Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау девианттық тәртіп түрлерін атаңыз және девианттық қылықтарды жою жолдары туралы пікіріңізді көрсетіңіз



Дата18.12.2023
өлшемі13,95 Kb.
#197578
Байланысты:
алеумет 6 тапс


Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау девианттық тәртіп түрлерін атаңыз және девианттық қылықтарды жою жолдары туралы пікіріңізді көрсетіңіз.
“Девиация” термині латынның “deviatio-ауытқу” деген сөзінен шыққан. Яғни девианттық дегеніміз - адамдардың мінез құлықтарының қоғамдағы әлеуметтік нормадан ауытқуы. Оны кең және тар мағынада қарастыруға болады. Кең мағынада девианттық мінез-құлық дегеніміз-кез-келген іс-әрекеттің қоғамда нормаларға сай келмеуі. Бұл жағдайда девиацияны жағымды немесе позитивті, жағымсыз немесе негативті деп бөлеміз. Ал тар мағынада девианттық мінез-құлық дегеніміз адамдардың іс-әрекеттерінің әлеуметтік нормадан негативті және жағымсыз түрде ауытқуы. Әлеуметтік бақылау дегеніміз, оның ішінде құқықтық түрде де реттеу арқылы әлеуметтік жүйені құрайтын элементтердің өзара әрекетін реттеу жолымен қамтамасыз ететін және сол жүйенің өздігінен басқарылу тәсілі болып табылады.
“Әлеуметтік бақылау” - термин, оны айналымға алғаш рет енгізген Г.Тард бастапқыда қылмыскердің қоғамдық қызметке қайта оралуының құралы ретінде қарастырған болатын. Шет ел социологтары Ф.Знанецкийдің, Р.Лапьердің, Д.Мартиндейлдің, У.Томастың еңбектерінде әлеуметтік бақылау проблемасы әуел бастан индивидтердің мінез-құлқындағы қоғам үшін қажеті жоқ ауытқуларды жою проблемасымен және мінез-құлықты реттеу құралын жасаумен жалғасқан болатын. Әлеуметтік бақылау проблемасын бұл социологтар әлеуметтік институттар жүзеге асыратын оңтайлы, әлеуметтік ықпалдар және адамдардың мінез-құлқын сол әлеуметтік жүйенің қарым-қатынастарын реттейтін нормаларға бейімдеу мақсатында ауытқуларды жөндейтін өзгерістер деп түсінді. Р.Парк әлеуметтік бақылауды әлеуметтік күштер мен адам табиғаты арасындағы белгілі бір арақатынасты қамтамасыз ететін құрал деп түсінеді. Ол әлеуметтік бақылаудың үш нысанын бөліп қарайды: 1) қарапайым (мәжбүрлеуші) санкциялар; 2) қоғамдық пікір; 3) әлеуметтік институттар. Санкция - әлеуметтік бақылау элементтерінің бірі. Әлеуметтік бақылау мойындауды білдіру, марапаттар мен ерекшелік жүйелері ретінде анықталады, солардың арқасында тұлғаның мінез-құлқы қабылданған мінез-құлық үлгілеріне сәйкестендіріледі.
Ғалымдар ауытқымалы мінез - құлық көріністерінің себептерін ашып көрсетуге, түсіндіруге тырысады. Мұндай бірнеше түсіндірмелер бар. Біріншісі девианттылықтың себебін биологиялық факторларға қатысы бар деп есептейтін бағыт. (Дюркгейм, Цезаре Ломброзо, Уильям Шелдон, Праис, Зигмунд Фрейд)
Ауытқымалы мінез-құлықтың социологиялық түсіндірмесі ауытқымалы мінез-құлықтардың басты себептерін әлеуметтік – мәдени факторлардан іздейді. Дюркгейм өзінің аномия теориясында алғаш рет девиациялық құбылыстардың себептеріне социологиялық тұрғыдан талдау жасайды. Дюркгейм бұл теорияны өзінің классикалық адамның өзіне-өзі қол салу себептерін зерттеу концепциясында қолданған болатын. Сонымен, ол адамның өзіне-өзі қол салуы аномияға байланысты болады деп көрсетеді. Аномия - деген сөз француздың anomie деген сөзінен шыққан, заңның болмауы деген мағынаны береді. Аномия - әлеуметтік нотариалдық нақты жүйенің болмауы, мәдениет бірлігінің бұзылуы, соның әсерінен адамдардың өмірлік тәжірибесі, қоғамдық нормалары сәйкес келмеуі.
Девиантты әрекеттің әлеуметтік мәдени себептерін ашып көрсеткен Р.Мертон болды. Аномия ұғымы Р.Мертонның қөзқарасынша адамдардың мақсаттары мен оларға қол жеткізу құралдары арасындағы алшақтықты білдіреді. Мертонның ойынша девиантты әрекет қоғамда адамдардың өз мақсаттарына сол қоғамда дұрыс деп табылған заңды жолмен қол жеткізе алмаған жағдайда туындайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет