6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті (шифр) (мамандықтың атауы) Алматы, 2020



бет39/44
Дата21.02.2023
өлшемі331,2 Kb.
#169692
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
УМКД Мәдениеттану
РУС МУ к практике, РУС МУ к практике, Lecture 4, Дәріс тезистері ҚБ
Адамдық, борыш ар үшiн,
Барша адамзат қамы үшiн,
Серт қылам еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшiн,
деп серт еткен ол қазақ халқының мәртебесiн биiктетiп, мол әдеби мұра қалдырды. Шәкерiм жазған «Қазақ шежiресiн», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлiк-Кебек», «Дума», «Дубровский әңгiмесi» /Пушкиннен/ деген поэмаларын, Хафиз ақын өлеңдерiнiң, американ жазушысы Бичер-Стоу Гарриеттiң «Том ағайдың лашығы» деген романының, Лев Толстойдың шығармаларының қазақ тiлiндегi аудармаларын атауға болады. Қазақтың ipi ойшыл шежiрешiсi, ақыны Мәшүр Жүсiп Кебеев те /1858-1931/ осы Шәкерiм тұстас өмip сүрiп, халық сүйiп оқитын шығармалар жазды.
XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының саяси-мәдени өмiрiнде жарық жұлдыздай көзге түскен, әмiршiл-әкiмшiл заманның құрбаны болып аттары ұзақ уақыт бойы аталмай келген Ахмет Байтұрсынов /1873-1938/, Мағжан Жұмабаев /1893-1938/, Жүсiпбек Аймауытов /1889-1931/, Мiржақып Дулатов /1885-1935/ сияқты алыптардың мұраларымен қазақ халқы кейiнгi кезде ғана танысуға мүмкiндiк алды. Олардың еңбектерi мен олар туралы деректер қазiр көп жариялануда. Солардың арасында 1992 жылы "Жалын" баспасы шығарған "Бес арыс" жинағын атауға болады.
Ахмет Байтұрсынов қазақ елiнiң тәуелсiздiгi, қазақ халқының бақыты үшiн үлкен соқпақты жолдан өтiп, қазақтың тiл бiлiмiн дамытуға зор үлес қосты. Оның аудармасында Крыловтың "қырық мысалы" қазақ тiлiнде шықты. "Маса" деген атпен өлеңдер жинағы жарық көрдi. Саясатқа, мәдениетке байланысты орасан көп шығармалар жазды. Ол "Алаш" партиясын ұйымдастырушылардың бiрi. Ол өнерлi адам болған, шығарған әндерi де сақталrан. Оның еңбектерiнiң денi тiлге байланысты, сондықтан да Қазақтың ұлттық академиясының Тiл институтына Ахмет Байтұрсынов eciмi берiлген.
Қазақтың Пушкинi аталған Мағжан Жұмабаев сыршыл ақын болған. Мухтар Әуезов оны қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, Еуропадағы мәдениетпен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан ақын деп суреттейдi. Ол қазақ әдебиетiндегi Абайдан кейiнгi аса биiк тұлғалардың бiрi. Сондай ipi тұлғалардың қатарына Жүсiпбек Аймауытовты да жатқызуға болады. Ipi драматург, қара сөзбен жазғандары, өлеңдерi көп бұл әдебиетшiнi де халық қатты қастерлеп сүйiп оқыған.
Мен бiткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Eмecпін жемiсi көп тамаша ағаш,
Қалғанша жарты жаңқам мен ceнiкi,
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш,
деп келетiн Мiржақып Дулатов тек ақын ғaнa емес, сонымен бiрге үлкен күрескер, саясатшы да болды. Ол «Алаш» партиясын құрып, Алаш Орда өкіметін басқаруға қатысты. Қазақ елiнiң тәуелсiздiгi үшiн жан аямай күpecтi. Әдебиеттегi осы сияқты алыптардың өнегесімен, күpecтер қызып жатқан күндерiнде ұйымдастырылған «Айқап», «Қазақ» сияқты басылымдарда көркем шығармалар, жарық жарияланымдарымен көpiнген қазақ зиялылары аз болған жоқ. Мұның өзi XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық мәдениетiнiң жаңа деңгейге көтерiлiп келе жатқанын көрсетедi
Әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктер.
20-шы жылдардың екiншi жартысынан бастап И. В. Сталиннiң басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйе Қазақстанның мәдениетiнiң дамуына үлкен кеселiн тигiздi. Оның үстемдiк eтyi нәтижесiнде Қазақстандағы мәдениет салалары Коммунистiк партияның саясатына сәйкес жұмыс iстeyre тиiс болды. Әcipece бұл халыққа бiлiм беру саласында ерекше көрінic тапты. Атап айтқанда, бұл кезде шығарылған оқулықтар, партия, комсомол және пионер ұйымдары, жас ұрпақтың санасы мен мiнез-құлқына сталинизмнiң догма­ларын талқылады. Мектептiң қызметi де бұрмаланды.
Бұл кезде халыққа бiлiм беру iсiнде, соның iшiнде оқу орындарында партиялық өмip күшейдi. Оқу-тәрбие процестерiн идеологияландырудың үстінде жалпы көрсеткiштi қудалау, оқу процестерiн формальды жүргiзу өрiстедi.
Тоталитарлық жүйенiң күшеюi халыққа жоғары бiлiм беру саласында да өз әcepiн тигiздi. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылығының кадр жөнiндегi қажетiн қанағаттандыра алмады. Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамында жергiлiктi халықтьң өкiлдерiнiң саны баяу өсті. 1936 ж. Қазақтың мемлекеттiк университетiндегi 42 оқытушының 8 ғaнa қазақ болды. 1940 жылы Алматы малдәрiгерлiк-зоотехникалық институты студенттерiнiң арасында қазақтардьң үлес саны 12-ақ пайызын қамтыған.
Партиялық-мемлекеттiк құрылымның идеологияландырылған саясаты профессионалдық оқу орындарының жағдайына бәрiнен де көп зиян келтiрдi. Ғалымдарды, жоғары оқу орындары қызметкерлерiн қудалау мен жазалау шаралары 20-шы жылдарда басталып, Сталин өлгенге дейiн жүргiзiлдi. Осының нәтижесiнде 30-шы жылдардың орта кезiнде А. Байтұрсынов, С. Асфендияров, Х. Досмухамедов, Т.Жүргенов, О.Жандосов және басқа аса көрнекті ғалым, педагогтардың өмірі қиылып кетті.
1928 жылы араб әрпi латын әрпiмен, ал 1940 жылы кириллицамен (орыс әрпiмен) күштеп алмастырылды. Мұның кесірінен бiр ұрпактың өмірі барысында қазақ өзбек, түркімен, башқұрт, татар, қырғыздардың басым көпшiлiгi араб жазуымен жарық көрген ата-баба мұрасын, рухани байлығын игерiп, пайдалануға қабiлетсiз болып шықты. Ал мұның өзi көптеген халықтардың тарихи зердесiн көмескiлеп, олардың белгiлi тобының мәңгүрт болуына әкеп соқтырғанының бер жағында, елдегi қазақтар Қытай Халык Республикасы, Aуғанстан, Иран сияқты елдердегi сауаттарын араб жазуымен ашып, кiтаптарды осы графикамен шығарып келген шетелдiк бауырлас қазақтармен хат жазысып, хабарласу мүмкіндігінен айырылды.
1920-1930 жылдарда араб әрпiмен шыққан басылымды пайдаланғандар «пантуркист», «панисламист», тiптi, «халық жауы» деп жарияланып, қудалауға ұшырайтын болды. Кiтапхана қорларынан әкiмшiлдiк-төрешiлдiк жүйенiң теориясы мен практикасына мазмұн мен қайшы басылымдар, ең алдымен олардың iшiндегi араб әрпiмен басылғандары аластатылды. Сонымен бiрге дiнге қарсы күрес сорақылықпен жүргiзiлдi. Шiркеулер мен мешiттердiң мемлекет қарамағына зорлықпен алынуы, оларды қopa-жайға, қоймаға, қосалқы жайға айналдырылуы, дiнге сенушiлердiң ар-ожданын аяққа басу, азаматтық сан ғасырлық мәдени және рухани өміріндегі құрамдас бөлiгi болып келген дiндi барша жұртқа құбыжық етiп көрсету халықтың орынды наразылығын туғызды.
Қазан төңкерiсiнен кейiн тоталитарлық жүйенiң үстемдiгiне, оның қайшылықтарына қарамастан Қазақтың мәдени дамуында кейбiр iлгерiлеушiлiктiң болғанын айту керек, оны бiз мәдени төңкерic деп атап келдiк. Бұл төңкерiс қилы-қилы жағдайлардың арқасында мүмкін болды.
Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда жалпы қоры 98 мың кiтабы бар 139 кiтапхана болса, 1925 жылы олардың саны 300-ге жеттi. 1929 жылы республикада 494 оқу үйi, 74 қызыл отау, 11 театр, 9 мұражай болды. Ауылдың жерде 1747 кiтапхана жұмыс iстедi. Бiрақ бұл кiтапханалар мен оқу үйлерi жөндi ғимараты жоқ, қарабайыр жағдайда өмip сүрдi. Олардың жұмысын жүргiзушi адамдардың сауаттары да, кәсiптiк дәрежесi де төмен едi. Тiптi қалалардың өздерiнде мәдени ошақтарда iстейтiн адамдардың бiлiм деңгейi көбiнесе төмен болатын. Бiрақ бiлiмге, мәдениетке деген халықтың құштарлығы, ынта-ықыласы мәдениет ошақтарының қарапайым формада болса да көбейе түсуінe жол ашты.
Республикада мерзiмдi баспасөз және кiтап шығару ici дамып келе жатты. «Степная правда» (қазiргi «Казахстанская правда») жене «Еңбекшi қазақ» газеттерi, «Қазақстан» журналы шыға бастады. Кеңес өкiметiнiң алғашқы жылдарында газеттер мен жорналдар көбiнесе мемлекеттiк, кәсiподақтық, кооперативтiк қордың есебiнен жаздырылып алынды және мәдени-ағарту мекемелер желiсiне, кеңестiк және кооперативтiк ұйымдарға келiп тұрды. Газеттер жұрт көп жиналатын жерлерге iлiндi, оларды дауыстап оқып беру ici ұйымдастырылды. Қазақстанның белгiлi көптеген мәдениет қайраткерлерi өздерiнiң шығармашылық жолын осы газеттерде жалғастырды.
1925 жылы республикада не бары 31 газет, оның iшiнде қазақ тiлiнде 13 газет шықты. Кейiн олардың қатары өсе бердi. 1930 жылы Қазақстанның 27 ауданында өз газеттерi шыға бастады. 1931 жылы республиканың "Еңбекшi қазақ" газетiнiң 900 қоғамдық тiлшiсi iстедi. 1926 жылы не бары 41 газет шықса, бiрiншi бесжылдық жылдарында 120 газет, оның iшiнде қазақ тiлiнде 62 газет шығып тұрды. Олардың қатары жыл санап толығып, екiншi бесжылдықта жалпы саны 280-ге жеттi.
Республикада кiтап бастыру ici едәуiр дамыды. Шыға­рылатын кiтаптардың таралым данасы өстi. 1925 жылы 443 мың дана таралыммен 96 кiтап шықса, 1930 жылдары үш миллион даналық 200-ден аса кiтап шығарылды.
Республикада қазақ тiлiндегi алғашқы оқулықтар Қазан қаласында бастырылды. Орыс тiлiндегi оқулықтар Мәскеуден алдырылды. Қазақ тiлiнiң тұңғыш әлiппесiн жасап, соңынан iз салған жаңашыл ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов елде oқy-ағарту iciн дамытуға үлкен еңбек сiңiрдi. Ол жазған мектеп окулықтары 1927-1928 жылдарrа дейiн пайдаланылып келдi. Қазақ оқушыларының ересек буыны сауатын Байтұрсыновтың «Әлiп-биiмен» ашып, ана тiлiн Байтұрсыновтың «Тiл құралы» арқылы оқып үйрендi.
1933 жылдан бастап бастауыш мектеп 4 кластық, орталау мектеп 7 кластық және орта мектеп 10 кластық болып қайта құрылды. Қоғамдық саяси пәндердi оқытуға және оқушыларға жаңаша идеялық тәрбие беруге ерекше мән берiлдi. Екiншi бесжылдық жылдарында республикада мұrалiмдер саны eкi еседен астам көбейiп, 14 мыңнан 31 мыңға жеттi.
Қазақ AKCP-i құрылғаннан кейiн ғылым, өнер мәселелерiнiң бәрiн және архивтердi ағарту халық комиссариатының ғылыми бөлiмi немесе секторы басқарды. Ол 1921 жылғы тамыз айында академиялық орталық болып қайта құрылды. Оның бастамасымен 1924 жылы алғашқы археологиялық карталар жасалды, қазақ халқы тарихының жекелеген мәселелерi, оның iшiнде халық-азаттық қозғалысының тарихы зерттеле бастады. 1932 жылғы наурызда Алматыда КСРО Fылым Академиясының тұрақты базасының құрылуы республикадағы ғылымының дамуында маңызды кезең болды.
Бұл тұста ауыл шаруашылық ғылымын өркендету үшiн арнаулы ғылыми орындар: егiншiлiк, ауыл шаруашылығы, экономика, электрлендiру, су шаруашылығы, жемiс-жидек институттары ұйымдастырылды. 30-жылдардың екiншi жартысында Қазақстан ғылымы одан әpi өркендедi. 1940 жылдың қарсаңында Қазақстанда 110 ғылыми-зерттеу мекемeci жұмыс iстедi және оларда 1727 ғылыми қызметкер еңбек eтті. КСРО Fылым Академиясының Қазақстандық базасы 1938 жылы КСРО Fылым Академиясының Қазақ филиалы болып қайта құрылуы республикада ғылымды жаңа белестерге көтеру үшiн мол мүмкіндіктерге жол ашты.
30-шы жылдары Қазақстанның әдебиетi мен өнеріне бiраз өзгерiстер, елеулi оқиғалар болды. 1934 жылғы 12-18 маусымда Қазақстан жазушыларының 1 съезi болып, онда халықтардың рухани қазынасынан нәр алған қазақ әдебиетiнiң М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансугiров, Б.Майлии, М.Әуезов, Ж.Аймауытов сияқты саңлақтармен бiрге қазақ әдебиетiнiң қаулап өсiп келе жатқан мол жеткiншектерi бар eкені көрiндi. Келесi жылы халық поэзиясының алыбы Жамбылдың туғанына 90 жыл толуын бүкiл Кеңес елiнiң халықтары атап өттi. 1936 жылы республика еңбекшiлерi Сәкен Сейфуллиннiң әдеби қызметiнiң 20 жылдығын мере­келедi. Қазақстанда қазақ жазушыларымен бiрге осындағы туысқан халықтардың өкiлдерi орыс, ұйғыр, татар қаламгер­лерiнiң шығармашылығы да кең өpiскe шығып келе жатты.
Осындай жетiстiктерге қарамастан 1937 жылы сталиндiк қанды тырнақтың жазықсыз жандарды қудалау, тұтқындап жер аудару, сотсыз содырлық жасап ату, жою процесi кең өpic алды. С.Сейфуллин, І.Жансүгiров, Б.Майлин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов сияқты қазақ халқының тұлғалы ұлдары «халық жауы» деген айып тағылып, қасiреттi қудалаудың құрбаны болды.
20-шы жылдары қазақ көркем театрының дамуы басталды. 1926 жылғы 13 қаңтарда Қызылорда қаласында қазақтың тұңғыш драма театры ашылып, М. Әуезовтiң «Еңлiк-Кебек» пьесасын қойды.
1932 жылы республикада тұнғыш музыка-драма техникумы, ал 1934 жылы бiрiншi музыкалық театр ашылды. Сол жылы либереттосын М. Әуезов жазrан «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясының қойылуы қазақ операсының туғанын паш еттi. 1937 жылы қазақтың музыкалық театры опера жене балет театры болып қайта құрылды. Қазақ драма театры да айтарлықтай табыстарға жеттi.
Республикадағы маңызды оқиғалардың бiрi кино өнерiнiң дүниеге келуi едi. 1938 жылы «Аманкелдi» фильмi экранға шығып, ұлттық кино өнерiнiң ipгeci қаланды.
1936 жылы май айында Москвада өткен Қазақстан әдебиетi мен өнерiнің aлғaшқы онкүндігi қазақ әдебиeтi мен өнер жетiстiктерiнiң айғағы болды. Үкімет қазақ халқының әдебиет пен өнер қайраткерлерiнің таланты мен шеберлiгiн жоғaры бағалады. Жазушылардың, артистердiң" мәдени құрылыс қайраткерлерiнiң үлкен бiр тобы – Ж. Жабаев, С. Сейфуллин, А. Жұбанов, Т. Жүргенов және басқалар үкiмeт наградаларына ие болды. К. Бәйсейiтова КСРО Халық артисi деген жoғaры атақ алды, ал көп адамдаpғa Қазақ КСР-iнiң халық артисi және еңбек сіңірген артисi деген атақтар берiлдi.
Қорытып айтқанда, көптеген қиыншылықтарға, бұрмалаушылықтapғa, кемшiлiктeрге қарамастан Қазақстанда 20-шы және 30-шы жылдарда мәдени дамуда бiрсыпыра iлгерлеушiлiктер орын алды. Егер 1937-1938 жылдары «сталиндiк жезтырнақ аппарат» қазақ зиялыларын қудаламағaнда бұл табыстар қомақтырақ болуы мүмкiн eдi. Сондай-ақ: республика мәдениетiнiң одан әpi кеңiнен дамып, құлаш жаю процесiне1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысы да кepi әcepiн тигiздi.
Сталин қайтыс болғаннан кейiн 50-шi жылдардың орта шенiнен бастап жеке адамға табынушылықтың зардаптарын жойып, социалистiк зандылықтарды қалпына келтiруге бағытталған бiрсыпыра шаралар iскe асырылды. 1950 жылы 26 желтоқсанда "Правда" газетiнде жарияланған «Қазақстан тарихының мәселелерi мapкcтiк-лениндiк тұрғыдан баяндалсын» деген мақаланы талқылауға байланысты бүкiл Одаққа, тiптi дүние жүзiне танымал тұлғалы қайраткерлер М. О. Әуезов пен Қ. И. Сәтбаев, сондай-ақ, республиканың басқа да көрнекті жазушылары мен ғалымдары орынсыз жазғырылып, датталды.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет