7 Апта. Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау


Заңды социологияда халықтың мінез-құлыққа жақын санатын, яғни қатерлі тобы бөліп көрсете алады. Оларға, мысалы қаңғыбастар, маргиналды топтасулар жатады



бет13/15
Дата13.01.2022
өлшемі37,19 Kb.
#111623
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Апта 7. лек. Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау

Заңды социологияда халықтың мінез-құлыққа жақын санатын, яғни қатерлі тобы бөліп көрсете алады. Оларға, мысалы қаңғыбастар, маргиналды топтасулар жатады.
Потология-әлеуметтік ауытқулардың келеңсіз формалары болып саналады, оған: қылмыс, маскүнемдік,нашақорлық, жезөкшелік жатады. Бұл формалар дисфункционалды, оларға қоғамға бүтіндей және нақты жеке тұлғаға зиян әкеледі.
Құқық бұзу мен оның неғұрлым ауыр формасы-қылмыс өзінің әркелкілігімен, сондай-ақ қоғамдағы келеңсіз көрінісімен тіпті қауіптілімен ерекшеленеді. Бұл құбылыстарға социологиялық тұрғыда қарау дегеніміз олардың табиғатын,себебің және қайта өндіру мен қызмет ету механизмін, тарихи шарттасқан қоғамдық құбылыстармен байланысын, сондай-ақ оларды жеңу жодарын айқындау
Девиантты мінез-құлықтың себебі, негізгі көзі неде? Бұл сұраққа әр қаладағы ғалымдар, соның ішінде социологтар мен заңгерлер басын қатырды.
Кеңестік тұжырымдамада таптық тамырдың мәнін ашуға басты назар аударылды: таптық қоғамда қылмыс қоғамдық қатынастардың өз құрылысынан туындап жатты. Таптық себептерге ерекше мән беру социализмде қылмыс жасауға арнайы себептер жоқ деген тұжырым жасауға итермеледі.
Идеологияның жалаң қағидаларын жеңе отырып, біздің ғалымдар аймақтық, жастық, кәсіптік, әлеуметтік-таптық т.б сияқты әр түрлі заңдылықтарды ашып берді. Бүгінде мәселені зерттеушілердің көпшілігі әлеуметтік бастама кез-келген саналы мінез-құлыққа басым болатынына,оның жеке тұлға құрылымындағы биологиялық элементтермен терең өріліп жатқанына келіседі.
Әлеуметтік терең қайшылықтар қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік сияқты келеңсіз құбылыстарға әкелмеуі мүмкін емес. Мысалы, қылмыстың сондай әлеуметтік факторына кедейшілік жатады. БҰҰ-ың эксперттерінің 1998 жылғы есебіне қарағанда, планетада
миллиардтан астам өте кедейшілікте,1,3 миллиард адам суға жарымай, 1 миллиард адам тұрғын үйсіз,880 миллион адам тиісті медициналық көмек ала алмай, сонша адам сауатсыз өмір сүріп жатыр.

Африка мен Оңтүстік Азияның көптеген елдері кедейшіліктен шыға алмай отыр. Тұтынудағы


айырмашылық та өсіп келеді:ең бай деген елдерде тұратын халықтың 20 проценті ең кедей деген елдегі 20 процент халықпен салыстырғанда 16 есе көп. Мысалы, Индияда халықтың 19 проценті жұмыссыз.
ТМД елдерінде қылмысқа нарықтық қатынастарға өтуі және бәсекелестік, инфляция, жұмыссыздық сияқты феномендердің көрінісі әсер етеді. Статистика 1996 жылдың аяғына қарай Қазақстандағы ресми тіркелген еңбекте жарамды халықтың деңгейін-4,2 процент деп белгілейді, бірақ ресми емес мәліметтер еңбекке жарамды халықтың 10 процентін құрады.
Қылмыс жасаған он адамның жетеуі-жұмыссыздар.
Қазақстан нашамен жабдықтанушы елге айналды. Сондықтан Интерполдың мүшесі ретінде ерекше айып төлейді. ҚР мүшелік жарнаға үш бірлік төлейді. Әр бірлік 17 мың 100 швейцар франкі мен нашамен жабдықтаушы ел ретінде «қара» базарға тағы соманың 20 процентін төлейді.
Қазақстанның басқа мұндай айыпты Ауғанстан, Пәкістан, Колумбия, Венесуэла төлейді.
Ұзақ жылдар бойы нашақорлық біздің елемізде тек батыстық өмірге жататын құбылыс ретінде есептелді. Қазір нашақорлық құбылыс ретінде қалыптасқанын ешкім жоққа шығара алмайды және оның жеке адамдар мен бүтіндей қоғамға қаншалықты зардап әкелетінін түсінеді.

Әлеуметтік зерттеулер нәтижелері нашақорлардың көп бөлігі белгілі бір дәрежеде өздеріне төнген қауіпті сезініп, өз құмарлығына сындарлы көзбен қарайтындығын көрсетті: сұралғандардың 12 проценті оның өлтіретін күшін сезінсе, 66,5 проценті оған қарсы қарайды. Наша қолданғаннан ешқандай жамандық көрмеймін деп есептейтіндер, негізінен, гашишті жаңадан бастаушылар. Наша қабылдағаннан кейін болатын қозуды, көніл-күйдің көтерілуін тәжірибесіздіктен және надандықтан бұл зат өз денсаулығына игілікті әсер етті деп қабыдайды.Бірақ белгілі бір кезеңде денсаулығы мен психикасы бұзыла бастағанда, көптеген нашақорлар оны алда не күтіп тұрғанын саналы түрде сезіне бастағанымен, бұл әдеттен бас тартуға күші жетпейді.


Нашақорлықпен күреске әлеуметтік, экономикалық, мәдени сипаттағы шаралар, соның ішінде маскүнемдікке қарсы шаралар қолданылады. Бірақ нашақорлықтың даму ерекшелігін ескере отырып, бұл мінез-құлықтың ауытқуына байланысты әр түрлі шаралар қолданылады: медициналық, құқықтық,т.б ҚР-да нашақорлықпен күресуге байланысты 2000 жылдың 17 ақпанында Президент жарлығымен «Нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес агенттігі» құрылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет