Туристік-қонақүй кешенінің құрамы. Қонақүйдің қоғамдық бөлігінде қонақтарға қызмет көрсету. Қонақүй бөлмелерінің қызметі, оларды топтарға бөлу: вестибюль, тұрғын бөлігі, тамақтану орындары, сауда-саттық орындары, қызметшілер бөлмелері, тұрмыстық, техникалық, т.б., олардың функциялары. Қонақүй кешенінің тұрғын бөлігі және оның қызметі.
Қонақүй кешенінің тұрғын бөлігі және ондағы қызмет көрсетулер. Қонақүйдің тұрғын бөлігінің құрамы: нөмірлер, коммуникация, қонақжай, кіре беріс-лифт холлдары, кезекші қызметшілер бөлмелері. Нөмірлердің классификациясы (жіктелуі). Қонақүйдің тұрғын бөлігінде бөлмелердің түріне қарай қызмет көрсету.
Қонақүйдің тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жалпы сипаттамасы. Инженерлік құрылыстарға қойылатын талаптар. Сумен жабдықтау түрлері, мақсаты. Қонақүйдің жылумен жабдықтау жүйелері, жылуды тұтынушыларының құрамы. Вентиляция мен ауаны тазарту жүйелері. Қонақүйді электрмен жабдықтау: электр жабдықтары және негізгі сипаттамалары. Әлсіз тоқтар шаруашылығы, оның қонақүй тіршілігін қамтамасыз етудегі рөлі. Жергілікті есептеу торы, оның құрылымы мен функциялары.
Қонақүйдің негізгі қызметтері. Қызметкерлерді басқару. Қызметтердің жіктелуі және олардың функциялары. Нөмірлік қорды басқару. Әкімшілік қызметі. Қоғамдық тамақтандыру қызметі. Коммерциялық қызмет. Жоғары мәртебелі менеджерлер. Менеджер жұмысының функциялары және негізгі операциялары. Орташа және төменгі дәрежелегі менеджерлердің мақсаттары мен міндеттері.
Қонақ үйлердегі тамақтандыру жұмысын ұйымдастыру қағидалары. Мейрамханалық қызмет көрсету туралы жалпы мәліметтер. Шетелдік тамақтандыру кәсіпорындарының сипаттамасы. Мейрамханалар түрлері: клубтар, кейтеринг, кафе-шоп, кафетерий, швед үстелі, банкет үстелі және т.б. Олардың көлемі, орналасуы, қызмет көрсету түрі, бағасы, ас мәзірі, басқарылуы, тұтынушылары бойынша жіктелуі. Мейрамханалық бизнестің негізгі ұғымдары. Мейрамхана қызметкерлерінің негізгі категорияларының функциялары. Мейрамханалық сервис. Тамақтандыру индустриясы. Тамақтандыру бөлімшелерінің жіктелуі. Тамақтандыру кәсіпорындары және олардың өнімі. Ас мәзірі, оның түрлері және функциялары. Қонақтарға қызмет көрсету, операциялардың реті: қарсы алу, сәлемдесу, орналастыру, тапсырыстарды қабылдау т.б. Басқарушы және қызмет көрсетушілердің функциялары.
Достарыңызбен бөлісу: |