7-Дәріс. Байыту фабрикаларындағы жүк тасымалдау



бет4/9
Дата20.09.2022
өлшемі40,27 Kb.
#150067
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекция 7

Гидротасымалдағыштар.
Гидравликалық тасымалдағыштар. Гидравликалық тасымалдағыш қонды-
рғылары ҥйілмелі материалдардың сумен қоспасын (пульпа) қҧбыржол-мен
немесе науашамен тасымалдауға арналған. Гидравликалық тасымалдағыш
қондырғысының жҧмыс принципі қозға-лыстағы су энергиясының ҥйілмелі
материалға берілуіне және оны жоғары жылдамдықпен қозғалысқа келтіруге
негізделген. Гидротасымалдағыш қондырғылар арынды және арынсыз болып
бӛлінеді. Арынды қондырғыларда пульпа сорғы тудыратын арын әсерімен, ал
арынсыз (ӛздігінен ағымдалатын) қондырғыларды ӛзінің ауырлық кҥшінің
әсерімен қозғалады. Қондырғы сұлбалары мен жабдықтары. Арынды
гидротасымалдағыш қондырғыларда ҥйілмелі материалдар пульпасорғылар
кӛмегімен тасымалдағыш қҧбыржолына беріледі. Гидротасымалдағыш
қондырғы пульпасорғысымен 7-суретте кӛрсетілген. Тасымалданатын
материал таспалы конвейермен 2 пульпасы бар резервуарға 1 беріледі, одан
ары пульпасорғымен 4 сорылып, пульпақҧбырмен 5 жіктегішке 8 беріледі.
Онда материал судан бӛлініп, еңкіш орналасқан тордың бойымен қабылдағыш
шанаққа 9 тҥсіріледі. Материал тҥйіршіктерінен бӛлінген су қҧйғы 7 арқылы
резервуарға 10 қҧйылады да ол жерден сорғымен 6 басқа резервуарға 1
қҧйылып, қайтадан материалдармен араласып пульпа қҧрайды. Бҧл жҥйенің
артықшылығы қҧрылғының қарапайымдылығында, ал кемшілігі материалдың
абразивтілігі әсерімен пульпасорғы бӛлшектерінің жылдам тозуға шалдығуы.
Мҧндай кемшілік материалды шанақтан тікелей беретін жҥйеде жоқ.
Материалды шанақтан беретін гидротасымалдағыш қондырғыда (сур.7, б)
сорғы 12 резервуардан 11 таза суды қҧбыржолға 14 береді. Ҥйілмелі материал
осы қҧбыржолына қоректендіргішпен жабдықталған шанақтан 13 тҥсіріледі.
Материал тҥйіршіктері жоғары жылдамдықпен ағымдалаған сумен ілесіп,
тасымалдау бағытымен қозғалысқа тҥседі.
31
7- сурет. Гидротасымалдағыш қондырғыларының материал беру сҧлбасы
а - пульпасорғымен беру; б- шанақтан беру; в- өздігінен ағымдалу
Арынсыз қондырғы сҧлбасы 14, в суретте келтірілген. Ҥйілмелі материал
қоректендіргіш кӛмегімен шанақтан 16 науашаға 18 тҥсіріліп, онда
қҧбыржолымен 15 берілетін сумен араласып пульпа қалыптастырады. Пульпа
еңкіш орналасқан науаша арқылы ағады. Науа жолындағы бҧрылыстарда
қайырланып қалуды болдырмау ҥшін қҧбыржолға 15 су айдайтын соплолар
орнатылған, олар материал тҥйіршіктеріне қосымша кинетикалық энергия
береді. Жолдың тарамдалған тҧстарында қабылдағыштарға материалдың
берілуін реттеуге арналған шиберлер 19 орналасқан. Гидротасымалдағыш
қондырғылар тау-кен және химия ӛнеркәсіптерінде, кендерді байыту
фабрикаларында қолданады. Бҧл жҥйенің артықшылығына қҧбыржолдарының
ықшамдылығын, ӛндірістік жағдайға жақсы икемделгіштігін, кеңістіктегі
қҧбыржол трассаларының кез-келген тҥрін жасауға мҥмкіншілігін, кез-келген
жерде материалды тиеуге және тҥсіруге болатындығын, қҧбыржол трассасын
тармақтауға ыңғайлылығын жатқызуға болады. Кемшілігіне тасымалданатын
жҥкке қойылатын талаптардың жоғарылығын (ылғалданушылық мҥмкіншілігі,
гранулометрия-лық қҧрамы бойынша шектеулер), абразивті материал әсерінен
қҧбыр-жолдарының және басқа жабдықтардың тозғыштығын, энергия
шығынының кӛптігін, қысқы мезгілде пульпаның тоңазып қалушылығын
жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет