Байланысты: umkd tarbie zhum s n n teoriyas men adistemesi 2021-2022
Дәріс 3. Қазіргі мектептің тәрбие үдерісіндегі педагогикалық қолдау
3.1. Педагогикалық қолдау ұғымы және оның мәні.
3.2. Педагогикалық қолдаудың мақсаты, пинциптері
3.3. Педагогикалық қолдаудың түрлері және әдістері.
Мақсаты: Студенттерге педагогикалық қолдау баланың жеке қызығушылығын, мақсатын, мүмкіндігің анықтайтын, адамгершілік қасиеттерді сақтауға кедергі жасайтын жолдарды жоятын үрдістің маңыздылығын түсіндіру.
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым – қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар–ожданы мол, еңбекқор, іскер,бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Ұлы ғұлама Әл – Фараби:
«Адамға ең бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы», - деген екен.
Сол қағиданы ұстай отырып, біздер тәрбиешілер, әр кәсіптің өз жемісі бар дегендей, біздің жемісіміз – біліммен сусындаған ұрпақтың одан әрі дамуы, үлгілі шәкірт дайындау.
Тәуелсіз елдің дарынды ұл-қыздарын өсіру–біздің басты міндетіміз..
Қызығы мен қиындығы мол оқушылардың өмірлеріне әсер ететіндей еңбек ету, шәкірт жүрегінен орын алу оңай шаруа емес. Сондықтанда өміріміздің ақырына дейін ағартушылық, тәрбиелілік міндетімізді терең сезінуіміз керек.
Қай заманда да болашақсыз қоғам жоқ. Сол қоғамды одан әрі дамытып, жетілдіретін – ұрпақ. Ал осыған лайықты ұрпақты тәрбиелеу ата – ананың, мұғалімнің және сіз бен біздің борышымыз.ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты.
Уақыт талабының күннен күнге күшейе түсуі және қоғам өміріндегі өзгерістер оқу – тәрбиеге жаңаша көзқараспен қарауды талап етіп отыр. өйткені, бала - біздің болашағымыз, ұлт болашағы. Сондықтан, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз қажет
«Бала тәрбиесі – баршаға» демекші, еліміздің болашағы бүгінгі ұрпақты өнегелі етіп тәрбиелеу маңызды міндеттерінің бірі болып отыр.
Демократиялық мектеп өзінің назарынан адамның мінез – құлқын, қабілетін, тіршілік әрекеттерін тыс қалдырмауға тырысады. Сондықтан да тәрбиенің мақсатын белгілеуші тек қала мемлекет емес, сонымен баланың рухани, ұлттық дамуын қалайтын ең жақын адамдары – ата – аналар, мұғалімдер, қоғамдық күштер. Осы тұрғыдан алатын болсақ, біздің жеткіншектеріміздің денсаулығын, адамгершілігін, табиғи қабілетін (ақыл – ой, еңбек, көркемдік, коммуникативтік) дамыту, жетілдіру бірінші кезектегі істер. Себебі, осы қасиеттер арқылы ғасырлар бойы жинақталған мәдени мұра атадан балаға жетіп отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға,азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырылады.
Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі,мектеп оқушыларының тәрбие ісін бағыттауы және ұйымдастыруы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарға және сынып жетекшілеріне жүктеледі. Олардың біліктілігі балалар әлемін терең түсінуге негізделген педагогикалық білім екендігі даусыз.
Тәрбиеші – педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын біріінші объект – тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Бұл бастапқы міндет. Себебі, ұйымдастыру қызметі болмаған жерде тәрбиеде болмайды. Ал сонымен қатар, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.
Мектептің тәрбие жұмысын жоспарлағанда өткен оқу жылындағы жұмысты талдау, мақсатымен тәрбиелік міндетін айқындауды есте ұстау керек. Әдетте, тәрбие жоспары туралы көп сұрақтар қойлады. Жоспардың түрлері өте көп, бірақ оның өзіңе қолайлысын таңдаған дұрыс.
Республика экономикасының өркендеуі кезеңіндегі жалпы білім беретін мектептерінің педагогикалық проблемаларын айқындау, жас буынды оқыту және тәрбиелеу процестерін жетілдіру тәсілдерін көрсету, оны іске асыру аса маңызды педагогикалық проблема болып отыр.
Мектеп — өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта ата-аналардың қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке дербес мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Міне, мектептің тәрбиелік функциясы осында.
Мектептің тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру ролін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймай, сонымен бірге мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп оқушыларымен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жеке адамның дамуында және қалыптасуында класс жетекшісінің негізгі функциясы ата-аналардың ықпалын үйлестіріп, біріктірудің орталығы болып табылады.
Қазіргі жалпы орта білім беретін мектептің тәрбие мақсаты – оқушының жеке басының ақыл-ой, адами, дене жағынан дамуына ықпал ету, қалайда оның шығармашылық мүмкіншілігін ашу, ізгілік тұрғыдан қалыптастыру, оның жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, қабілеті мен мүмкіншілігіне сәйкес оңтайлы жағдай жасауды қамтамасыз ету.
Адамның өзін-өзі дамуына, өз дүниесін өлшеп білуіне, азаматтық тұғырын сезінуіне, еңбекке, өмірге даярлығын, демократиялық қоғамда өзін-өзі басқара отырып, араласуына көмек беріп, бағыттау, елжандылық борышын жауапкершілікпен атқаруына бейімдеу.
Әр этнос өзінің ұлттық тәрбие жүйесіне сүйене отырып, жалпы адамзатқа тән құндылықтарды дұрыс игеру, әрине оларды қоғам мен тұлға алдында тұрған жаңа мақсаттармен үйлестіру.
Жоғарыда келтірілген мақсаттардан туындайтын міндеттер:
- биік парасатты, ар-ожданы мол азамат тәрбиелеу;
- әр бір жеке адамды әлеуметтендіру;
- рухани және өндірістік кеңістікте іс-тәжірибе жинақтауға мүмкіндік туғызу;
- нарықтық жағдайда жалпы адамзаттық құндылықтарды тәрбиелеу;
- озық тәжірибелерге, тәрбие теорияларына сүйене отырып, әр этностың ұлттық, экономикалық ерекшеліктерін діліне сәйкес тәрбиелеу;
- ҚР әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау.
«ҚР Білім беру ұйымдарындағы Тәрбиенің кешенді бағдарламасында» тәрбиенің басты мақсаты – полимәдениетті жеке адамды қалыптастыру делінген.
Полимәдениетті жеке тұлға – бойында адамгершіліктік, патриоттық, азаматтық, интернационалдық және жоғары тұрғыдағы моральдық қасиеті дамыған адам.
Сондай-ақ:
- полимәдениетті жеке тұлға – тілдік санасы жоғары дамыған индивід. Ана тілін, мемлекеттік тілді білу, шет тілін оқу жеке тұлғаның дүниетанымын кеңейтеді, әр жақты дамуына әсер етеді.
- полимәдениетті жеке тұлға - тарихи санасы жоғары дамыған индивид. Тарихты тану, тарихи оқиғалар мен деректерді білу ғана емес, оларды талдау арқылы ақиқатқа жету. Тарих арқылы жылдар бойы қалыптасқан ұлттық менталитет, стереотиптер, образдар танылады. Тарихты білу оған қатыстылық сезімді тудырады.
- полимәдениетті жеке тұлға экологиялық санасы дамыған индивид. Ол Жерді ортақ мекен, Қазақстанды ортақ Отан есебінде жақсы көру сезімі, ортақ үйі мен елдің табиғатына деген жауапкершілік сезімі секілді қасиеттерін айқындайды.
- полимәдениетті жеке тұлға – барынша айқын көркемдік-эстетикалық сана иесі. Оған ұшқыр қиял мен нәзік сезім, шығармашылық қабілет, әсемдікке құштарлық тән.
- полимәдениетті жеке тұлға құқықтық сананың иесі, яғни заңды білу, оны құрметтеп, бағыну, қоғамдық тәртіпті сақтау. Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты сезіну.
Сонымен қазіргі замандағы тәрбиенің басты мақсаты – теориялық біліммен қаруланған, оны шығармашылықпен іс-жүзіне асыратын белсенді қоғам қайраткерін, жаңа қоғамдық өмір үшін күресуге қабілеті мол, жоғары мәдениетті жеке адамды қалыптастыру.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып, тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуына әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асады.
Халық ағарту қызметкерлерінің жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерінің негізгі міндеттері – оқушылардың ғылыми-техникалық дамудың қазіргі талаптарына сай баянды ғылым негіздерімен қаруландыру, политехникалық білім беру, еңбекке тәрбиелеу, сыныптан тыс тәрбие жұмыстрын, оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегін ұйымдастыруда жүзеге асыра білу болып табылады. Осы мәселелерді өскелең өмір талаптарына үйлесімді етіп тәрбиелеудің, дамыту мен қалыптастырудың негізі болады. Ал тұлғаны жан-жақты дамыту – тәрбиенің басты мақсаты.