Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті
СӨЖ5
Тақырыбы: 5-11 сынып оқулықтарына талдау жасау
8-сынып
Орындаған: Сарымсақ Камила
Топ: 305 топ
Қабылдаған: Аға оқытушы Текесбаева Г.
АЛМАТЫ 2022
Жалпы білім беретін мектептің 8- сыныбына арналған оқулық
Пәні:Қазақ тілі
Авторлары: Т.Н Ермекова,Ш.Л Ерхожина,А.Е Тоқбаева
Баспасы: Астана: «Арман-ПВ» баспасы
Шыққан жылы: 2018 жыл
Беттер саны: 256 бет
Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты –ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі»оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану;
2) тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;
3) аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру;
4) мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.
Мазмұны:
75 тыңдалым және айтылым тапсырмасы
90 жазылым тапсырмасы
85 оқылым тапсырмасы бар
Достарыңызбен бөлісу: |