6В01510-Математика, 6В01511-Математика-информатика, 6В01582-Физика, 6В01513-Физика-информатика, 6В01721-Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01723-Шетел тілі



бет1/47
Дата29.03.2022
өлшемі1,36 Mb.
#137173
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
umkd tarbie zhum s n n teoriyas men adistemesi 2021-2022


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ

П Ә Н Н І Ң О Қ У- Ә Д І С Т Е М Е Л І К К Е Ш Е Н І


Пән атауы – Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Білім беру бағдарламалары:6В01510-Математика, 6В01511-Математика-информатика, 6В01582-Физика, 6В01513-Физика-информатика, 6В01721-Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01723-Шетел тілі; екі шет тілі, 6В01514-Информатика, 6В01619-Тарих
Оқу түрі: Күндізгі

ҚЫЗЫЛОРДА 2021


Оқу-әдістемелік кешен


Пәннің аты: Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Пәннің коды: TMBR 2208
Кредит саны: 3
Курстың оқытушысы: Оразымбетова А.Д.
Кафедраның орналасқан жері: Төле би 36А,ғимарат 7, 310 кабинет
Кафедраның телефоны:
Кафедрада кеңес беру уақыты: сейсенбі,бейсенбі
Курстың пререквезиттері: «Педагогика», «Бірінші курстағы үздіксіз педагогикалық практика», «Психология», «Оқушылардың физиологиялық дамуы», «Өзін-өзі тану».
Курстың постреквизиттері: пәнді оқыту студенттердің мамандық бойынша әдістемелік пәндерді жетік меңгеруіне және педагогикалық(өндірістік) практиканы табысты өтуіне негіз болып табылады.
Курс мазмұнына қысқаша түсініктеме: болашақ мамандардың мектеп жағдайында оқыту, оқу процесін ұйымдастыру үшін қажетті білім, біліктілік, дағдыны қалыптастыру және педагогикалық шеберліктің негізін меңгерту, студенттердің ұйымдастырушылық сапаларын дамытып, олардың өз бетінше жұмыстарын басқаруға дайындау; тәрбие мен оқытудың ғылыми негіздерін, мектептегі оқу тәрбие үрдісін құрудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін, қазіргі кездегі педагогика ғылымының даму бағыттарын меңгеруге; өзіндік педагогикалық көзқарас қалыптастыруға негізделеді.
Студенттерді тәрбие мен оқытудың ғылыми негіздегі жүйелерімен таныстыру олардың білім беру үрдісінің мүмкіндіктері жөніндегі ой-өрісін кеңейтеді, оны тұтас үрдіс ретінде құрудың қажеттігін көре алуды қамтамасыз етеді, тұлғаны тәрбие мен оқытудың субьектісі ретінде түсінуге көмектеседі.
Курстың мақсаты:
Тәрбие үдерісінің негіздерін және тәрбиелік әс-әрекеттің әдістемесі мен технологиясын танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби-педгогикалық құзіреттілігін қалыптастыру болып табылады.
Курстың міндеттері:

  • Болашақ мұғалімдердің оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының теориясы, әдістемесі мен технологиясы саласындағы білімдерін кеңейту және тереңдету;

  • Тәрбиенің дәстүрлі әдістемесі және қазіргі заманғы технологиясын пайдаланумен сынып жетекшісі әс-әрекетін әске асыру үшін болашақ мұғалімдерде жалпы педагогикалық, әлеуметтік-тұлғалық және пәндік құзіреттіліктерді қалыптастыру және дамыту;

  • Болашақ мұғалімдердің оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында үздіксіз кәсіби жетілуіне және креативтілігін дамытуға ұстанымын қалыптастыру.











Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет