6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті (шифр) (мамандықтың атауы) Алматы, 2020



бет38/44
Дата21.02.2023
өлшемі331,2 Kb.
#169692
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44
Байланысты:
УМКД Мәдениеттану
РУС МУ к практике, РУС МУ к практике, Lecture 4, Дәріс тезистері ҚБ
Еуразиялық мәдени тип
Еуразиялық мәдени тип. Бұл типті негіздеуден бұрын, қазіргі кезде өтімді бір теория – С. Хантингтонның «Өркениеттер жанжалы» ілімінің бір қырын қарастырып өтейік. Бұл ілім бойынша әртүрлі суперөркениеттердің шекаралық аймағы тұрақсыздық пен жанжалдардың (конфликтердің) ықтимал ошақтары болып табылады. Ал Қазақстан өзінің геомәдени кеңістігі бойынша конфуцийлік және православиелік өркениеттердің ортасында орналасқан.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар




Тапсырма:
Архаикалық тип пен мәңгүрттік типке талдау жасаңыз
Мына сөздерге анықтама беріңіз:
Мәңгүрт, маргиналдар, бұратана халық

«Қазақ халқы Ресейдің құрамына қосылмағанда қазір қандай болар еді?» – эссе


Глоссарий

Өркениет




Прогресс




Құлдырау




Бақылау сұрақтар:

  1. Қазіргі қазақ мәдениетінің типтерін атаңыз

  2. Архаикалық тип пен мәңгүрттік типтің айырмашылығы

  3. Еуразиялық мәдени тип

  4. Қазақ мәдениетінің архетипіне не жатады?

  5. Қазақстан аумағында архаикалық мәдениеттің қандай нысандары өрістеді?

Карточка:
Мәңгүрттік типті талдаңыз
Архаикалық типке мысал келтіріңіз
А.Тойнбидің архаикалық типке берген түсіндірмесі

2

№12
дәріс

XVIII – XIX ғғ шебіндегі Қазақ мәдениеті
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Қазақстанның Ресей қол астындағы жағдайы.
2. Әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктер.

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Қазақстанның Ресей құрамына енуі туралы мынадай жалпы көп жылдар бойы “ақиқаттың бірден-бір көрінісі” деп есептелініп келді:
Қазақстан Ресейге қосылмаса, жоңғар шапқыншылығынан халық ретіне құрып кететін еді (алайда, XVIIIғ-дың ортасында Абылай хан мемлекеті жоңғарларды түпкілікті жеңген).
Қазақ халқы Ресей арқылы Еуропаның озық мәдениетімен танысты (бұл Америкадағы үндістердің “танысуына” тыс ұқсас).
Ресейге қосылу нәтижесінде Қазақстанда феодализм шайқалып, озық капиталистік өндіріс тәсілі ене бастады (бай мәдени мұрасы бар үнді елінің ағылшын отарына айналғандағы “жетістіктері сияқты”).
Дегенмен де орыс ғалымдары қазақ халқының тарихын, тұрмысын,мәдениеті мен тілін зерттеуде көп жұмыс істеді. Олардың ішінде зерттеушілер В. В. Радловтың, А. И. Левшиннің, В. В. Вельямин-Зерновтың, А. И. Добромысловтың, украин ақыны Т. Г. Шевченконың т.б. есімдерді атап өтуге болады.
Қазақстан жерінде алғаш құрылған ірі ғылыми жағрафиялық қоғам 1868 жылы Орынборда ұйымдасқан еді. Оның қызметіне орыс саясатшысы және Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші Г. Н. Потанин белсене қатысты, ол Ш. Ш. Уәлихановтың замандасы және досы болған.
Елiмiздiң мәдениетi мен қоғамдық ой-пiкiрiнiң тарихын­да қазақтың тұңғыш ғалымы, аса көрнекті демократ-зерт­теушi Ш. Ш. Уәлиханов /1835-1865/ құрметті орын алады. Оның қоғамдық-саяси, ғылыми және әдеби қызметi қазақ даласында прогресшiл идеялардың тарауына үлкен жол ашты. Шоқан 1858-1859 жылдарда Шығыс Түркiстанда болып, ондағы халықтардың тарихы мен этнографиясына, сондай-ақ осы сапарда Қырғыз елiнiң. тарихына байланысты бай материал жинап, соның негiзiнде көптеген еңбектер жазды. Оның қазақ халқының тарихына байланысты жазғандары шығыстану ғылымына зор үлес болып қосылды. Ал орыстың атақты жазушы-философы Ф. Достоевскиймен өте жақын дос болды. Оның ағартушы-демократ ретiндегi көзқарасының қалыптасуына орыстың прогресшiл революционер-демократтары Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов ықпал жасады. Шоқан Ресейдiң ғылыми-жағрафиялық қоғамының толық, мүшесi болып сайланды.
Қазақстанда XIX ғасырдың 60-шы жылдарында халықтық мектептердiң ашылуы аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткерi, жаңашыл-педагог, этнограф, ғалым, қазақтың жазба әдебиетiнiң және тiлiнiң негiзiн салушылардың бiрi – Ыбырай Алтынсариннiң eciмімен тығыз байланысты. Ыбырай орыс графикасына негiздеп қазақ әлiп-биiн жасады. Осы әлiп-би бойынша жүргiзiлген сабақтар ол ұйымдастырған қол-өнер және ауыл шаруашылығы училищелерiнде қазақ балаларының дүниеге көзiн ашты. Ал қазақ қыздарын өнер-бiлiмге кеңiнен тартты. Осы мақсатта ашылған қыздар мектеп-интернаты 1888 жылы Ырғызда, 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қазалыда, 1895 жылы Қарабұтақта, 1896 жылы Ақтөбеде жұмыс iстей бастады. Оны бiтiрген қыздар кейiн қазақ даласында бiлiм ұрығын септi. Ыбырай Орынбордағы ғылыми-жағpафиялық қоғамның тiлшi мүшесi болып сайланды.
Ыбыраймен тұстас Батыс Қазақстанда өмір сүрген көрнекті қаламгер, этнограф тарихшы Мұхамбет Салық Бабажанов /1832-1872 жж./ өзiнiң шығармашылығымен кеңiнен мәлiм. Орынбордағы кадет корпусын үздiк бiтiрген ол қазақтардың мәдениет, бiлiмге деген ықыласын қолдап, қазақтың тарихына, тұрмыс-тiршiлiгiне, Орал казак-орыстарының зорлық-зомбылығына байланысты Петербургте, Мәскеуде, Астраханьда шығатын газеттер мен журналдарда көптеген мақалалар жариялады. Ал орыстың ғылыми-жағрафиялы қоғамының мүшесi болды.
XIX ғасырдың екiншi жартысында өмip сүрiп өздерiнiң халықтың мұң-мұқтаждарымен үндесiп жатқан тамаша шығармаларымен танымал болған Махамбет, Шернияз, Сүйiнбай, олардан кейiн iле-шала шыққан Бақтыбай, Марабай, Шөже, Кемпiрбай қазақ мәдениетiнiң тарихында өшпес iз қалдырды. Қазақтың көрнекті ақындары Орынбай, Шөже, Бiржан, Жамбыл, Майкөт, Әсет, т.б өлең-жырлары өздерiнiң терең мазмұнымен жұртшылықты тәнтi eтті. Айтысқа түсiп жүлде алып, өлеңдерi жұрттың есiнде, аузында жүрген қазақтан шыққан қыз-келiншектер де аз болған жоқ. Сара, Айсұлу, Манат; Балқия, Рысжан, т.б. солардың қатарына жатады.
Қазақ музыкасын дамытуға үлкен үлес қосқан Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттiмбет, Ықылас, атақты әншiлер Мұхит, Әсет, Бiржан сал, Жаяу Мұсаның есiмдерi бүкiл қазақ даласына жайылды. Олардан қалған мол мұра бүгiнгi таңда да қазақ халқының игiлiгiне айналып отыр.
Қазақтың жазба әдебиетiнiң негiзiн салушы – Абай Құнанбаев. XIX ғасырдың екiншi жартысында өмip сүрген ол өлеңдер, дастандар, қара сөзбен жазылған хикаялардың мол мұрасын қалдырды. Ол өз шығармаларында адамгершiлiкке, рухани тазалыққа үндедi. Оларға жат қулық-сұмдыкты, залымдықты шенедi. Ол туралы қазақтың аса көpнектi ойшыл жазушысы Мұхтар Әуезов былай деп жазды: "Абай өзiнiң кiршiксiз ақ жүрегiн тебiренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жырларының бетiне маржандай төгiлдiрдi, оның әрбiр бетiнен, әрбiр жолынан, әрбiр сөзiнен бiзге соншама ыстық, соншама жақын леп сезiледi, ол леп кешегi өткен заманның, кешегi тәркі дүниенiң соққан тынысы болса да бiзге түсінікті, жүрегiмiзге қонымды. Абай лебi, Абай үнi, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгiн ол үн бiздiң үнiмiзге қосылып жаңғырып жаңа өpic алып тұр".
Абайдың ақын шәкiрттерi өз балалары – Ақылбай, Мағауия, туысы Көкбай, iнiсi Шәкәрiм қазақ әдебиетiнiң алтын қорына қосылатын көптеген шығармалар қалдырды. Әcipece, Шәкәрiм Құдайбердiұлының /1858-1931/ жазғандары көп болды. Ол соңғы уакытқа дейiн халық жауы ретiнде аталып, eсiмi жұртка белгiсiз болып келдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет