6В01510-Математика, 6В01511-Математика-информатика, 6В01582-Физика, 6В01513-Физика-информатика, 6В01721-Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01723-Шетел тілі


Тәрбие жұмысы жоспарының құрылымы



бет20/47
Дата29.03.2022
өлшемі1,36 Mb.
#137173
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
Байланысты:
umkd tarbie zhum s n n teoriyas men adistemesi 2021-2022

Тәрбие жұмысы жоспарының құрылымы.

  1. Сынып ұжымына сипаттама.

  • Сыныптың құрамына жалпы мінездеме (оқушылардың саны, ұлдар мен қыздар денсаулығы, тәрбиелік деңгейі, оқу үлгерімі, қызығушылықтары, үйірме, секцияларға қатынастары, ата-анасы туралы мәлімет, отбасы жағдайы);

  • Сыныптың ұйымшылдығы (сынып ұжымының қай даму кезеңінде, сынып белсенділері, өздерін-өздері басқаруы, әр түрлі іс-әрекеттерді өз беттерімен орындауы);

  • Сынып ұжымының жалпы мектептік ұжыммен байланысы (мектепішілік шараларға , қоғамдық жұмыстарға қатынас).

  1. Тәрбиелік міндеттер.

  2. Сынып ұжымының өмірлік іс-әрекеттері

  3. Ата-аналармен жұмыс.

  4. Жеке оқушылармен жұмыс.

Тәрбие жұмысын жоспарлауда әрбір педагог өзі жұмыс жасайтын білім мекемесінің ерекшелігін, тәрбие міндеттерін, мазмұнын, әдістерін, формаларын, оқушылар мен ұжымның тәрбиелік деңгейін ескеруі қажет. жақсы ойластырылған тәрбие жұмыс жоспары мұғалімге және әрбір жеке тұлғаны дамытуға үлес қосады.
Тәрбие жұмысын жоспарлау, тәрбие процесін дұрыс жүргізудің тиімді шарты.Жоспар жасай отырып, сынып жетекшісі сынып ұжымының және мектеп оқушысының дамуын жобалайды. Сыныптағы тәрбиенің мазмұны, түрлері, әдістері жоспарланбаса, бей-берекетсіз сипат алады. Тәрбие жұмыс жоспары – міндетті педагогикалық құжат.
Әдетте, тәрбие жоспары туралы көп сұрақтар қойылады, жоспардың түрлері өте көп, бірақ өзіне қолайлысын таңдаған дұрыс.
Сынып жетекшісі өз жұмысын ең алдымен оқушыларды, олардың арасындағы қарым-қатынастарды, оқушылардың отбасын зерттеу арқылы бастайды. Зерттеу барысында оқушылардың тәрбиелік дәрежесі анықталады. Соған байланысты тәрбиелік мақсат пен міндеттер айқындалады. Белгіленген мақсатқа сәйкес тәрбие жоспары жасалады: жоспар жасағанда сыныптың ерекшелігіне көңіл бөліп,сонымен бірге өзінің қабілетін ескергені жөн.
Тәрбие жоспары – сынып жетекшісінің шығармашылық зертханасы. Олай дегеніміз, жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының нәтижесі емес. Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның жеке тұлғаның талабымен ұштастыра құру – одан да қиын туғызады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінен ерінбей, талмай ұзақ мерзімде зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалады. Тәжірибелі сынып жетекшісі тоқсандық жоспардан, айлық және апталық жоспар құрып алады. Бұлай жұмыс жасау жоспардың икемділігі мен тиімділігін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет