6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті (шифр) (мамандықтың атауы) Алматы, 2020



бет41/44
Дата21.02.2023
өлшемі331,2 Kb.
#169692
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
УМКД Мәдениеттану
РУС МУ к практике, РУС МУ к практике, Lecture 4, Дәріс тезистері ҚБ
Көркем мәдениет
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Мәдениет және өнер
2. Көркемөнер

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Мәдениеттің өзекті бөлігі – өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз.
Шынында да, өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі – оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы. Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет – адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам – «хайуани мадани», яғни, Мәдениетті жан. Адам – табиғат туындысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам – табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі.
Ғасырлар – адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ осы алға қарай жылжу Жер-Анаға әр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған ортаны өзіне ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік көп жағдайда табиғатты күйзелтіп, құлдыратып жіберді.
Мәдениет пен табиғатты қарама-қарсы қоюдың бір түрі адамның табиғи анти мәдениеттілігі жөніндегі ілімдер еді (киниктер, Фридрих Ницше). Контрмәдениет атты XX ғасыр туындысы бұқаралық мәдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды. Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім – мәдени антропология. Оның негізін салушылардың бірі – Э. Уилсон.
Әрине аталған ілімдер табиғи-биологиялық заңдылықтарды тым әсірелеп жібереді, әйткенмен оның қисыны бар сияқты. Өйткені, XX ғасыр мәдениет пен табиғат дилеммасының адам тағдыры үшін қауіпті екендігін көрсетіп, заман талабына сәйкес экологиялық мәдениет ілімін тудырды. Адамдық шовинизмді тежейтін бұл ілімнің негізі есебінде мынадай идеяларды атап өткен жөн:

  • академик В.И. Вернадскийдің Ноосфера (парасатты орта) туралы ілімі;

  • Рим клубының экологиялық түжырымдары;

  • Тейяр де Шарденнің адам жөніндегі гуманистік эволюциялық теориясы;

  • Л.Н. Толстой, М. Ганди, А. Швейцер, Э. Фромм т.б. дамытқан гуманистік этика т.б.

Көркемөнер тұтасымен рухани мәдениет аймағына қосылады. Өйткені өнердің көптеген туындылары (живопись, мүсін, сәулет, әдебиет, музыка, театр, кино және басқа) айрықша ынталандыратын және дамытатын тетік және оны толығымен рухани мәдениеттің бір бөлігі ретінде талдауға болады.
Қоғамдық өмірдегі өнер туындыларының нақты міндеті де, көркем образдың көмегімен адамдардың еңбегін реттейтін арнайы бағыт ретінде олардың эститикалық талғамын қалыптастыру, белгілі бір мақсаттар мен мүдделерді меңгеруге мүмкіндік жасау, қажетті көңіл-күй туғызып, әртүрлі шабытты әрекеттерге бастау болып табылады. Өнерге осы тұрғыдан қарау, мәдениетті жоғарыдағыдай технологиямен түсіндірудің заңдылығын, оның әртүрлі құрамды бөлігін, соның ішінде өнерді де, адам еңбегінің түрі деп қараудың қажеттігін дәлелдейді.
Қоғамның рухани саласын жетілдіру, қазіргі кезде мәдениет туралы түсініктің ғылыми нақтылығына көбірек тәуелді. Мәселе адам және оның өркениетті дамуында ма, рухани-адамгершілік байлық жинауда ма, рухани осы қырларының бәрі ыждағатты әрі жіті назар аударуды талап етеді.
Мәдениетті оның барлық бай көрінісінде байыптау, гуманитарлық бағыттағы жекеленген ғылымдар жинақтаған білімнің бір-бірімен кең көлемде бірігуіне мүмкіндік береді. Әлеуметтану, тарих, этнография, психология, лингвистика, әлеуметтік-психология, педагогика және заң ғылымдарының теориялық және тәжірибелік негіздері, педагогика аясындағы мәдениеттану тұрғысынан жинақталап түсіндірілетін болса, жаңаша мазмұнға ие болар еді. Көптеген ғылыми пәндерді рухани мәдениет дәстүрлі түрде оқытылады, бірақ бұл ғылымдарды мәдениеттің теориялық мәселелері арнаулы бағытта ғана қаралады. Ал, рухани мәдениеттің өз алдына зерттеу объектісі ретінде, кешенді түрде байланыстыра отырып, тек қана мәдениетті теориясын талдай алады. Қазіргі кезде мәдениетті оның рухани тәжірибеге кірігіп кеткен жан-жақты байланыстарымен, қоғамдық практиканы және тарихи-мәдени істердің болмысын есептей отырып зерттеудің қажеттігі айқын сезіліп келеді. Оның негізін, ішкі құрылымын, қызмет ету әдісі мен түрін, даму бағыты мен жылдамдығының әлеуметтік өмірдің басқа саларына және әр түрлі қоғамдық институттарға тәуелділігін, сондай-ақ оларға мәдени факторлардың кері әсерін зерттеудің маңызы артып барады.
Мәдениеттің тақырып аймағы айрықша. Сондықтан бұл саланың жедел даму ерекшелігін ұғыну, бұл шараның өзіндік ерекше бейнесін анықтау керек. Әрине, мәдениеттанудың жеке ғылыми бағыт ретінде бейнелеу, нақты ғылымдар зерттеуінің мәдениет адам мүмкіндігінің күрделі әлеуметтік даму әрекеттері ретінде, заттың және рахани өндірістің нақты-тарихи түрде жүзеге асу әрекеттері ретінде қаралатын теориялық жиналыққа жетудің маңызы зор.
Мәдениет дегеніміз – адам жасаған заттың және рухани құндылықтардың, әлеуметтік-мәдени қалыптың, қарым-қатынас пен мінез-құлықты қалыптастыру әдістерінің тарихи даму жүйесі, сондай-ақ, адам табиғатындағы күштердің заттық өндіріс әдістерін ескере отырып даму әрекеті, өз мүмкіндігін жүзеге асыруды, оның шығармашылық еңбегінің адамзат әлемін өзгертуге және игеруге бағытталған әлеуметтік маңызды шаралары.
Мәдениеттің көркемдік қатынасы мәселесі – кешенді әрекет. Ол философтар мен тарихшыларды, этнографтармен әрекеттерді, музыка зерттеушілері мен музыкалық педагогика саласындағы мамандарды, қазіргі рухани, көркем, соның ішінде музыкалық және театр мәдениеті дамуының заңдылығын зерттеумен айналысатындардың барлығы да толғандырады.
Көркем мәдениеттің қарым-қатынасы қоғамның тарихи дамуының жан-жақтылығын көрсететін ұлтаралық қарым-қатынас құбылысына тікелей байланысты, өйткені, мәдениеттің көркем қарым-қатынас ең алдымен ұлтаралық қарым-қатынас.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



  1. Рухани мәдениеттің зерттелу тарихы

  2. Контрмәдениет

  3. Мәдени антропология




2

№14
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет