7 – ші тақырып. XVIII ғ. – ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан


Кіші және Орта жүздердің Ресейге қосылуы. Қазақстандағы патшалық отарлау саясатының басталуы



бет3/5
Дата18.10.2023
өлшемі54,35 Kb.
#186576
1   2   3   4   5
Байланысты:
7 лекция

3. Кіші және Орта жүздердің Ресейге қосылуы. Қазақстандағы патшалық отарлау саясатының басталуы
Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығы бытырап, əр жүзде жеке хандар сайланып, бұл хандар Абылай хан ұрпағы Уəли ханға бағынуға ниет білдірмеді. Əр жүздің өзіне тəн тарихигеографиялық аймағы болды. ХІХ ғасырдың басында Кіші жүз Батыс Қазақстанның Сырдариядан батысқа Жайық пен Тобыл өзеніне дейінгі жерді алып жатты. Орта жүзге тəн аумақ шығыста Қытай шекарасынан батыстағы Торғайға дейін, Ташкенттен оңтүстік Сібір жеріне дейін қамтыды. Ұлы жүз Жетісу, оңтүстік-шығыс жəне оңтүстік Қазақстан аумағын мекендеді. Табиғи — климаттық жағдай шаруашылық өмірдің барлық қырынан байқалды. Ш.Уəлихановтың айтуы бойынша, “ертеден қазақтардың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болған. Біз өмірімізді мал шаруашылығының ыңғайына қарай бейімдеп отырдық”. Көшпелі мал шаруашылығының негізгі өзіне тəн айырмашылығы бір жерден екінші жерге көшіпқонып отыруы болды (жайлау, күздеу, қыстау, көктеу).
ХІХ ғасырдың басына қарай жеке рулар арасында жайлау мен қыстау жерлеріне бөлініс басталды. Қазақтардың көшпелі-жайылымдық шаруашылығының негізгі жүйесі экстенсивті сипатта болды. ХІХ ғасырдың басында қазақтардың шөп шабумен айналыса бастауы мал шаруашылығының тұрақтанып, оның табиғаттың қолайсыз жағдайына қарсыласуына мүмкіндік əперді. Қазақтардың шекара өңіріндегі орыс елімен сауда байланысының дамуында малдың жекеленген түрлері ерекше мəнге ие болды. Қой саудасы орыс жəне Орталық Азия көпестері тарапынан жоғары бағаланды. Ірі қара малдан ет, сүт, май өндіріп базарларға шығарып сата бастады. Түйенің көлік ретінде маңызы арта түсті. Бұхарадан Хиуаға бір жолғы жүк тасымалдау жағдайға қарай бір түйеге 35—50 сомнан 100 сомға дейін жетті.
ХІХ ғасырда қазақтардың жер шаруашылығымен айналысуы да кең дами бастады. Ұлы жүз ежелден жер шаруашылығымен айналысатын. ХІХ ғасырдың 30-жылдарында жер шаруашылығымен кедейлерден басқа ауқатты қазақтардың да бір бөлігі айналыса бастады. Жетісуды, Балқаш көлінің жəне Ертіс өзендерінің жағасын мекендеген қазақтар — бидай, сұлы, арпа егіп, суармалы жүйе арқылы жақсы өнім алатын болған. ХІХ ғасырдың 40 жылдары шекара бойында тұратын Орта жүз қазақтарының бір бөлігі — жатақтар жер шаруашылығымен айналыса бастады. Əсіресе, олар Көкшетау, Ақмола, Баянауыл округі жəне Сырдария аудандарында байқалды. Жер өңдеу құрал-жабдықтары дөрекі темір кетпен, ағаш, жер тырма жəне сирек кездесетін темір соқалар болды. Сырдария, Торғай жəне Ырғыз өзендері жағалауында тұратын қазақтар бау-бақша егумен айналысты.
Онда қарбыз, қауын, пияз, сəбіз, асқабақ, жүгері жəне т.б. көкөніс түрлерін екті. Қазақтар ертеден балық кəсіпшілігімен, сонымен қатар аң аулаумен де (қасқыр, түлкі, қарсақ т.б) айналысты. Аң терілерін өз қажеттеріне жұмсап жəне орыс саудагерлеріне сатып отырды. Қазақтардың негізінен кедей бөлігі — жатақтар мен егіншілер балық шаруашылығымен айналысатын, олар балықты ау немесе сүзгіш арқылы ұстады. Қазақтардың шаруашылығында түрлі қолөнер де ерекше орын алды. Тері өңдеу, оқ-дəрі жасау, ағаш немесе сүйектен, темірден түрлі заттар жасау дами түсті. Əсіресе, киіз үйдің кереге, уық, шаңырағын жасайтын шеберлер ерекше бағаланды. Қазақтар үй шаруашылығына керекті шалғы, соқа, орақ сияқты кейбір заттарды темірден жасаған. Зергерлер күмістен түрлі əшекей бұйымдар жасап отырған. Суық қарудың барлық түрлерін, мылтықты да жасай білген. Қазақ əйелдері текемет, киіз, сырмақ, тұмақтар, тондар, аяқ киім т.б. заттарды керемет жасаған. Ұсталардың күмістен жəне теріден жасалған заттары ішкі базарларда сатылып немесе өздерінің шаруашылығына қажетті заттарды көрші елдермен айырбас жасады.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресеймен айырбас сауда қатынасы дамыды. Сауданың негізгі тіректері Орынбор, Троицк, Петропавловск бекінісі, Пресногорьковск, Омбы, Семей жəне Орал болды. Ресейдің қазақтармен сауда қатынасы орыс тілін білетін саудагерлер немесе татар көпестерінің көмегі арқылы жүрді. Ішке тауар əкелу сыртқа тауар шығарудан басым болды. Сыртқа: мал жəне сүт өнімдері шығарылса, өздеріне қант, темекі, ыдыс-аяқ, шай, дəрі-дəрмек жəне т.б. заттар алып отырды. Біртіндеп ішкі сауда дами бастады, бірақ ол негізінен айырбас түрінде болды. Айырбас саудасы тек қана рулар арасында ғана емес, қазақ жүздерінің арасында да жүрді, ал кей жерлерде ақшаға да сауда жасалды. Айырбас сауданың дамуы барысында Қазақстанда несие сауда қатынасы кең қанат алды. Көпестер мен Сібір казактары заттарды қазақтарға несиеге əкеліп беріп, көп жағдайда оларды алдап кетіп отырды. Қазақтар арасында арнайы сауда серіктестіктерін құрып, жоғары өсіммен несиеге ақша беріп отырған арнайы саудагерлер де пайда болды. Ақша-тауар қатынасының дамуы кедей-батрақтардың пайда болуына əкелді.
Ақша табуға жұмысқа кеткен көптеген қазақтар балық аулаумен айналысты, шеп бойындағы бай тұрғындарға жалданып түрлі жұмыстар істеді. Қазақтардың тек аз бөлігі ғана тау-кен өндірістерінде (Баянауыл таскөмір өндіру, Қарқаралы қорғасын, т.б.) жұмыс істеді. Шеп бойындағы орыс шаруашылығына жалданған қазақтардың жағдайы өте нашар болды, олар көп жағдайда еңбек ақыларын да дұрыс ала алмай, өз қожайындарының қанауына түсті. Елдің шаруашылық жағдайының өзгеруі қазақтардың əлеуметтік қарым-қатынасына əсер етпей қоймады. ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында қазақ қоғамында үстемдік құрушы ру старшындары мен билер болды. Олар елге əдет-ғұрып заңдарын сақтаушы əрі түсіндіруші болып саналды. Билер хандар жəне сұлтандармен қатар сот істеріне араласып, түскен пайданы бөлісуге, қоғамдық жерлерді біріктіру үрдісіне қатысып отырды.
ХІХ ғасырдың басында ру басшылары мен сұлтандар рудың жақсы қыстауымен жəне шабындық жерлерін пайдалану құқықтарымен ғана шектелмей жеке иеліктерді де басып алуға кірісті. Жақсы қауымдық жерлерді тартып алумен патша өкіметі де айналысты. Мұның бəрі қазақ руларының дəстүрлі қалыптасқан көшіп-қону жолдарының бұзылуына əкелді, бұл дəстүрлі мал шаруашылы- 136 137 ғының дағдарысқа ұшырап, жайылымдық жерлердің құлдырап, шаруашылық құрылымының өзгеруіне себеп болды. Қарапайым қазақтар салық төлеуге міндеттелді. Егінді жерлерден «үшір» (жиналған өнімнің 10-нан бір бөлігі) салығын, «зекет» (жиналған малдың 40- бөлігі) ханға берілетін болған. ХІХ ғасырға дейін зекет жинау құқығы тек ханда ғана болса, ХІХ ғасырдың 20-жылдарында хандық билік жойылған соң сұлтандар мен билер жинайтын болды.
ХІХ ғасырдың І жартысында осы екі салық түрі жиі жиналып тұруы жəне олар міндетті болды. Оған кейін мал шаруашылығына міндеткерліктер «соғым» жəне «сыбаға» т.б. сипаттағы салықтар қосылды. ХІХ ғасырдың І жартысында бай туыстары мен казак-орыстардан, орыс шаруаларынан жұмыс іздеуге мəжбүр болған кедейленген қазақтар саны өсті. И.Завалишин: “жатақтар байларға малшы болып жалданды, батрақтар шеп бойындағы казак-орыстарға, шеп бойындағы қалаларда олар тіптен топтарымен бір жапырақ нан үшін жалданып жұмыс істеді”,— деп көрсетеді. Кедей қазақтар атқарған істеріне қарай егіншілер, жатақтар жəне бақташыларға бөлінді. Үстемдік етуші топқа мұсылмандықтың өкілдері қожалар мен молдалар да кірді, қожалар өздерін Мұхаммедтен тараған бірінші ұрпақтың тұқымдарымыз деп есептеді. Олар рухани лауазымның өкілдері ретінде салықтан босатылды жəне тек сұлтандар сотына тартылатын болды. Мұндай артықшылықтарды тархандар да иеленді.
Бұл атақты ХІХ ғасырда олардың мемлекет алдындағы ерекше қызметі үшін Ресей өкіметі мен Ішкі Ордада — хан беретін болды. Алғашқы «тархан» атағын билер Ж.Сегирбаев жəне Ж.Саламысовқа «Хиуаға жасаған жорықтарда көрсеткен ерекше миссиясы үшін» 1821 əскери губернатор граф Эссен берді. 1743 ж. императрица Елизаветаның жарлығымен «тархан» атағы Жəнібек батырға берілген болатын. «Тархан» атағы жеке жəне мұрагерлікке берілу мүмкіндігі болды. ХІХ ғасырда «тархандардың» ерекше артықшылықтары болмады, олар тек салықтан босатылды.
ХІХ ғасырдың 60-жылдарында тархандар саны 20-дан аспады, тархандар институты жойылу шегінде тұрды. Қазақ қоғамдық-саяси өмірінде ерекше орынға ие болған топтың бірі батырлар болды. Алғашқыда батырлар тайпалар мен рулардың əскер басшылары болса, кейін жоңғарлармен жəне Орта Азиялық жаулаушылармен болған күресте батырлардың əлеуметтік рөлі ерекше жоғарылап ру ақсақалдары деңгейіне көтерілді. Ш.Уəлиханов: “Батырлар — қазақтарда рубасы сұлтандардан кейін атақты əрі маңызды адам. Ол ел арасында ықпалды, берген кеңесі елде əрқашанда салмақты болды”,— деп көрсетеді.
ХІХ ғасырдың ортасында қазақ қоғамында тауар-ақша қатынасына байланысты жаңа əлеуметтік топ — байлар пайда болды. Қазақтардың арасында ірі сауда қатынастарын жүргізетін бірқатар байлар болды. Олар заттарды сатып қана қоймай, басқа адамдарға несиеге өсіммен ақша берді. Мысалға, Ахмет Жантөрин сауда жасап қана қоймай, белгілі бір табыс үшін қандай да бір шаруамен айналысамын деген қазақтарға несиеге ақша беріп отырған. Байлар сұлтандар мен рубасылар арасынан да, «қара сүйектер» ортасынан да шықты. Байлар белгілі келісім бойынша жұмысшыларды жалдап отырды. Байлар керуендік саудамен де айналысқан. Кейде байлардың өзі керуенбасы болып қызмет етіп, қазақ даласында сауда жасаған, бірақ көбінесе түйелерін қарапайым қазақтарға белгілі бір ақыға беріп, олардан ақыны ақшалай, кейде заттай алып отырған. ХІХ ғасырдың басында байлардың шығуы қазақ қоғамында жаңа экономикалық құбылыс болды. Егіншілер, жатақтар мен бақташылардың болуы ішкі қазақ қоғамында əлеуметтік теңсіздік патшалық Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатының белсенділігімен де күшейе түскен еді.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ қоғамында құл ретіндегі адамдар санаты да болды, бірақ олар маңызды рөл атқармады да, жойылып кету шағында тұрды. Құлдар негізінен соғыста қолға түскен жəне базарлардан сатып алынып отырған. Олар көбінесе үй шаруашылығына пайдаланылды. Кейіннен олар қоғамның толық мүшесі болды немесе төлеңгіттерге айналып отырды. ХVІІІ ғасырда төлеңгіттер хандар немесе сұлтандардың əскери қызметшісі болды. Олар кейде жауапты дипломатиялық жұмыстарды да орындады. Төлеңгіттердің əлеуметтік жағдайының өзгеруі ХІХ ғасырда қазақ мемлекеттігінің жойылуымен байланысты болды. Төлеңгіттер енді өз қожайындарының оққағары немесе жасақтары ретінде қызмет етті. Төлеңгіттер сұлтандарды жəне олардың мүлкін қорғауға, жол сапарда бірге жүруге, шабармандық сияқты т.б. қызметтерді де атқарды.
ХVІІІ ғасырда төлеңгіттерді тек қана «ақ сүйектердің» тұқымдары сұлтандар ғана иелене алса, ХІХ ғасырдың І жартысында сұлтандар бұл құқықтарынан айырылып, енді төлеңгіттерді билер мен старшындар да иелене алды. Осылайша, ХVІІІ ғ. соңы мен ХІХ ғ. басында қазақ қоғамы екі қарама-қарсы топ — сұлтан, би, бай, батыр бір жағында болса, екіншісі — қарапайым шаруа, оның ішінде кедейленген егіншілер, жатақтар мен бақташылар болды. 138 139 Егер бұрын жасы келген, алдына барып ақыл сұрайтын адам — ақсақал атанса, енді ХІХ ғ. І жартысында билікке ие болған басшы-сұлтандар мен аға сұлтандар да ақсақал атанды. Əйелдердің ер адамдармен қатар тең құқылары болмады.
ХVІІІ ғ. соңы мен ХІХ ғ. басында мемлекеттік маңызды мəселелерді шешуде қазақ қоғамында рулық-патриархалдық қатынастардың сақталып қалуы қоғамның одан əрі дамуына, бірігуіне, орталықтандырылған мемлекет құруына тежеу жасады. Қазақ хандығының ішкі жəне сыртқы саяси жағдайын жете білуге тырысқан патша өкіметі хандық билікті сақтай отырып, қазақтардың ішкі істеріне араласа бастайды.
1781 ж. Орта жүзге Уəли хан (1781—1819 жж.) болып бекітілді. Ресей əкімшілігі сұлтандар мен ру басшыларының өздерінің хандарына, оның ішінде Уəли ханға қатысты да өтініштері мен арыз-шағымдарын қарастыруға тырысты. Сондай-ақ қазақтардың саяси, сот жəне рухани өміріне байланысты шараларды даярлаумен де айналысты. Мысалы: ханның жанынан ақсақалдар Кеңесін құру; билер соты; қазақ балалары үшін мектеп ашу; шекара жанындағы қазақтарды тікелей басқаруды ұйымдастыру; қазақ жерлеріне əскери-ғылыми-барлау экспедицияларын жіберу т.б. Ал, 1819 ж. Уəли хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүзде жаңадан хан сайланбады. Ресей қазақ даласын отарлауды табанды түрде жүргізе отырып, саяси сахнадан Əбілқайыр ханның ұрпақтарын ығыстырып, Кіші жүздегі хандық билікті жоюға əрекет жасады. 1797 жылы Ресей үкіметінің қолдауымен хан сайланған Айшуақтың халық арасында беделі төмен болатын. Оның тұсында ел ішіндегі қарымқатынас шиеленісіп, саяси билік қатты дағдарысқа ұшырайды. Ресей үкіметінің сенімін ақтамаған Айшуақтың орнына оның баласы Жантөре хан (1805—1809 жж.) сайланады. Осы кезде Орынбор губернаторы Жантөреге қатысты екіұшты саясат ұстанады. Ол бір жағынан халық өкілдері сайлаған ханмен санасуына тура келсе, екінші жағынан оның ел арасындағы беделінен сескеніп, оған қарсы кейбір сұлтандарды жасырын айдап салып отырды. 1808 жылдың соңына қарай Жантөре ханның жағдайы қиындай түсті. Кіші жүздің хандығы бұрынғы біртұтастығынан айрыла бастады. Біртіндеп билігі əлсірей бастаған Жантөре хан Ресей үкіметінен қолдау табу мақсатында Жайық шебіне жақындап барып қоныстанады. 1809 жылдың күзінде қарсыластарының бірі Қаратай сұлтан 200 жігітпен оның ауылына шабуыл жасап, ханның өзін өлтіріп кетеді. Жантөре өлген соң Ресей үкіметі оның орнына Əбілқайырдың тұқымы дарынсыз Шерғазыны хан тағайындайды. Бірақ, оны халық жиналысы мойындамайды да, орнына ел арасында ықпалы күшті Арынғазы сұлтанды хан сайлайды. Арынғазы тез арада Кіші жүздегі билікті бір орталыққа бағындырады. Хандық билікті жоюға мүдделі патша үкіметі Арынғазының хандық билікті күшейту əрекетіне мүмкіндігінше кедергі жасауға тырысты. 1821 жылы Санк-Петербургке келген Арынғазы ханды патша үкіметі қамауға алады да, Сібірге жер аударып жібереді.
Бұдан кейін Кіші жүзде хан тағайындау ісі жүзеге асырылмады. “Игельстром реформасы” жүргізілуі барысында қазақтар Еділ мен Жайық өзендерінің арасындағы жерлерге көшіп-қонуға рұқсат алған соң, кейінірек, 1801 жылы қосөзен аралығында екінші хандық — Бөкей Ордасы (Ішкі Орда) құрылған еді. Бұл жағдайдың барлығы Кіші жүздегі түрлі əлеуметтік топтардың арасындағы қатынастардың шиеленісуіне əкелді. Осылайша, ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында Орта жəне Кіші жүздің аумағы Ресей империясының ықпалында, Ұлы жүздің аумағы Қоқан хандығының қол астында болды.
ХІХ ғ. 20—30 жылдары орыс-ағылшын бақталастығының шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан əрі нығайту басты міндеті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының жəне Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті.

Осы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет