюи теңдеуі деп аталады, ол тік орналасқан өтім қимасындағы орташа жылдамдық, сол қимадағы еркін бет еңістігіне тура пропорционал екендігін көрсетеді. Бұл теңдеу тек арынсыз жатық өзгермелі қозғалысты сипаттайды, ал арынды және шұғыл өзгермелі қозғалысты сипаттай алмайды. Демек Дюпюи теңдеуін Дарси формуласымен шатастыруға болмайды.

Өздік бақылау сұрақтары



  1. Фильтрация жылдамдығы деген не? Ол жерасты суының шынайы жылдамдығымен қандай байланыста?

  2. Дарси формуласын жазыңыз.

  3. Жерасты суларының бірқалыпты арынсыз қозғалысының ерекшеліктерін атаңыз.

  4. Дюпюи теңдеуінің Дарси формуласынан айырмашылығы неде?

  5. Жерасты суының айнымалы (жатық өзгермелі) қозғалысының негізгі дифференциалдық теңдеуін қортып шығарыңыз.

  6. Жерасты су қозғалысының еркін бет пішінін (депрессия қисығын) және жағдайларына орай талдаңыз.

  7. Жерасты су қозғалысының негізгі дифференциалдық теңдеуін интегралдаңыз.



Қолданылған оқулықтар
1 Әдіраманов Ә Гидравлика (оқулық) Тараз ТарМУ, 2011 - 200б
2 Гаврилов М.Б. Гидравлика (оқулық). – Алматы: Каз.ҰТУ, 2004. – 313 б.
3 Әдіраманов Ә Гидравлика (оқулық) Тараз ТарМУ, 2000 - 400б
4 Чугаев Р.Р. Гидравлика – 4-ішығ. – М.: Л.: Энергоиздат, 1982. – 671 б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Инженерлі-технологиялық факультеті


«Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет