7 Апта. Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау


Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық



бет11/15
Дата13.01.2022
өлшемі37,19 Kb.
#111623
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Апта 7. лек. Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау

Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.

  • Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.

  • Наша сату және тарату.

    • Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.

    Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизмтоксикоманиянашақорлықжезөкшеліксуицидзаң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.

    Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:



    • жанұяда берекенің болмауы;

    • ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;

    • тәрбие берудегі кемшіліктер;

    • өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;

    • өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;

    • сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;

    • психоактивті заттарды жиі пайдалануы;

    • агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;

    • мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;

    • балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары

    Үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады. Оларды жекеше қарастыратын болсақ:
    1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:

    • ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарапнашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.

    • психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;

    • физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.

    Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады.

    2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін. Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдікқанағатсыздықзорлаушылықдөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.

    3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:


    • оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;

    • мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;

    • әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;

    • криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.

    Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы - ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет