7 Апта. Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау



бет12/15
Дата13.01.2022
өлшемі37,19 Kb.
#111623
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Апта 7. лек. Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау

дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді;

  • тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;

  • асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.

    Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың мінез-құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.

    4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б.

    5. Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы. Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:


    • балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;

    • оның жағымды қасиеттеріне сүйену;

    • оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;

    • оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;

    • салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;

    • девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;

    Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достықжолдастықтуыстықсүйіспеншілікмахаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.[3]

    Девиантты мінез-құлық

    Социологиялық зерттеулер барысында заңды тыңдайтын азаматтардың құқықтық мінез құлығының себептері мен мақсаттарын, сондай-ақ заңгерлер «құқық бұзушы» деп танитын тұлғалардың құқықтық сана сезімінің деңгейі зерттеледі, социологтар «құқық бұзушыны» девиантты(ауытқыған) не делинквентті(қылмыстық) мінез-құлығы бар тұлға деп таниды.
    Девиантты мінез құлықтың мәнің түсінудің басты шарты ретінде «норма» ұғымы енгізіледі. Әлеуметтік норма-нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке адамның, әлеуметтік топтың не ұйымдардың рұқсат етілен мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі құқықтық заңдарда, мораль мен этикетте жатыр.

    Көптеген жағдайларда ауытқыған мінез-құлық әлеуметттік санкцияға жатқызылады. Тәртіп бұзуға, адамдар арасынадағы қатынасқа(өтірік, дөрекілік) байланысты түзетулер девиацияның әлсіз және кездейсоқ формаларын қоғамдық пікір тіркейді және қатысушыларлың өз арасында жағдайға байланысты түзетулер енгізіледі. Девиацияның тұрақты формаларын жазалау әдістері мен құралдары ауытқулардың қауіптілік деңгейіне байланысты анықталады. Мұнда евиация дегеніміз кең мағынадағы әлеуметтік құбылыс екендігі ескеріледі(қоғамдық орын мен отбасындағы дөрекіліктен бастап, адам өлтіруге дейінгі) Сондықтан мінез құлықты кең және шағын мағынада алып қарастырады.


    Тар мағынада алғандағы девиантты мінез-құлық қылмыстық жазалауға жатпайтын, яғни құқық бұзушылық болып есептелмейтін ауытқулар ретінде түсініледі.
    Кең мағынада алғанда девиантты мінез-құлық құлыққа қарсы барлық формалар ретінде түсініледі. Осылайша, адамның өзін-өзі өлтіру-девиация, ал біреуді өлтіру қылмыс болып есептеледі. Құқыққа қарсы әрекеттердің жиынтығы немесе қылмыстар делинквентті мінез құлық деген атқа ие болады. Бұл екі мән де социологияда да, құқық социологиясында да қолданылады. Маңызды қылмыстардың барлығы саналы түрде жасалған-жасалмағанына қарамастан, құқыққа қарсы әрекет санатына жататын болса, делинквентті мінез-құлыққа жатады. Мұндай мінез құлыққа ұрлық, алаяқтық, тонау,пара, құжаттарды қолдан жасау, өндірістік шпионаж жатады.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет