6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті (шифр) (мамандықтың атауы) Алматы, 2020


«Мәдени мұра», «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру», мемлекеттік бағдарламалары



бет43/44
Дата21.02.2023
өлшемі331,2 Kb.
#169692
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
УМКД Мәдениеттану

«Мәдени мұра», «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру», мемлекеттік бағдарламалары
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Қазақстанның ұлттық идеясы

  2. Мемлекеттің «Мәдени мұраң бағдарламасы – мемлекеттік мәдени саясаттың басты саласы.

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қазіргі кездегі өркениет қоршаған ортаны, әлеуметтік сипаттағы тұрмыстық жағдайды қайтарымсыз түрде өзгертуде. Осы тұрғыда мәдениет көбінесе қоғамдық жаңару бастауы, шығармашылық өмірді қалыптастыру факторы ретінде көрініс табады. Мәдениетті адамның өзін-өзі жүзеге асыру құралы ретінде қарастыру арқылы, ондағы тарих пен адамға айтарлықтай әсер ететін импульстарды анықтай аламыз. Әлемге жетудің эвристикалық құралы идеология, экономика немесе саясат емес, мәдениет болып табылады. Жер жүзінде өзіндік мәдениет нұсқасын қалытастырмаған халық жоқ. Өзін-өзі сезіну, өзіндік сананы түсіну мәдениетке әу бастан-ақ тән, ол адам болмысының өлшемсіздігі мен тереңдігін білдіреді.
Осының барлығын ескере отырып біз мынаны айтуымыз керек: "американдану", "еуропалану" да біздің жол емес, ескішіл, фанатик болып, қайтып келмес көшпенділікті аңсау да орынсыз. Біз екі бұрынғы рухани элитаның екі буынының да тәжірибесін, тәсілдерін ұштастырып қолдануымыз қажет. Жаппай вестеризация, рухани азу ықпалы күрт өскен жағдайда (өкінішке орай, бізде Батыстың биік мәдениетін, философиясын емес, азғындық жағын насихаттау басым), оған төтеп беру үшін руханият, өз дәстүріміз бізге қорған. Сөйтіп қана зиялылары, басшылары ұлтты дағдарыстан алып шыға алады.
Ендеше, ХХІ ғ. ұлттық мәдени трансформация кері жылжу емес, біреуді қайталау да емес, жаңа жағдайда шығармашыл ізденіс (мүмкін техногендік батыс Өркениетіне альтернатива ретінде рухани сипаттағы "еуразиялық" Өркениет құру идеясы – егер де оны біз дұрыс түсіндіріп, айқындай алсақ) біздің бүкіл аймақтық мәдени, әлеумет, саяси трансформация процестеріне үлкен өзгеріс, ілгері басу, гүлдену әкелер.
Рухани кеңістікті құрайтын ұлттық идеяның элементтері көп. Солардың ішіндегі оның мәнін терең де ауқымды анықтайтындар бұл ұлттық философия мен әдебиет; мәдениет пен оның түрлері, рухани қазынанның басқа да елементтері осы екі үлкен тұғырлардың айналасында өрбиді, дамып отырады. Олардың даму деңгейі, қоғамдық өмірге тигізетін әсері және қоғамдық сананы белгілеудегі алатын орны ерекше. Дамыған елдердің тәжірибесі осы ойды айғақтап отыр, оған көптеген мысалдар келтіруге болады.
Қазір Батыс елдері үлкен дағдарыста, деп мойындайды кейбір батыс ойшылдары. Қазіргі кезде бала туу деңгейі ең аз жиырма ұлттың он сегізі – еуропалықтар. Еуропадағы бала туудың орташа деңгейі соңғы кездері 1,4 адамға дейін түсіп кетті. Ал халықтың тым болмаса, қазіргі санын сақтап қалу үшін, бұл деңгейдің шамасы 2,1 болу керек. Бұл турасындағы болжамдар да өте көңілсіз. 2000 жыл мен 2050 жылдар аралығында жер бетіндегі халықтың саны 3,5 миллиардқа өсетін көрінеді. Алайда бұл өсім тек Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің есебінен болады. Осы жүзжылдықта Құдай көрген бейнеті мен қиындығының өтеуіне қытайлықтарға, мұсылмандар мен латынамерикалықтарға қарасатын шығар. Сонымен қатар әлемнің билеушісі болу мүмкіндігі де осы халықтарға туып тұрған секілді. Ал 100 миллион еуропалық жер бетінен өзінен-өзі жоғалып кетеді. 1960 жылы еуропалық нәсілділер әлем халқының ширегін құраса, 2000 жылы алтыдан бірін, ал 2050 жылдарға таман бұлар бар болғаны оннан бірін құрайды. Батыс кеміп барады. Өйткені, Батыстың халқы өздерін көбейтуді тоқтатып, шапшаң азайып барады. Дәл осы секілді көрініс Құрама Штаттардан да байқалады. Бұған қоса, 1969 жылы Ричард Никсон президенттік ант қабылдағанда, Құрама Штаттарда 9 миллион иммигрант болған. Ал Обама таққа отырған уақыт ішінде мұндай америкалықтардың саны 40 миллионға артқан.
Американың бұлайша «өзге» Америкаға айналуына белгілі бір әлеуметтік факторлар әсер етті. Бірінші фактор – күйеуі тұрмыстық қажеттіліктерді тауып, асыраушы қызметін атқаратын, әйел үй шаруасы және бала тәрбиесімен айналысатын дәстүрлі отбасылардың бұзылуы. Қазір мұндай отбасылар келмеске кетті. Бұл шаңырақтан индустриалды қоғам еркекті суырып алып, фабрика, зауыттарға жіберсе, постиндустриалды қоғам жоғары жалақы төлейтін офистер мен фирмалардан жақсы жұмыс тауып беріп, әйелдерді шығарып алды. АҚШ-тағы әйелдердің жалақысы әжептәуір өсіп, есесіне, еркектердің еңбекақысы айтарлықтай төмендеді. Әйелдер экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізіп, отбасы олар үшін өзінің мүмкіндігін жүзеге асыратын орын болудан қалды. Жас америкалық қыз-келіншектер отбасынсаз-ақ өмір сүріп, дербестік пен тәуелсіздікке қол жеткізе алатынын түсініп, күйеуге тиюге асықпайтын болды. 1970 жылы 20 мен 24 жас аралығындағы әйелдердің тек 36 пайызы ғана күйеуге тимеген болатын. 2013 жылы осы жас аралығындағы әйелдердің 68 пайызы ешқашан үйленбегендердің санатына жатқан. Ал 20 мен 25 жас аралығындағы «өмір бойы күйеуге шықпауға бел байлағандардың» пайыздық көрсеткіші 10 пайыздан 35 пайызға дейін өскен. Сондай-ақ 2010 жылдың санағынан байқағанымыздай, Америка тарихында алғаш рет әрбір төрт үйдің біреуінде ғана толық (әке, шеше, бала) отбасы тұратын болса, жалғыз басты америкалықтар ел халқының 26 пайызын құрайды екен. Яғни, бұл неке «сәннен» қалды деген сөз. Америка әйелдерінің көпшілігі, Еуропа әйелдері секілді, үй шаруашылығы мен ана болу бақытына қарағанда, қызметтік өсуді «қуаныш» көреді.
Екінші фактор – әлеуметтік қозғаушы күш ретіндегі «ерікті ұрпақтың» дүниеге келуі. Американың соғыстан кейінгі, яғни сол кезде құрылып жатқан «берекелі қоғамның» ұрпағы АҚШ тарихында тұңғыш рет жоғары білім алуға кең мүмкіндік алды. Бұл ұрпақ дәстүрлі отбасыдан университет аудиторияларына көшіп алды. Сөйтіп, әке-шешесінің қайырымды қамқорлығымен емес, бұқаралық ақпарат құралдарыны, соның ішінде теледидар мен «жылтырақ» баспасөздің «тәрбиесімен» өсті. Ақырында бұл ұрпақ – Американың дәстүрлі құндылықтарынан елеулі айырмасы бар құндылықтарды бойға сіңірді. Жаңа ұрпақ санасындағы басты нәрсе – Американы ұлы держава қылған діни қағидаттар емес, «осы жерде және қазір» ләззат алуды қалайтын эгоистік гедонизм бола бастады. Руханияттың орнын – қызмет пен ақша, отбасының орнын – шектеусіз төсек қатынасы мен «ерікті» өмір сүру, Жаратушы берген қасиетті өмірдің орнын – есірткі мен өз еркімен өлімге мойынсұну басты. Мұның бәрі сол кезде жүріп жатқан «мәдени төңкерістің» аясында жүзеге асып жатты» (Бюкенен П. Дж. Батыстың ажалы //Жас қазақ. – 2014.- № 30.- 4 тамыз).
Кесімділік пен аяқталғандыққа шешім шығармай-ақ, қазіргі мәдениеттің мынадай қиындықтарын атап өтейік:
– руханилық пен материалдықтың арасындағы ажыратылу;
– эскапистік және дүниетанымдық ұстанымдардың араласып кетуі;
– нонконформизм, конформизм мен девианттық қылықтың өрістеуі;
– рационалдықты шектеу, тылсым сана қабаттарымен манипуляциялар жүргізу, жалғыздық, үрей, шарасыздық сенімдерінің өрістеуі;
– стандартты қарапайымдалған тіршілік ету баламаларын жасанды ұсыну.
Төлтума мәдени типтің ділін айқындау үшін шығыстық, батыстық және қазақи дүниетанымдар мен дүниелік қатынастардың ерекшеліктерін кестелік тәсілмен келтірейік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет